СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазіргі студент жастар өміріндегі салауатты өмір салтының құндылығы

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:Қазіргі студент жастар өміріндегі салауатты өмір салтының құндылығы.

Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Оқу орындарының оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады. Мектеп оқушыларының колледж және университет студенттерінің  салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл: - Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру; - Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу. Оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның психологиялық, дене – қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру; Олардың мінез – құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне - өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени – гигиненалық мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек? Өмір салты дегеніміз не? Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. Біздіңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады: - белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану; - физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру; - жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру; - қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету; - дұрыс жыныстық тәрбие алу; - зиянды әдеттерден аулақ болу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны көздейді: - Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау; - Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру; - Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана сүйену; - Экологияландыру, адам организміне қоршаған орта факторларының әсерін білу; - Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу; - Үздіксіз оқыту, салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз қалыптастырып үнемі пайдалану; - Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін дайындау. Осы ұстанымдарды негіздеп  жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу барысында мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс. Мұғалім оқу орнындағы басты тұлға. Қай мекеменің болсын нәтижелі, жемісті жұмыс істеуі түптеп келгенде сол оқу орнында еңбек ететін әр мұғалімнің өз міндетіне, көзқарасына тікелей байланысты. Әрбір сыныпта ұстаз алдында отырған шәкірттері де сол болашаққа барар жол үстіндегі талапкерлер. Қазақстан Республикасының «Білім заңында» оқу орнындағы оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, адамзаттыққа тәрбиелеу және олардың ақыл-ой, танымдық шығармашылық қабілетін анықтау басты міндет екендігі айтылған. Осы міндеттердің жауапкершілігі негізінен мектептегі сынып жетекшісіне жүктеледі. Сондықтан оқушы бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой,танымдық сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құруды көздейді.

Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді: 1. Тән денсаулығы — бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің ағымдағы күйі. Мұның негізі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады. 2. Дене денсаулығы — организм мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұның негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функциялық сақтамалардан құралады. 3. Жан денсаулығы — адамнаң психикалық өріс күйі. Мұның негізі мінез-құлыққа бара-бар реакцияны қамтамасыз ететін жалпы рухани қолайлы күйден құралады. Денсаулықтың негізгі өлшемдері мыналар: • тән және дене күйі үшін — мен істей аламын; • психикалық күй үшін — мен тілеймін; • адамгершіліктік күйге — мен істеуге тиістімін. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі өмірге құштар,қандай іске болсын дайын, мақсатына жету жолындағы қиыншылыққа төзімді болады. Ал, ауру - адамның мүмкіндігін шектейді,көңіл күйі жабырқаулы адам ештеңені жоспарлап,алдына айқын мақсат қоя алмайды. Баланың денсаулық жағдайы көптеген факторлардың әсеріне байланысты.Мысалы: ата-ананың денсаулығы, үйдегі жалпы жағдай, білім алу мүмкіншілігі, әлеуметтік жағдай,т.б.

Сөз соңында қайра айтарым, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.

 

 

Просмотр содержимого документа
«Қазіргі студент жастар өміріндегі салауатты өмір салтының құндылығы»







Баяндама

Тақырыбы: Қазіргі студент жастар өміріндегі салауатты өмір салтының құндылығы

Орындаған: Д.Н Семгалиева





















2022 жыл

Тақырыбы:Қазіргі студент жастар өміріндегі салауатты өмір салтының құндылығы.

Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Оқу орындарының оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
Мектеп оқушыларының колледж және университет студенттерінің салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:
- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
- Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу.
Оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның психологиялық, дене – қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру;
Олардың мінез – құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне - өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени – гигиненалық мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек?
Өмір салты дегеніміз не?
Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. Біздіңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;
- физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
- дұрыс жыныстық тәрбие алу;
- зиянды әдеттерден аулақ болу.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны көздейді:
- Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
- Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
- Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана
сүйену;
- Экологияландыру, адам организміне қоршаған орта факторларының
әсерін білу;
- Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты
туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу;
- Үздіксіз оқыту, салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз
қалыптастырып үнемі пайдалану;
- Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін
дайындау.
Осы ұстанымдарды негіздеп жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу барысында мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс. Мұғалім оқу орнындағы басты тұлға. Қай мекеменің болсын нәтижелі, жемісті жұмыс істеуі түптеп келгенде сол оқу орнында еңбек ететін әр мұғалімнің өз міндетіне, көзқарасына тікелей байланысты. Әрбір сыныпта ұстаз алдында отырған шәкірттері де сол болашаққа барар жол үстіндегі талапкерлер.
Қазақстан Республикасының «Білім заңында» оқу орнындағы оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, адамзаттыққа тәрбиелеу және олардың ақыл-ой, танымдық шығармашылық қабілетін анықтау басты міндет екендігі айтылған. Осы міндеттердің жауапкершілігі негізінен мектептегі сынып жетекшісіне жүктеледі. Сондықтан оқушы бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой,танымдық сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құруды көздейді.

Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді:
1. Тән денсаулығы — бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің ағымдағы күйі. Мұның негізі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады.
2. Дене денсаулығы — организм мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұның негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функциялық сақтамалардан құралады.
3. Жан денсаулығы — адамнаң психикалық өріс күйі.
Мұның негізі мінез-құлыққа бара-бар реакцияны қамтамасыз ететін жалпы рухани қолайлы күйден құралады.
Денсаулықтың негізгі өлшемдері мыналар:
• тән және дене күйі үшін — мен істей аламын;
• психикалық күй үшін — мен тілеймін;
• адамгершіліктік күйге — мен істеуге тиістімін.
Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі өмірге құштар,қандай іске болсын дайын, мақсатына жету жолындағы қиыншылыққа төзімді болады.
Ал, ауру - адамның мүмкіндігін шектейді,көңіл күйі жабырқаулы адам ештеңені жоспарлап,алдына айқын мақсат қоя алмайды. Баланың денсаулық жағдайы көптеген факторлардың әсеріне байланысты.Мысалы: ата-ананың денсаулығы, үйдегі жалпы жағдай, білім алу мүмкіншілігі, әлеуметтік жағдай,т.б.

Сөз соңында қайра айтарым, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.