1-тапсырма. Оқылым тапсырмасы Хроника. Әр топ өздеріне берілген ресурсқа және төсбелгілеріне сай хроника жасайды. Стикерлерге 1 мәліметтен жазады. Тақтаға жапсырады. Хроника-деректер жиыны Үлгі: Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Дескриптор: 1.Нақты мәліметтер береді; 2.Сандық көрсеткіштерді қолданады; 3.Кім? Қайда? Қашан? деген сұрақтарға жауап береді. ҚБ «Шапалақ» әдісі «Ке-ре-мет!», «Жа-рай-сың!», «Та-ма-ша!» 2-тапсырма. Жазылым тапсырмасы Берілген тақырыптарға сай очерк жазады. Очерк - деген шынайы адамдар мен шынайы өмір суреттелетін көркем әдеби әрі деректі шығарма. Тақырыптар. 1.«Төртеу түгел болса...» 2. «Береке басы - бірлік» 3. «Менің сүйікті қалам» 3. «Мен жастарға сенемін» Дескриптор: 1.Тақырыпқа сай ойды ашады; 2.Көркемдегіш құралдарды тиімді пайдаланады; 3.Өмірмен байланыстырады. Мұғалім ҚБ 3-тапсырма. Айтылым тапсырмасы Топтар алдарына берілген суреттер мен ресурстарды қолдану арқылы хабар дайындайды. Дескриптор: 1.Сурет бойынша хабар дайындайды; 2.Хабардың жанрлық ерекшілігін сақтайды; 3.Хабарға тақырып қояды. ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі 4-тапсырма. Жазылым тапсырмасы. Оқушылардың алдыңғы білімін пайдалана отырып, еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын ажырату. Мәтін қиындылары таратылады. Оқушылар еліктеу сөздерді тауып, тақтаға жазады. 1.Жастар үлкендерге жапыр-жұпыр қол берісіп, амандасты. 2.Туған жер десе селт етпейтін жүрек жоқ. 3.Менің отаным-Қазақстан деп саңқ еткен дауыс естілді. 4.Барлық оқушы жалт қарады. 5.Домбырадан күмбір-күмбір күй төгілді. 6.Ашық маңдайлы жаңашыл жастар ашық үнмен сыңқ-сыңқ етіп қоғамға үн қосуда. 7.Төбемізде көк туымыз желп-желп етеді. 8.Туған жерге деген жүрегім дүрс-дүрс соғады. Дескриптор: 1.Еліктеу сөздердің түрлерін ажыратады; 2.Еліктеу сөздердің ережесін шығарады. ҚБ «Үш шапалақ» Үй тапсырмасы. Әр топ өздерінің төсбелгілеріне сәйкес өлең жаттау. |