СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Қауіпсіздік ережесін біліп жүрейік» әңгіме сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Қауіпсіздік ережесін біліп жүрейік» әңгіме сағаты

Просмотр содержимого документа
««Қауіпсіздік ережесін біліп жүрейік» әңгіме сағаты»

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК
















ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ТОП САҒАТЫ


Тақырыбы: «Қауіпсіздік ережесін біліп жүрейік»










Дайындаған: 16 IS-IX

тобының топ жетекшісі

А.С.Ихсанова












2018-2019 оқу жылы

«Қауіпсіздік ережесін біліп жүрейік» әңгіме сағаты


Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек. Күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Жол көлік оқиғалары жөніндегі деректерге зер салсақ, қалалық жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Оның ішіндегі жас балалардың апатқа жиі ұшырайтыны: жастай өмірмен қоштасып, орны толмас өкінішке әкелетіні немесе ауыр жарақат алып, кейбірі өмірлік мүгедек болып қалуы мүмкін. Оның себептері: көптеген оқушылар жолда жүру ережесін сақтай білмеуінде. Олар көбіне ереже талабын бұзып, асығыстық жасап, жүгіріп өтуге ұмтылады. Асыға жолға жүгіріп шыққан баланың қауіпке ұшырайтыны, өзіне ғана емес, өзгенің де өміріне қатер төндіретіні баршаңызға мәлім. Осындай оқиғаларды болдырмас үшін мұғалім, үйде ата-ана балаға үнемі жолда жүру ережесін ескертіп отыруы міндетті. Әдетте кез келген ата-ана балаларды шығарып саларда «жолдан жүгіріп өтуші болма, машина қағып кетеді» деген ескертуден аса алмайды. Бұл - әрине, жеткіліксіз.

Ата-ана баласына көшеге, дүкенге барада үнемі мынаны ескеріп отыруы керек:

- Таныс емес, бөтен адаммен сөйлеспе;

- Мас және қауіпті адамнан алыс жүр;

- Бөтен адаммен подъезге, подвалға, лифтіге кірме;

- Сені артыңнан қуса, көп адамдар арасына жүгір.

Жалпы ата-ана баласының қайда және кіммен ойнап жүргенін білуі керек. Сабаққа кешікпей баруын, үйге уақытысында келуін қадағалағаны абзал. Көбінесе ата-ана жұмыста болып, бала үйде жалғыз қалатын кездер болады. Балаға техника қауіпсіздік ережелерін және мынаны ескертіп отыруы керек: үйде жалғыз қалғанда электр жүйесіне жақындамау, газ плитасына тиіспеу, терезені ашпау, бөтен кісіге есік ашпау, т.с.с.

Ата-анасының әрбір ескертуін ұмытпай, ереже талабын бұлжытпай орындаған балалардың әр түрлі сәтсіздіктен аулақ болатыны шындық. Егеменді еліміздің болашағы – балалар. Сондықтан бала өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық.

Қауіпсіздік ережелерін есімізге сақтайық (слайд арқылы көрсету)

1. Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт

2. Жолдан өтерде алдымен солға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара

3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт

4. Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жол болмаса жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті.

5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.

6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме.

7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.



Топ жетекшісі: А.С.Ихсанова




ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ



Начало формы

1. Күрт бұрылыста көлікті жолдан лақтырып тастамау үшін жүргізуші не істеуі керек?

1. Бұрылмастан бұрын жылдамдықты баяулату, ал бұрылыс кезінде жылдамдықты күрт арттырмай, тежегішті баспау.
2. Бұрылмастан бұрын жылдамдықты баяулату, көлік кобатаждық жүріспен бұрылыста жүруі үшін ілінісу педалін басу.
3. Айтылғандардың барлығын қолдануға болады.



2. Мына белгілердің қайсысы жаяу жүргіншінің жолды кесіп өтетін жолын көрсетеді?

1. Тек қана Б.
2. Б мен В.
3. Барлығы



3. Қандай жағдайда қатарды бөліп тұратын үзік таңбалау сызықтарынан басып өтуге болады?

1. Тек қана қараңғы кезде
2. Басқа жолаққа көшу кезінде

3. Басқа көліктер болмаған жағдайда
4. Барлық жағдайда



4. Сіз (көк көлікте) жолдың сол жағына бұрылғалы отырсыз. Кімге жол беруге тиіссіз?

1. Тек жеңіл көлік пен автобусқа
2. Тек автобус пен мотоцикға

3. Барлығына



5. Аталған талаптардың қайсысы көлікпен жүруге үйрету барысында жоға шығуға рұқсат етіледі?

1. Бастапқы жүргізу дағдылары болған дағдайда
2. Жол қозғалысы ережелерін біоген жағдайда
3. Жасы16-дан кем емес болған ағдайда
Барлық талаптарда



6. Тұрақ ережесін бұзған жүргізушіні көрсет.

1. А.
2. Б.
3. Екеуі
4. Ережені ешкім бұзған жоқ



7. Ережеге сәйкес көлік құралдарын бағыттау бойынша жатады:

1. Барлық автобустар
2. Адамдарды тасымалдауға арналған және тағайындалған тоқтату орындық тұрақты бағыты бойынша қозғалатын автобустар, троллейбустар мен трамваийлар
3. Адамдарды тасымалдауға арналған барлық көлік түрлері




8. Жол қиылысының маңында келе жатқан көлікке қандай бағытта жүруге рұқсат етілген?


1. Тек қана Б.
2. Б немесе В.
3. А немесе Б.








9. Автокөліктің оң дөңгелегі байытылмаған дымқыл жолдың шетіне шығып кеткен жағдайда ұсынылады:

1. Тежегішті баспай автокөлікті байыптап жолға қайта оралту
2. Тежегіншті басып көлікті толықтай тоқтату
3. Тежегішті басып автокөлікті байыптап солға қарай бағыттау



10. Жүректі – өкпелі реаницамияны жасауға болады егер:

1. Адам сана-сезімін жоғалтып, ұйқы артериясында импульс болмаған жағдайда.
2. Импульстың болғандығына қарамастан адам сана-сезімін жоғалтса