Просмотр содержимого документа
«Халық әні Бір бала»
Сабақ жоспары:№29
Күні:
Пәні : Музыка
Сыныбы: 2 класс
Сабақтың тақырыбы: Ақ бұлақ
Сабақтың мақсаты: Ән орындауда дыбыстардың таза орындалуына көңіл бөлу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: ән мазмұнына сәйкес дыбысты шынайы мәнерлеп орындауды меңгерту.
Дамытушылық: ән мен сөздің мағынасын байланыстыра айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушылардың ән айтуға ,өнеріне деген қызығушылығын арттыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: дауыс ашу , ән айту , музыка тыңдау, әңгімелеу ,сұрақ-жауап т.б
Көрнекілігі: музыкалық аспап,үнтаспа,суретті көріністер т.б
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: «Саржайлау» күй әуенімен кіру.
Психологиялық тренинг: Қызыл бояу-қызғалдақ,
Сары бояу-сарғалдақ.
Жасыл бояу-жайлауым,
Іздеп барар армандап.
Жаңа сабақ:
Бұлақ-таулы жерлерде жиі кездеседі.Жер астынан шығып жатқан су көзін бастау деп атайды.Биік тау басындағы мұзарттың,қардың еруінен пайда болған су көлемі де аз болмайды.Бұлақ суын тазалықтың белгісі,шипалы дәру ретінде жоғары бағаланды.
Ән айту: Ақ бұлақ.
Сөзі мен әнін жазғанБ.Тәжібаев.
Музыкалық шығарманы тыңдау:
Шулы,музыкалық дыбыстардан иллюстрация.
Сергіту сәті: (Жұмбақ жасырылады)
Сынаптай жылтырап,
Биіктен сырғиды,
Ән салып былдырап,
Іздейді ылдиды.
Жауабы: Бұлақ.
Сабақты қорытындылау:
Бұлақ суы қандай болады?
«Ақ бұлақ» әнін қандай аспаптың сүйемелдеуімен орындағыларын келеді?
Үйге тапсырма: «Ақ бұлақ»әнді жаттау.