ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫ
№42 Е.ҚАШАҒАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ

ТОЙЛЫБАЙ АРУЖАН МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ
4 «Б» сынып оқушысы
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Қазақтың қара домбырасы»
2019 жыл
Мазмұны
Зерттеу жұмысының авторы туралы мәлімет
Зерттеу жұмысының жетекшісі туралы мәлімет
Зерттеу жұмысының тақырыбы, мақсаты мен міндеті
Зерттеу жұмысына берілген пікір
І. Кіріспе бөлім:
1.1. Домбыраның тарихы.
ІІ. Зерттеу бөлімі:
2.1. Домбыраның құрылысы.
2.2. Домбыраның түрлері.
2.3. Атақты күйшілер.
ІІІ. Қорытынды:
3.1. Домбыраны зерттеу нәтижелері.
3.2. Өлең, домбыра туралы аңыз, сөзжұмбақ.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Зерттеу жұмысының авторы туралы мәлімет
Авторы:
Тегі, аты-жөні: Тойлыбай Аружан Мырзабекқызы
Туған жылы: 17.06.2008 жыл
Ұлты: Қазақ
Телефоны:
Мектебі: №42 Е.Қашағанов атындағы орта мектебі
Сыныбы: 4 «Б»
Мекен – жайы: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылы, Жамбыл Жабаев көшесі
Хоббиі: ән айту, билеу, сурет салу
Алға қойған мақсаты: Елінің белді, білімді оқушысы болу. Мектепті жақсы бітіріп, жоғарғы оқу орнына түсу. Білгір маман болу. Қазақстанның өркендеуіне өз үлесін қосу.

Зерттеу жұмысының жетекшісі туралы мәлімет
Жетекшісі:
Тегі, аты – жөні: Баекенова Ботакоз Болатбекқызы
Туған жылы: 24.09.1985 жыл
Ұлты: Қазақ
Телефоны: 7 – 83 – 35
Жұмыс орны: №42 Е.Қашағанов атындағы орта мектебі
Бітірген оқу орны: И. Арабаев атындағы Университет
Білімі: Жоғары
Мамандығы: Музыка пәнінің мұғалімі
Санаты: ІІ
Жұмыс өтілі: 11 жыл
Мекен-жайы: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылы, Байниязов көшесі №27 үй

Зерттеу жұмысының тақырыбы:
«Қазақтың қара домбырасы»

Зерттеу жұмысының мақсаты:
Зерттеу жұмысының міндеті:
Пікір
Тойлыбай Аружан «Қазақтың қара домбырасы» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізген. Зерттеу барысында жан-жақты ізденгені байқалды. Аружан зерттеу жұмысын қорғау кезінде өзін еркін ұстай біледі. Сөздік қоры бай. Өз ойын еркін дәлелдер келтіру арқылы жеткізе білді. Тақырыпты өзінің жас ерекшелігіне сай аша білді. Болашақта Аружан өзіне тапсырылған жұмысты жауапкершілікпен атқаратын ізденімпаз шәкірт болатынына сенемін. Болашағынан мол үміт күтемін. Зерттеу жұмысына жоғары баға беремін.
Сынып жетекшісі: Алтаева Г.А.
Пікір
Зерттеу жұмысы тақырып негізінде жасалған. «Домбыра» туралы мәліметтер жинақталып, зерттеу жұмыстары жасалған. Оқушы алдына қойған мақсат пен міндеттері туралы жалпы мәліметтерді толық жинақтап, зерттеу барысында жүйелі түрде зерттелген. Тойлыбай Аружан Мырзабекқызы сыныбында үлгілі, озат оқушы. Бұл оқушының болашағынан зор үміт күтемін. Зерттеу жұмысына жоғары баға қоямын. Тақырып бойынша эссе, даналық сөз жинақтап, сөзжұмбақ құрастырған.
№42 Е.Қашағанов атындағы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі: Баекенова Б.Б.
І. Кіріспе бөлім:
1.1. Домбыраның тарихы.
Домбыра – сан ғасырлардан бері сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Дегенмен домбыра әр аймақта әртүрлі болып келеді.
Домбыра – қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән-жыр, ертегі, аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды.
Этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Мысалы, Әбу Насыр Әл-Фарабидің еңбектерінен тамбур аспабы жайлы оқимыз.
Қазақтың халық аспабы домбыра XIV ғасыр жазбаларында кездеседі. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді.
Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағынан шамамен 2,5 ғасыр бұрын табылған таста қашалған суреті мен 16 ғасыр бұрын Мысыр еліндегі Нахт қабіріне салынған пішінінен еш өзгермеген. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап.
Музыкалық ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады.
Аспап әртүрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді.
Қазақстанның батыс аудандарында домбыра тартудың өзгелерге ұқсамайтын бөлек дәстүрі қалыптасқанын айту керек. Батыс аудандардағы домбыраның негізгі өзгешелігі, көлемі үлкен болып келеді. Сондай-ақ шанағы сопақ, мойны жіңішке, перне саны көбірек. Сондықтан мұндай домбыраны тартқанда қолданылатын техникалық тәсілдерді шанағы жалпақ домбыраға қолдану қиын, өйткені бұл соңғы домбыраның мойны едәуір енді және ондағы пернеде аз еді. Перне санын арттыру процесі өте баяу жүрді және оның өзі орындалатын репертуарға тікелей байланысты еді. Әдетте, жаңа перне онымен алғаш орындалатын күйдің атымен аталынды. Пернелердің бірі домбырада «Түрікпен күйін» орындағанда байланды да, «Түрікпен пернесі» деп аталды. Бейтарап терция интервалын беретін басқа бір перне Қазақстанның батыс аудандарында «Сарыарқа пернесі» деп аталады.
Аңыздардың бірінде аспаптағы жоғарғы тиектің қалай пайда болғаны жайында айтылады. Жаумен шайқасып, одан соң алыс сапар шегіп әбден қалжырап келе жатқан батыр жолшыбай демалуға аялдайды. Сайдың ішінде саялы жерде жайғасып отырған соң талдан бір шыбық кесіп алады. Оған жылқының қылын керіп байлайды да, дыбыс шығармақ болып көреді. Бірақ қолдан жасалған тым жұпыны аспаптан ешқандай үн шығатын емес, тым-тырыс, меңіреу күйінде қала береді. Батыр оны жанына тастай салады да, өзі қисайып жатып ұйықтап кетеді. Ол жанындағы өзі жасаған аспаптан шығып жатқан дауыстан оянып кетеді. Қолына алып қараған батыр аспаптың мойын тұсынан титтей ағаш тиекті көреді. Оны әлдебіреу ішектің астынан келтіріп орнатып қойған екен. Батыр: «Е, бұл сайтанның ісі болды ғой», – деп ойлайды. Бәлкім содан бері қалған сөз болса керек, халық арасында жоғарғы тиекті «шайтан тиек» деп атайды.
Домбыра аспабында халық күйлерін ғана емес, батыс және шығыс классикалық шығармаларын, танымал туындыларын орындауға болады.
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Домбыраның құрылысы.
Аспап әртүрлі үлгіде тұтас ағаштан ойып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді.
Домбыра әр қазақтың жүрек пернесін шертер күй болып төгіледі, әсем әнге сүйемел болады, өсиетті жыр-толғауларға арқау болады, термелерді тербейді.
Қазақ даласында қалыптасқан күй мектебі осы күнге шейін өз маңыздылығын жоғалтқан емес. Күй атасы Құрманғазы дүниеге келген батыс топырағынан қаншама күйшілер шығып, әлемді мойындатты. Домбыра ХХІ ғасыр бренді.
Шығыс халықтарының әрбірінде домбыраға ұқсас бірнеше ішекті аспаптары бар, бірақ қазақ үшін домбыраның орны әрдайым өзгеше.
Домбыраның құрылысы:
Домбыра 3 бөліктен тұрады:
1.Бас бөлігі
2.Мойны
3.Шанақ
Бас бөлігінде: құлақтары мен шайтан тиегі орналасады.
Мойнына: пернелер орналасқан.
Шанағына: тиегі, ойығы, түймесі, ішегі орналасады.
Ал енді мойын бөлігін талдап жіберелік. Оны мына сызбадан көруге болады.
Бұл Таласбек Әсемқұловтың жеткізген терминологиясы.
Домбыра – әрбір құрылымдық элементтерінің қызметін жалпы физикалық күрделі заңдармен түсіндірілетін ұлттық акустикалық – аспап.
Домбыраның жалпы ұзындығы – 640 мм, оның шанақ бөлігінің ұзындығы – 260 мм, ал мойнының ұзындығы – 320 мм. Ол пернелерінің атауларымен қоса алғанда 35 бөліктен тұрады.
Домбыраны жасамас бұрын ағашына мән беру керек.
