3. Жаңа сабақты меңгерту: 1,Депортация-биліктің нұсқауымен жеке адамдардың.халықтардың еріксіз күшпен жер аударылуы. Шетел тілінен енген сөздер сөздігінде депортация-қылмыстық және әкімшілік жаза ретінде мемлекеттен қуылу,көшіру,жер аудару. 1920-1949 жылдары депортацияға ұшырағандардың саны -3,2 млн адам 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы-сталиндік қуғын-сүргіннің құрамдас бір бөлігі 2.Көші қон түрлері 1.Этникалық белгілері бойынша («жазаланған халықтар», «сенімсіз халықтар», «шекараларды тазалау») 2.Әлеуметтік таптық белгілері бойынша (1934 жылға дейін кулактарды жер аудару-арнайы көшірілгендер) 3.Саяси көзқарастарына байланысты (1934-1944 жылдар- «еңбек қоныстарындағылар», 1944 жылдан бастап- «арнайы қоныс аударылғандар») Әлеуметтік таптық белгілері бойынша Казақстанан 5500 отбасы көшірілсе, Казақстанға көшірілген кулактардың 100-ге тарта қоныстары болды.Олар арнайы коментатуралық есепте тұрды. 3.Саяси көзқарастарына байланысты- арнайы қоныс аударылғандардың азаматтық құқығы болды.Қоныстанған ауданда жүруге рұқсат етілді. НКВД (Ішкі істер Халық Комиссариаты) қарауында болды. Соғыс жылдарында 0,5 миллионнан астам адам,312 өнеркәсіп өндірісі Қазақстанға көшірілді. Майданға шақырылмағандар ұлтына қарамастан еңбек армиясын құрады. Еңбек армиясында тек арнай қоныстандырылғандар ғана емес 200 мың қазақтар шақырылса, 700 мың қазақ еңбек колонналарына шақырылды. Еңбек колонналары екі категорияға бөлінді: 1.Азаматтық тұрғындардан тұратын еңбек армиясы. 2.Тұтқын жағдайындағы арнайы қоныстандырылғандар 1939 жыл Қазақстанда 6,9 млн адам (қазақтар 38%) 1959 жыл Қазақстанда 7,5 млн адам (қазақтар 30%) 2013 жыл Қазақстанда 16,9 млн адам (қазақтар 65,2%) 11,058 мың Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау ССРО-да 1954 жылы басталды, бірақ 1960- жылдары бұл жұмыс тежеліп, тек қана қайта құрудың нағыз қызған кезінде 1980-жылдардың соңында қайта басталды. 1993 жылы 14 сәуірде Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңы қабылданды 1996 жыл- Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылы. Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы 31 мамырды қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні етіп белгілеу туралы Жарлыққа қол қойды. |