| Пәні: Қарапайым математика |
| ТАҚЫРЫБЫ: Қатарға тұрамыз. Алдыңғы.Кейінгі | Мұғалімнің аты-жөні: Күні: |
| СЫНЫП: МАД | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: |
| Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 0.2.1.4. Кез келген санды бір санға арттырса, одан кейінгі сан шығатынын түсіну. |
| Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады : -кез келген санды бір санға арттырса, одан кейінгі сан шығатынын, кез келген саннан бір санды кемітсе, одан бұрынғы (алдыңғы) сан шығатынын түсінеді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: -кез келген сан үшін алдыңғы жəне кейінгі санды атайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: -оның алдындағы жəне одан кейінгі санды біле отырып, санды анық-тайды. |
| Тілдік мақсат | Тəрбиеленушілер: Дағдыларын дамыту: -өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагог пен тəрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берген кезде сөйлемде лексика мен терминологияны пайдалана алады. Пəндік лексика жəне терминология: -кейінгі, алдыңғы. Пікір алмасуға арналған сұрақтар: – Осы санға қатысты кейінгі сан қалай туындайтынын жəне осыған қатысты алдыңғы сан қалай туындайтынын түсіндір. – Қалай ойлайсың, алдыңғы жəне келесі сандар орындарын ауыстыра ала ма? – Санаудың қандай түрлерін білесің? Жазу: -түрлі түсті қарындаштармен бояу, біріктіру сызықтарын жүргізу. |
| Алдыңғы оқу | Заттардың сандық ұғымы туралы тұрмыстық білім, геометриялық фигуралар мен денелердің атауы. |
| Сабақтың жоспары |
| Жоспарланған уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Ресурстар |
| І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. 0–2мин. | Ынталандыру. Педагог тəрбиеленушілерді бойларына қарай қатарға тұрғызып, мұның не үшін керек екенін түсіндіреді. Өзектендіру. Педагог балалардан сұрайды: - Қандай қағида бойынша қатарға тұруға болады? (Бойына қарай немесе футболка-сындағы нөмірлерінің реті бойынша). - Бұл не үшін қажет? (Жаттығуларды орындаудың қолайлылығы жəне адамдардың қатарда ретімен тұру тəртібінің дұрыстығын бақылау үшін). - Қатардағы келесі жəне алдыңғы элементтерді қалай анықтау керек? - Олардың кезектілігі неге байланысты? (Санаудың басына жəне бағытына қарай.) | |
| Ортасы 6-15 мин | Мақсат қою (проблемалық жағдай). (Ұ) Əртүрлі заттардың кезектілігін көрсету үшін педагог немесе үлестірмелі материалды қолдана алады.Ол балаларға бірінші не, екін-ші не бейнеленгенін айтуларын сұрайды. Реттік санауды дұрыс айтқан балаларды мадақтайды. Бүгінгі сабақта реті бойынша тұрған заттарды дұрыс атауды үйрене-тіндерін айтады. Жаңаны ашу. (Ұ) Педагог балаларға əліппе-дəптердегі № 1 тапсырманың суретін қарап, балалардың футболкаларындағы нөмірлері бойынша алдыңғы жəне кейінгі баланы атауды сұрайды.Одан кейін балалар педагогпен бірге 20-ға дейін санамақ-əнді орындайды. Сергіту сəті. Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың соңына қараңыз. | Әліппе-дәптер №6-8 электрондық жиынтық полотноны |
| 16-25 мин | Жаңаны қолдану. (Ж) Келесі тапсырмада балаларға 11-ден 20-ға дейінгі сандардың реттік қатарында қалып қойған цифрлары бар жапсырмаларды жапсыру ұсынылады. Əліппе-дəптердегі 2-тапсырмада балаларға шырғалаң суретте цифрларды тауып, оларды қоршау жəне бояу ұсынылады. (Ө) Əліппе-дəптердегі 3-тапсырмада балалар реттік тəртіппен цифрларды сызып бірік-тіреді. | Əліппе-дəптер |
| IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия. 28-30 мин. | Рефлексия. Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды.Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады. Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала бар-лығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады. | Əліппе-дəптер |