Тәрбиенің басым бағыты бойынша сабақ мазмұны Ортасы 20 мин | Қарттарым аман жүрсінші Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты. Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады. ә/ Ауыл қариялары туралы мәлімет беру. Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі.өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді. Сондықтан ата-әжелеріміз аман болсын.Арамызда бас ие,басшы,ақылшы болып жүре берсін. |