Просмотр содержимого документа
««Қар жамылған ағаш»»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні, айы, жылы: 31.12.2018 жыл.
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сойлемді дамыту
Тақырыбы: «Қар жамылған ағаш»
Міндеттері:
Білімділік: Табиғат аясында көрген жалпы қыс мезгілінің ерекшеліктерін еске түсіріп, айналада болып жатқан құбылыстар жайлы білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Ағаштардың бейнесін дұрыс бейнелеу, дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы, суретке қарап әртүрлі түстерді байқауға, олардың түсін ажырата білуін, алған әсерлерін сөзбен жеткізе білуге, ойлау қабілеттерін дамыту. ;
Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншілікке, достыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Жылулық шеңбері, әңгіме, түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,жұмбақтар
Жабдықтар: Қыс бейнесі суреттері, орман бейнесі бейнеленген алаң,
Қостілділік компонент: қыс-зима.қар-снег
Сөздік жұмыс: қар, қыс, ағаш
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері: Салем аспан Салем жер Салем балабақшам Салем жер | Шеңберге тұрып,өлең жолдарын айта отырып көңіл- күйлерін көтереді.Бір-бірімен амандасады. |
Ұйымдастыру – іздестіру | Сұрақ – жауап: Жылдың қай мезгілі? Дұрыс айтасындар! Қыс мезгілінің қандай өзгерістері бар? Қыста күн қандай болады? - Енді айналаға, далаға қараңдаршы қандай болып жатыр? - Дала аппақ қар, ақ мақта сияқты Суретпен жұмыс: сендер мына суреттен не көріп тұрсыңдар? - Осы суретке қарап әңгіме құраңдар. - Ағаш бұтақтарын қырау басқан. Ағаштардың бәрі ақ тон, ақ қалпақ киіп алғандай. - Ағаштар, қыста да тіршілік етуін тоқтатпайды. - Қыста серуен кезінде ағаштың бұталарын сындырмау керек. Ағаштың түбіне қар үйінділерін үю керек. Сергіту сәті Тоңса біздің қолымыз, Қолғап кйіп аламыз. Сарт-сарт-сарт Шапалақты соғамыз. Етік киіп аламыз Топ-топ-топ Топылдатып билейміз Тоңса біздің денеміз Тонды киіп аламыз Зу -зу -зу Шанамен зулаймыз, | Қыс Қар жауады, - Суық, аяз, боран. - Ағаштар, орман іші, айнала аппақ қар. Тәрбиешінің көмегімен құрайды. Өлең жолдарын бірге қосылып айтып, қимыл-қозғалыстар жасайды. |
Рефлексивті – түзетушілік | - Балалар, сабағымызды қортындылау мақсатында бүгінгі сабақта өткен тақырып бойынша сурет салайық. Балаларды мадақтау. | |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қыс мезгілінде ағаштар қар жамылатынын, оның ерекшеліктерін бейнелеуді
Қандай түсініктерді игерді: Қардың әртүрлі қасиеті бар екенін, жылдың суық мезгілін
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:. Ақ түсті бояуды пайдалану арқылы қар жамылған ағаштарды бейнелей білуге және сурет бойынша әңгіме құрастыра білуді біледі