Пәні: БӘД | Пән мұғалімі: Мукашов М.С «Пенжім орта мектебі» КММ |
Күні: | 15.01.2018 |
Сынып: 10 «А» | Қатысқаны: | Қатыспағаны: |
Сабақтың тақырыбы: | Калашников автоматының (қол пулеметын) толық емес бөлшектеу және жинау |
Сабақтың негізделген оқу мақсаты | Оқушыларға автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау жүргізуге үйрету. Есте сақтау қабілетін арттыру |
Оқу нәтижелері | Барлық оқушылар: Калашников автоматын бөлшектеп жинауды біледі. Көпшілік оқушылар: Бөлшектерінің орнымен атқаратын қызметін біледі Кейбір оқушылар: Калашников автоматының механизмдерінің атауларын біледі |
Алдыңғы оқу | Калашников автоматы және қол пулеметінің атқаратын қызметі. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар |
Басталуы 3 минут | а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут. Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. | |
Ортасы 32 минут | ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут. - Калашников автоматы мен пулеметі неге арналған? - Автомат пен пулеметтің механизмдері мен негізгі бөліктерін атаңдар. - Автоматтың (пулеметтің) автоматтық әрекеті неге негізделгенін айтыңдар б) Негізгі бөлім – 25 минут. Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау. | Калашников автоматы, суреттер, плакаттар |
Аяқталуы 10 минут | в) Қорытынды бөлім – 10 минут. Сұрақтар мен тапсырмалар: - Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу не үшін жүргізіледі? - Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуді ретімен айтып беріңдер. - Автоматты толық емес бөлшектеудің пулеметті толық емес бөлшектеуге қарағанда қандай ерекшелігі бар? | |
| Саралау Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы түрлендіруді қалай жоспарлайсыз | |
| Рефлексия Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім ба? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | |
| Қорытынды бағамдау қандай екі нәрсе табысты болды(оқытуды да, оқуды да ескеіңіз) 1: 2: | |
Алғашқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________
Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау.
Автоматты (пулеметті) бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу- автоматты (пулеметті) тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлшектеу-жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты (пулеметті) қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады.
Автоматты (пулеметті) жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегі нөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың (пулеметтің) ұңғы қорабындағы нөмір газ құбырындағы, бекітпе ергенегіндегі, бекітпедегі, ұңғы қорабы қақпағындағы және басқа бөліктердегі нөмірге сәйкес келуі керек.
Автоматты (пулеметті) бөлектеу мен жинақтау аса сақтықпен ғана жүргізіледі.
Пулеметті бөлектеу алдында оның ұңғы бөлігін солға қарата сирағымен қою керек.
Пулеметті жинақтау соңында оны сол қолмен тік ұстап, оң қолмен оның сирақтарын аздап ажырата, ұңғыға тақап және серіппелі ілмекпен бекіту арқылы оның сирақтарын жинайды.
Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу тәртібі:
1). Оқжатарды бөлектеу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен дүмінің маңдайшасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады. Содан кейін оқтықта оқтың бар жоғын тексереді, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны «АВ» ( автоматты ату) немесе «ОД» (жекелей ату) жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппені ұрыстық қайырудан (взводтан) босатады.
2) Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу. Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты шығару қажет.
3) Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады.
4) Автоматтан – ұңғылық тежеуіш-компенсаторын, пулеметтен – жалын сөндіргішін бөліп алу. Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш компенсатордың орнықтырғышы батырылады.Ұңғылық тежеуіш компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш компенсатор (жалын сөндіргіш) тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің көмегімен бұрап алуға болады.
5) Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп қақпақшаны алады.
6) Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты (пулеметті) дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп, қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.
7) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып, ұңғы қорабынан бөлектеп алады.
8) Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады; оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.
9) Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік бұрышты саңылаумен кіргізеді, жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрып, газ түтігін газ камерасының келте түтігінен шығарып алады.