СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ тілі пәні сабақтың тақырыбы "Тұмар патшайым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі пәні сабақтың тақырыбы "Тұмар патшайым"»


Мұғалімнің аты-жөні:

Тілеухан Арманбек

СЫНЫП: 5

Сабақ 48

Қатысқан оқушылар саны: 10


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Аңыз патшайым

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

5.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.

5.А1. Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу.

5.А3. Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту.

5.О2.А1. Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу.

5.Ж1. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу.


Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Тақырыпқа қатысты нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы Тұмар ханшайым жайлы түсінік алады
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Жетістік критерийлері

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ) тақырыпқа қатысты ақпараттар береді, ауызша сұрақтарға жауап береді. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында сыныптастарымен тілдеседі, өз ойын айтады. Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырыпқа қатысты сыныптастымен пікір алмасады, мәтін құрайды.


Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзыреттілік

Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпін


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, интерактивті тақта

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, тарих.

Алдыңғы оқу

Көпір, жаушы, шегіну, тұтқындау, шайқас

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері


Сәлемдесу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Оқушылардың назарына Тұмар патшайым туралы және тарихи сәттерден фильм ұсынылады:

-Балалар, бұл фильм кім туралы деп ойлайсыңдар? Тұмар патшайым туралы не білесіңдер?

Әңгіме-дүкен құрамыз

- Ендеше, балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Аңыз патшайым

- Балалар, бүгінгі сабаққа қандай мақсат қояр едіңдер? Оқушылар сабақтың мақсатын айтып, анықтайды.

Жаңа сөздермен жұмыс:

Ел басқарған- руководил (а) страной

атақты патшайымы-известная царица

жаулап алу-завоевать

шайқас-битва

әлсірей бастады-начали ослаблять

қаза табады- погибает

тұтқынға-в плен

ешкім жеңе алмайтын-непобедимый

Жаңа сөздермен оқушылар сөз тіркесін, сөйлем құрастырады.

Томирис туралы мультфильм көрсету. Мәтінмен танысады

Мәтінмен жұмыс

Тұмар патшайым жайлы мәтінді оқып, талдаймыз












Аңыз

Тұмар патшайым – сақ елінің бұрынғы заманда ел басқарған атақты ханшайымы.

Тұмар өте әдемі, сұлу, ақылды, беделді әйел еді. Кирдің көзі сақ даласына түсіп, оның байлығын алғысы келеді.

Кир ешкім жеңе алмайтын парсы патшасы болатын.

Сақтар ат үстінде де,  жаяу да мықты жауынгерлер болған.

Кир сақ елін жаулап алмақшы болады. Ол Тұмар патшайымның баласын тұтқынға алады.Тұмар патшайым ашуланады. Туған жерін қорғаймыз деп шешеді.Қанды шайқас басталады. Кирдің әскері әлсірей бастайды. Ақырында Кир патшасы қаза табады. Кирді жеңген сақтың қызы Тұмар патша осылай тарихта қалыпты. Бұл оқиғаны грек тарихшысы Геродот "Тарих" атты кітабында жазып кеткен.

- Балалар, дәптерге мәтіннен тірек сөздерді, ең маңызды деген сөздерді теріп жазыңдар .

Оқушылар орындаған тапсырмаларын оқиды.

Топпен жұмыс:

1 топ: мәтінді сипаттайды және омоним, синоним, антонимдерді жазады.

Мұнда оқушылар мәтіннен қысқа түрде, сөз тіркесі арқылы өз сөздерімен фактілерді анықтайды және кейіпкерлерді, оқиғаларды сын есімдермен сипаттайды.

Мақсаты:оқушылардың сөздік қорын молайту.

2 топ: «Уақыт тізбегі» мәтін оқиғасын рет-ретімен анықтайды, мақал-мәтел жазады.

Бұл тапсырманы оқушылар болған оқиғаны рет-ретімен байланыстыруы тиіс, сонымен қатар тақырыпқа байланысты мақал-мәтел жазу керек.

Оқушылардың жұмыстарын бағалау кезеңі

- Балалар, ал қазір сендер алдарыңда жатқан қызыл қағазды ең жоғары белсенділік танытқан оқушыға, ал көк қағазды белсенділік танытып отырған оқушыға апарып беріңдер.

Әр оқушы алдында жатқан қызыл, көк қағаздарын белсенді қатысып отырған оқушыға апарып береді.

Қызыл парақшаларды ең көп жинаған оқушыға сұрақ қойылады:

-Саған сыныптастарың қызыл парақшаны берген кезде қандай сезімде болдың?

Қызыл парақшаны ең көп жинаған оқушы бағалаудан қандай әсер алғанын өз сөзімен жеткізеді.

Өткен тақырыптарды қайталау мақсатында лексико-грамматикалық сұрақтарға жауап алу

«Иә» «Жоқ» позициясын таңдау:









1.Қазақ тілінде 3 жалғау бар

2. омонимдер дегеніміз бір-біріне қарама –қайшы сөздер

4.Сөз құрамы жалғаудан тұрады

5.Мен достық туралы мақал- мәтел білемін

6. Көшпелілер бір орында өмір суретін халық

7.Мен омонимнің ережесін білемін

8. Бүгінгі сабақтың тақырыбы Қазақстан

Бұл тапсырманың мақсаты: оқушы позиция таңдауды үйреніп, оны дәлелдеу білуге дағдыланады, сонымен бірге өткен тақырыптарды бекітеді.

2 тапсырма:

1 топ «Томирис патшайымы» спектаклі туралы хабарландыру жазады

2 топ Томирис патшайымға хат жазады

Оқушылар өз жұмыстарын ортаға салып қорғайды.

Екі топ бір-біріне ауызша формативті баға береді

Жұппен жұмыс-әр жұпқа сурет беріледі. Олар суретті атайды ,сипаттайды, өз ойларын білдіреді және тақтаға іледі.





Оқушыларға сұрақ:

- Тұмар патшайымға ұқсағың келе ме? Неге?

Рефлексия: Жаңа тақырып бойынша оқушылар үш бұрышты қағазды толтырады, әңгімелейді.



Аңыз патшайым

Сөз тәркесі:

Сөйлем:

Қосымша ақпарат
















































Бағалау


5 минут


Кері байланыс

3 минут

Әр топтың спикерлері әр топқа баға береді.




- Балалар, сабақтың алдында қойған мақсаттарына жеттіңдер ме?

Жұлдызша, төрт бұрыш,

үш бұрыш