Домбыраның құрылысы мынадай 32 атаудан құралады:
1.Бас
2.Құлақ
3.Бас тиек
4.Шайтан тиек
5.Мойын
6.Перне
7.Мойынғақ
8.Сағақ
9.Шанақ
10.Ернеулік
11.Көмкерме
12.Шанақша
13.Белағаш
14.Сулық
15.Тілше
16.Серіппе
17.Тиек
18.Тұғыл
19.Қақпақ
20.Қауышақ
21.Кергіш
22.Өкшелік
23.Тұғыр
24.Түйметиек
25.Түйір
26.Түйме
27Желкелік
28.Кіші тиек
29.Өкшетиек
30.Ішек
31.Астаңғы ішек
32.Үстіңгі ішек.
2.2. Домбыраның түрлері.
Домбыраның қазіргі кезде 20-дан астам түрлері бар.
Олардың ішінде:
Қоссаз – тұтас ағаштан ойып жасалатын бес ішекті аспап. Шанақтың бірінің бет қақпасы ағаштан, екіншісі термен жабылса, кей жағдайда екі беті де ағашпен жауып жасалады. Мұндай домбырада ойнау өте күрделі. Ел ішінде мұны кейде «Қоссаз», «Қос мойын домбыра» деп атайды.

Қоссаз аспабын жасау технологиясы өте күрделі. Оны жасауға емен, шетен, қайың, шамшат ағаштарын қолданады.

Шіңкілдек – шағын үлгіде жасалатын, балаларға арналған екі ішекті аспап, ұзындығы 45-50 см, ені 8-10 см болып келеді, шанағы құрамалы немесе тұтас ағаштан ойып та жасалады. Сыртына ою-өрнек салынып жасалатын нәзік, ашық үнді аспап. Аспап негізінен 4 – 7 және 7 -10 жас аралығындағы балаларға арнап жасалады. Жасалу тәсілі қарапайым. Домбыра жасау әдісімен ортақ.
Қос ішекті домбыра – бұл домбыра тобындағы әлі де болса сирек қолданылатын нұсқасы. Бұл домбыра Шығыс және Орталық Қазақстан өңірлерінде дамыған. Кәдімгі екі ішекті домбыраның құрылысы. Аспап ішек саны бұрауы және ішекте орындалатын күй шығармаларымен ерекшеленді.
Шанағы ұзынша, бұрышты бет тақтайы қайыңнан жасалынған. Шегелермен бекітілген, мойны жалпақтау болып келеді.
Желбезекті домбыра – екі ішекті, шанағы текшелеу сопақша. Негізгі бет тақатйының үстін ала сағалығынан үндік ойығына дейін салынған қосымша жұқа тақтайды «желбезек тақтай» дейді.
Домбыра атауы осы ерекшелігіне сай аталған. Ұзындығы 90 см, шанағы 18 см. 1983 жылы Мағауия Хамзин «Желбезек домбыраны» жетілдіріп жасаған жалғыз нұсқасы мұражайда сақталуда.
Бүктемелі домбыра – екі ішекті көне нұсқа. Ішектері дыбысқа лайықталып бұралады. Ел арасында мұндай домбыраны «алмалы-салмалы», «кепілді-бұраулы» деп атайды. Мұндай домбыра қазір өте сирек жасалады.
Үшем домбыра – шанағы үш бөлек шар тәріздес етіп тұтас ағаштан ойып жасалады. Ұзындығы 75 см, ені 25 см, биігі 4 см. Аспап үш ішекті, оның жалғыз этнографиялық нұсқасы халық музыкалық аспаптар мұражайы қорында сақталып тұр.
Сонымен домбыраның мен тауып зерттеген түрлері мыналар:

2.1. Атақты күйшілер.
Ән-күй өнері қазақ даласында халықпен бірге жасап келеді. Күйшілер халықтың мұң-мұқтажын, арман-тілегін, мақсат-мүддесін әндері мен күйлеріне қосқан. Күйшілер де күйді өздері шығарып, өздері орындаған. Көне заманнан бері сан ғасырлық тарихы бар 50-ге жуық ұлттық ән-күй аспаптары қолданылып келеді. Олар: қобыз, домбыра, асатаяқ, шаңқобыз, дауылпаз, жетіген, т.б.
Қазақ халқының арғы замандағы ән өнері туралы дерек аз. Тек дүйім жұртқа кеңінен танымал болған XIX ғасырда өмір сүрген Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Естай, Майра, т.б. сияқты әйгілі әнші өнерпаздардан бері қарайғы тарихты гана білеміз. Қазақтың ән өнерінің аса дамыған жері - Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы сияқты табиғаты көркем, көшпелі салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты бергі заманға дейін ұстанған қасиетті өңірлер.
