СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қауіпсіздік бекетіндегі күзетші

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Қауіпсіздік бекетіндегі күзетші»

МКҚК «ЖОҒАРЫ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

Оқу сабағының жоспары (теориялық)

Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік бекетіндегі күзетші

Модуль /пән атауы КМ8. Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің тыныс алуға жарамсыз ортада ТОЖҚҚ-да жаттығуын ұйымдастыру

Педагог Хайрова Назгул Бауыржановна

  1. жылғы « »

1.Жалпы мәліметтер

Курс, топ ІІ, ТЖ-111.2, Сабақтың түрі: Аралас

2.Мақсаты, міндеттері

Оқыту мақсаттары: Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің тыныс алуға жарамсыз ортада ТОЖҚҚ-да жаттығуын ұйымдастыруды үйренеді

Сабақ мақсаты: Қауіпсіздік бекеті мен бақылау-өткізу бекетін ұйымдастыруды меңгереді

3.Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі

Бағалау өлшемдері. Қол өрт сатыларымен жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы жөнінде түсініг бар

Қажетті ресурстар Мултимедиялық кабинет, тақырып бойынша слайдтар, тақырып бойынша бейнероликтер.

  1. Сабақтың барысы

І. Сабақтың басы(5-7 минут)

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезең. Сәлемдесу. Психологиялық көзқарас.

Қайырлы күн құрметті студенттер.

Осындай көңіл-күймен біз сабағымызды бастаймыз.

Барлығына сәттілік тілейміз

Өткен тақырып бойынша бақылау сұрақтары

  1. ГТҚҚ базаларының үй-жайларындағы салыстырмалы ылғалдық

  2. Орташа ауа температурасы

  3. Аппараттық үй-жайларда базамен қызмет көрсететін газдардың (тыныс алу аппараттарының) жалпы санынан оттегі (ауа) баллондары мен регенеративті патрондардың кем дегенде қанша пайызы сақталуы тиіс

  4. Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарын бақылаулық тексеру

ІІ. Сабақтың ортасы(20-30 минут)

Студенттер берілген тақырыпқа байланысты бейнежазбаны қарап, талқылау жасау арқылы, сабақ тақырыбына байланысты дәріс жазады.

Бақылау-өткізу пункті өрт орнында тыныс алуға жарамсыз ортада ГТҚҚ звеноларын басқару, қауіпті аймақта болу уақытын бақылауды ұйымдастыру және олардың тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

Тыныс алуға жарамсыз ортаға өту режимі өрт орнында газ-түтіннен қорғаушылар қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру басты кезеңдерінің бірі болып табылады. Осы тұрғыдан өткізу режимі өртте жедел штабтың лауазымды тұлғаларының әрекеттері мен ұйымдастыру іс-шараларының кешені болып табылады.

БӨП құру, оның орналасу орны мен қызмет ету аясына жайлы шешімді ұйымның нақты орналасуына, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуіне, объектінің жедел-тактикалық сипаттамаларына сәйкес өрт сөндіру басшысы қабылдайды.

Тыныс алуға жарамсыз ортада ГТҚҚ звеноларын өткізу тәртібін белгілейтін шектеулер мен ережелерді реттеу үшін БӨП құрылғанға дейін де және ол жұмыс істеп тұрған кездегі де барлық қауіпсіздік бекеттері БӨП бастығының қарамағына беріледі.

Қауіпсіздік бекеттері барлық жағдайларда, ӨСЖ өрт орнында ГТҚҚ звеноларын құру туралы шешім қабылдағанда қойылады. ГТҚҚ әрбір құрылған және тыныс алуға жарамсыз аймаққа жіберілген звеносына қауіпсіздік бекеті қойылады. Ерекше жағдайларда егер тыныс алуға жарамсыз ортаға кіру жолы екі звеноға біреу болатын болса, бір мезгілде жұмыс істейтін ГТҚҚ екі звеносына бір қауіпсіздік бекетін қоюға болады.

Қауіпсіздік бекетінің таза ауада тыныс алуға тыныс алуға жарамсыз ортаға барынша қауіпсіз жақындау мүмкіндігі оның орналасу орнын таңдау үшін негізгі жағдай болып табылады.

Өрт немесе АҚЖ жүргізу орнында БӨП қызмет көрсету аймағын қауіпсіздік бекеттерінің орналасу кестесін ескере отырып, өрт сөндіру жетекшісімен келісілген жағдайда БӨП бастығы белгілейді.

Газдануы жоғары болған жағдайда тұтас өрт сөндіру және АҚЖ жүргізу мерзімінде қауіпсіздік бекеттері мен бақылау-өткізу пункттері құрылады. Мұндай жағдайларда оларға өрттің (аварияның) өршу сипаты мен шешілетін міндеттерді ескере отырып, тыныс алуға жарамсыз орталы аймаққа жіберілетін тұлғаларға нұсқаулық өткізу жүктеледі.

3 және одан астам ГТҚҚ звеносын құру кезінде, әдетте, БӨП ұйымдастырылады. Тыныс алуға жарамсыз ортаға жіберілетін ГТҚҚ звеноларының санын ӨСЖ анықтайды.

Өрт сөндіруді ұйымдастыру және АҚЖ жүргізу кезінде бақылау-өткізу пункті мен қауіпсіздік бекеті мынадай негізгі мәселелерді шешеді:

ГТҚҚ звеносының құрамына кірмейтін кез келген тұлғаны түтін аймағына кіргізбеу;

ГТҚҚ звеноларын басқаруды және тыныс алуға жарамсыз аймаққа жіберуге рұқсат алуды жүзеге асыру;

ГТҚҚ звеноларының тыныс алуға жарамсыз аймақта болу уақытын бақылауды ұйымдастыру;

қолда бар құралдарды қолдана отырып, ГТҚҚ звеноларымен байланыс жасау;

қауіпсіздік деңгейін төмендететін қатерлер мен әлеуетті қауіпті жайларды дер кезінде анықтап, ГТҚҚ звеноларын жедел хабардар ету;

ГТҚҚ резервті звеноларының орналасу орнын анықтау және ӨСЖ бұйрығы бойынша шұғыл әрекеттерге дайындығын қолдау.

Ережелермен танысып болғаннан кейін студенттер осы бөлімге яғни қауіпсіздік ережесіне тағыда қосуға болатын ережелерді талқылайды

ІІІ. Сабақтың соңы (10-15 минут)

Тақырыпты бекіту: Өткен тақырыпқа байланысты берілген сұрақтарға жауап береді.

Үй тапсырмасы: Студенттер өткен тақырып бойынша презентация дайындап келеді

Рефлексия: Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдерісақталдыма?