СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ тілінен "Етістік" тақырыбынан ашық сабақ жоспары 3-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары 3-сыныпқа қазақ тілі пәнінен "Етістік" тақырыбына құрастырылған.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілінен "Етістік" тақырыбынан ашық сабақ жоспары 3-сынып»

Павлодар облысы

Железин №3 жалпы орта білім беру мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Ибрагимова Ляйля Пазыловна

Сабақтың атауы

Етістік

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Экран-проектор, слайд-презентация

Жалпы мақсаттар

 Білімділік: Етістік заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретіні туралы түсініктерін қалыптастыру үшін сөйлемдерге сұрақ қоя отырып, етістіктерді таба білуді
үйрету.
Дамытушылық: Оқушылар сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамыту. Өз ойларын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, интерактивті тақтамен жұмыс, өзіндік

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сөзжұмбақ шешу арқылы оқушлар топтарға бөлінеді

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Хормен:

Ойға білім тоқимыз,

Айрықша мол үмітпен,

Қазақ тілін оқимыз

Ерекше зор құрметпен.

Бүгінгі сабағымыздың ұраны:
Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз,
Бәрін білуге ұмтыламыз.
- Ендеше осы ұранымызды ұстана отырып сабағымызды бастаймыз.

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 

Үй тапсырмасын сұрау


«Тез ойла, сөз ойла» ойыны арқылы өткен сабақты пысықтап, жаңа сабаққа дайындық жасау.
Не? ------------------Кім?
... қоздайды ... емдейді
... құлындайды ... оқытады
... лақтайды ... ұшады
... боталайды ... тігеді
... бұзаулайды ... жазады
- Балалар, біз қандай сұраққа жауап беретін сөз таптық?
- Кім? Не? сұрағы кімдерге байланысты қойылады?
- Ол қай сөз табы?
- Зат есімнің ережесін сұрап, мысал келтіру.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

ІІ. Жаңа тақырыпты, мақсатын хабарлау.
1. Оқушылардың етістік жайлы алған білімдерін еске түсіріп,
сөйлемдерге сұрақ қоя отырып етістікті таба білуге үйрету.
2. Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретіні туралы түсінік қалыптастыру.
3.» «Таңда да таста» әдісі арылы сергіту сәтін ұйымдастыру. Оқушылар берілген қағаздарға етістіктерді жазады. Сыныптың төрт қабырғасына тұрып бір-біріне лақтырады
IҮ. Жаңа сабақ
Дәптерге күн реті, тақырып, көркем жазу жазылады.
Оқулық материалдарымен жұмыс.
1 - жаттығудағы өлең жатқа жазылады. Оқушылар орындайтын тапсырмалары:
• өлеңнен етістіктерді тауып, астын сызу;
• етістіктерге сұрақ қою;
• дәрігер мамандығы туралы қысқаша әңгімелесу:
2 - жаттығудың мақсаты да оқушылардың назарын қимыл,
іс - әрекетті білдіретін етістік сөздерге не істеді? қайтеді? деген сұрақ қойылатынын аңғарту. (Ауызша)
3 - жаттығу бойынша көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады. Етістіктердің астын сызып, оның қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсетеді.
1. Бағбан көктемде қураған бұтақтарды кеседі. 2. Ат жегілген арба келеді. 3. Асқардың туған күніне достары доп сыйлады. 4. Аспанды қою бұлт қаптады. 5. Ақын өлең жазды. 6. Әуежайдан әлемнің әр қаласына ұшақтар ұшады. 7. Құстар ағашты зиянкестерден қорғайды.
Сергіту кезеңі.
Қызықты грамматика.
«Бір сөзбен атаңдар» ойыны. Жалпы сынып ұжым бірігіп орындайды.
Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
Жүрек жұтқан адам (батыл)
Бетінен оты шықты (ұялу)
Ит өлген жер (алыста)
Тас бауыр (мейірімсіз)
Тасы өрге домалады. (бағы жанды)
Жер соғып қалу (өкіну)
Тілінен бал тамды (шешен)
4 - жаттығу бойынша берілген тақырыптың суреттер арқылы әңгіме құрастырады. Құрастырған мәтіннен етістіктерді тауып, астын сызады және етістіктердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызба түрінде көрсетеді.
Ү. Рефлексиялық – бағалау кезең.
♦ Үлкен ойын
«Табиғат тал бесік»
♦ Суреттегі заттарды олардың қимылын білдіретін сөздермен қосып жаз.
ҮІ. Сабақты қорытындылау
Сұрақтар:
1. 1. Қандай сөздер етістікке жатады?
1. 2. Етістікке қандай сұрақтар қойылады?
1. 3. Етістіктің қандай түрлерін білесіңдер?

Сергіту сәті

Ой толғаныс











































Үй тапсырмасы

Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Оқушылар толтырады












































  1. Шаттық шеңбер

  2. Топқа бөлу. Түстер арқылы

  3. Топ аттарын табу. Сөзжұмбақ шешу арқылы

  4. Топ басшысын сайлау. Оқушы орындығының артына стикер жапсыру

  5. Топ ішіндегі ережелерді қайталау.

  6. Үй жұмысын тексеру «Тез ойла, сөз ойла» ойыны арқылы өткен тақырыпты қайталау.

  7. Қызығушылыұты ояту

  8. Етістікті қайталау

  9. Оқулықпен жұмыс 1-жаттығу

  10. 3-жаттығу. Сөйлемдерді топтарға бөлу

  11. Сергіту сәті. «Таңда да таста» әдісі арылы сергіту сәтін ұйымдастыру. Оқушылар берілген қағаздарға етістіктерді жазады. Сыныптың төрт қабырғасына тұрып бір-біріне лақтырады.

  12. Қызықты грамматика. «бір сөзбен атаңдар»

  13. «Ойлан- жұптас-талқыла» жұппен жұмыс

  14. 5-жаттығу. 1-топ. Тиісті етістіктерді қояды.

2-топ Етістіктерге сұрақ қояды

3-топ Ұстаз туралы қандай өлең білесіңдер

  1. Рефлексия. Бағалай білмегенге бақ қонбайды

Қуана білмегенге құт қонбайды

Оқушыларға сабақ басында екі түсті алама беріледіү Сабақ соңында оларды алама ағашына ілу керек. Жасыл түс- мен бүгін бәрін жақсы орындадым, менің көңіл-күйім көтеріңкі. Қызыл түс-мен тапсырманы орындай алмады, көңіл-күйім жоқ.

  1. Бағалау.

  2. Үйге тапсырма беру

48-бет 4-жаттығу



Топтық тапсырмадан кейін топтардың бағалауын ескеру!!!