Қазақтың күй өнері-ешбір халықта жоқ, өзіндік орындау мәнерімен, орындаушылық дәстүрімен, тақырыптарының әртүрлілігімен ерекшеленетін музыкалық аспаптық жанр. Күй XIV ғасырдан бастап қалыптасқан. Күйдің әуендік құрылысы, ырғақтық- орындаушылық әдістері сан алуан. Мысалы, Құрманғазы күйлері екпінді, жігерлі келсе, Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген; Тәттімбеттің күйлері әуені әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді. Күйлер орындаушылық дәстүріне, қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке - төкпе және шертпе күй мектептеріне бөлінеді.
Қазақтың атақты күйшісі Құрманғазы мен Дина апамыз туралы сөз қозғамақпын.
Дина Нұрпейісова 1861 жылы Батыс Қазақстан облысы 75 жасында 1937 жылы Мәскеуде халық өнерпаздарының арасында өткен республикалық байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес Республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте жүлделі орындарға ие болған.
Күйлері: «Әсем қоңыр», «Бұлбұл», «Қос алқа», «Еңбек ері» т.б.
Осындай талантты тұлғаның бірі атақты күйші Құрманғазы Сағырбайұлы туралы айтып өткенді жөн санадым.
Құрманғазы Сағырбайұлы – 1818 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жанғазы ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. Күй атасы. Атақты композитор, қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.
Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлының ұрпағы.
Күйлері: «Қайран шешем», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Ақсақ киік», «Сарыарқа», «Адай» т.б.
ІІІ. Қорытынды:
3.1. Домбыраны зерттеу нәтижелері.
Әртүрлі үлгідегі домбыралардың қақпақтары зерттелінді. Қақпақтың жеке бөлшектерін құрастырып жинағаннан кейін серпінін белгілеу үшін кергіш орнатылады. Қақпақты шанаққа отырғызғаннан кейін топты жаңғырық пайда болады. Бұл шанақ пен қақпақтың арасындағы бір тұтас жаңғырық болып саналады.
Қалаған үнді келтіру үшін қақпақтың бөліктерін дұрыс іріктеудің де маңызы бар. Қақпақ құрастырылғаннан кейін тақтайшалардың санына қарай реттей отырып қажетті үнді алуға болады.
Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында анықталғандай, егер қақпақтың көлемі неғұрлым кішірек болса, ағаштың тербеліс қасиеті де соғұрлым жиілей түседі. Қақпақты құрастырған және күйге келтірген шақта, сондай-ақ оның параметрлерін белгілегенде осы жайларды ескерудің маңызы өте зор. Ағаштың тербеліс жиілігі оның физикалық қасиетіне де байланысты дедік. Көлемі бірдей екі тақтайдың физикалық қасиеттері әртүрлі болса, олардын шығатын дыбыстың айырмашылығы да үш жарым тонға дейін алшақтайды. Жас ағашқа қарағанда кептірілген ағашты күйге келтіру оңай.
Қақпақ бірнеше шағын тақтайды желіммен біріктіру арқылы жасалынады. Қақпақты құрайтын тақтайлардың физикалық қасиеттері мен түсі бірдей болуы шарт. Тақтайша ағаштың табиғи жолақтары бойынша бір бағытта жымдастырылып біріктіріледі. Ені – 250 мм, ұзындығы – 400 мм және қалыңдығы – 2,5 мм етіп құрастырылған қақпақтың тербеліс жиілігі 233 ˃ 08 – 277,12 гц шамасында болмақ.
Талдау мынаны көрсетті:
шанақтағы қақпақтың тербеліс жиілігі 281,5 гц-ге тең. Домбыра альт қақпағының көлеміне қарағанда (ені – 195 мм, ұзындығы – 344 мм) мұндай тербеліс жиілігі оны бөліп алғанда да сол күйінде қалдық Қақпақтың қалыңдығы 2,3 – 2,5 мм шамасында, артқы серіппенің биіктігі – 2,2 – 2,7 мм, оның ені – 6,4 мм, алдыңғы серіппенің биіктігі – 2,2 – 2,7 мм, оның ені – 6,4 мм, алдыңғы серіппенің биіктігі – 2,2 – 2,7 мм, оның ені – 4 мм.
Домбыра шертудің «сұқпа» (сұқ және орта саусақпен шертіп ойнау), «жап тақымта» (ішекті бос күйінде қағып, пернені басып отыру), «іліп-қақпай» (ішекті іліп қағу), «теріс қақпай» (жоғары – төмен ) деп аталады.
Домбыра – халық даналығы. Ол халқымыздың өмір тәжірибесі мен табиғат, адам, әлем туралы білімдерін, философиялық көзқарасын бейнелеп, оларды атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырды.

Сонымен зерттеу жұмысымды қорытындылай келе, домбыра туралы көптеген мәліметтер білдім. Зерттеудегі жетекшім – Ботакоз апай. Музыка пәнінің мұғалімі. Мен өзім де домбыра тартуға қатты қызығамын. Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Мәдениетіміздің дәстүрінде көптеген кәсіби күйші-композиторлар қалыптасып, күйшілік дәстүр көптеген мектептерге бөлінді. Бұл күйші-композиторлар өзіндік стильдік ерекшелігімен, қағыс техникасымен, музыкалық тілімен, орындау шеберлігімен оқшауланып өнерімізде жарқын із қалдырды. Домбыра – әр дәуірде мәдениетімізде дарынды тұлғалардың дүниеге келуіне мүмкіндік туғызды. Сондықтан, домбыра да қазақтың жеті кереметінің қатарында.
3.2. Домбыра туралы аңыз, сөзжұмбақ, өлең.
Домбыра туралы аңыз
Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбыра жайлы мынадай аңыз бар.
Ертеде өмір сүрген қаһарлы ханның бойжеткен қызы кедей жігітке ғашық болады. Әкесі оны біліп қойып, жігітті өлтіреді. Қыз бір ұл, бір қыз босанады. Қатыгез хан екі бүлдіршінді мыстан кемпірге беріп жібереді. Мыстан кемпір сәбилерді алысқа, адам жоқ жерге апарып, бір ағаштың басына қызды шығысқа, ұлды батысқа қаратып іліп кетеді. Сәбилердің тамған көз жасынан ағаш бұтақтары бірте-бірте сола бастайды.
Анасы егіздерін іздеп көп жол жүреді. Жылдар өтеді. Бірде далада шіруге айналған биік ағаштың түбіне келіп отырады. Ұйықтап кеткен ананы әлдебір сиқырлы саз, әуен оятады. Құлақ түріп тыңдаса «ән салып» тұрған қасындағы үлкен ағаш екен. ана күнде осы бәйтерекке келіп жүреді.
Бір күні қатты дауыл тұрып, ағаш құлайды. Дауыл соққан сайын ағаштан зарлы үн шығады. Сорлы ана ағаштың қуыс ішін, бұтақтан бұтаққа керілген ішектерді көріп, ағаштан әуеннің қалай шығатынын түсінеді. Сөйтіп өзі де қуыс ағашқа ішек тартып, аспап жасап алады. Содан күндіз-түні егіздерін іздеп кеткен деседі.
СӨЗЖҰМБАҚ
Д | И | Н | А |
Қ | О | Б | Ы | З |
Ж | А | М | Б | Ы | Л |
А | Л | Т | Ы | Б | А | Қ | А | Н |
С | Ы | Б | Ы | З | Ғ | Ы |
С | Ы | Р | Н | А | Й |
А | Й | Т | Ы | С |
Сұрақтары:
Құрманғазының шәкірті.
Бұл аспапты аңыз бойынша Қорқыт ата жасаған деседі. Ол қай аспап?
Құлманбетпен айтысқан ақын.
Халқымыздың ұлттық ойын-сауығының бір түрі.
Көне ұлттық аспаптың бірі.
Жаяу Мұса қандай аспапта ойнаған?
Топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы қалай аталады.
ӨЛЕҢ
Домбыра жүрегіммен үндес едің
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім.
Мұқағали Мақатаев
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Б.Ж.Аманов. «Қазақтың салттық музыка өнері мен ХХ ғасыр». Алматы, 2002 жыл.
2.Е.Балабеков. «Қазақтың музыкалық фольклоры». «Алматы», 2005 жыл.
3.Ш.Құлманова, Б.Сүлейменова. «Музыка». 3-сынып. «Атамұра», 2018 жыл.
4.А.Сейдімбек. «Қазақтың күй өнері». «Астана», 2002 жыл.
5.К.Сахарбаева. «Домбыра дастан». «Алматы», Мектеп, 2002 жыл.
6.А.Тоқтаған. «Құрманғазы». «Алматы», Білім, 2005 жыл.
7.Интернет суреттері: www.bilimdi.kz
www.Twig-bilim.kz
т.б. сайттары