Сабақ мақсаты: Оқушыларға халықтың рухани мұрасындағы даналықтың маңызын түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: -оқушыларға айнала қоршаған ортаға жақсылық жасай отырып, шыншылдыққа үйрету. - оқушыларды халық даналығы туралы түсіндіре отырып, ізденімпаздық дағдыларын дамыту. -оқушыларды халық даналығының негізінде қарапайымдылық тәрбиелеу. | Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) Әдебиет, музыка,оқулық, дәптер, фотосуреттер, үнтаспа |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталау Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз. Тыныштық сәті Нұрға бөлену Үй тапсырмасын тексеру №29, Болат Көмеков пен Самат Өтениязовтың «Талаптың тұлпарын ерттеген шақ» әңгімесі Сұрақтар: -Білім адамды қандай мақсат-мұраттарға жеткізеді? - Шоқанның бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқадыңдар? -Өзің қандай кітаптарды оқып жүрсің? | Сабақ барысын талдау Оқушылардың зейіні сабаққа ауады, қарым-қатынас орнайды.
|
Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы) Аңыз: «Ұстаздың шәкірттерін сынауы» Баяғы заманда бір данышпан өз шәкірттерін шақырып алып: - Мені кәрілік жеңіп келеді, қауқарым жоқ. Енді сендер мені асырауларың керек,- дейді. Шәкірттері ұстаздарының айтқанымен толық келіседі. Бірақ: - Біз тамақ пен ақшаны қайдан аламыз. Көршілер көмектесе қояр ма екен?! - Мен сендерге «қайыр сұраңдар»деп отырған жоқпын. Рұқсатсыз ала беріңдер,өйткені олардан гөрі ақшаға біз көбірек мұқтажбыз.Сондықтан ол -күнә емес. Сөйтіп,ұстаз шәкірттерін байлардың ақшасын білдірмей алу жолдарын түсіндіреді.Бірақ ол шәкірттеріне ешкімді ренжітпеуді өтінеді. Барлығы жорыққа аттанбақшы болып жатқанда,біреуі үнсіз төмен қарап тұрып қалады. Ұстазы одан: - Не болды? Өз ұстазыңа көмектескін келмей ме? - деп сұрады. - Ғапу етіңіз,Ұстазым! Сіздің айтқаңызды істей алмаймын. Сіз біреудің затын ешкімге білдірмей ұрлап ал деп отырсыз.Ол мүмкін емес,ешкім білмесе де өз ұрлығымды ішім біліп тұрады ғой.Одан да қайыр сұрағаным жақсы. - Мен сендердің жан дүниелеріңнің адал болғанын қалап едім.Адамның қарны ашқаны ештеңе емес,оның жан дүниесі аш болмауы керек.Сондықтан ар-ұждан дауысына құлақ түріп жүріңдер. Әйтеуір біреуің түсіндің-ау! Қалған шәкірттері бұл сөзді естіп,жерге қарайды. 1.Неліктен данышпан өзінің шәкірттерін сынады? 2. Өз-өзіне адал болған шәкірті жақсыдан жаманды қалай ажырата білді? 3. Ар-ұждан дауысы дегеніміз не және оны қай кезде біз ести аламыз? | |
Шығармашылық жұмыс Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.Оқушылар үш топқа бөлінеді. Тапсырма:Дәстүрге байланысты сұрақтар конверт ішінде жасырылған. Әр топқа төрт сұрақтан. 1 – топ: «Даналық» 1. «Сүйінші» деген не? 2. «Шашу» дегеніміз не? 3. «Қонақасы» дегенді қалай түсінесің? 4. «Енші» деген не? 2 – топ: «Руханилық» 1. «Байғазы» дегенді қалай түсінесің? 2. «Ерулік» деген қандай дәстүр? 3. «Сыбаға» деген сөзді қалай түсінесің? 4. «Айдар» деген не? 3 – топ: «Ізгілік» 1. Бес дұшпанды ата? 2. Бес асыл істі ата? 3. Бес қаруды ата? 4. Ат әбзелдерін ата? | 1-топ:1сұрақ (Қуанышты хабар жеткізу) 2сұрақ(Қуаныш айғағы ретінде жасалатын дәстүр. Үйлену тойында, құда келгенде, қоныс тойында) 3сұрақ (Үйге келген қонаққа арнайы мал сойып, сый - сияпат көрсету 4сұрақ Ер жеткен балаларын дүние - мүлкін беріп ата - анасының бөлек шығаруы 2-топ 1. (Жаңа зат немесе жаңа киім үшін берілетін ақшалай немесе заттай сыйлық) 2. (Жаңадан көшіп келген көршілерге бұрыннан тұратын көршілердің үйіне қонаққа шақырып ас беруі) 3. Құрметті қонаққа немесе жақын - жуыққа арнайы сақтаған кәделі ет, жілік мүшелері) 4.(Ер баланы тіл - көзден сақтау үшін қойылатын шаш) 3топ 1. (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ) 2. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) 3. (Мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта) 4. (Ер - тоқым, жүген, құйысқан, өмілдірік, тартпа, үзеңгі т. б.) |
Топпен ән айту. МЕЙІРІМДІ БОЛАЙЫҚШЫ, АҒАЙЫН Сөзі:С.Қалидікі Әні:Қ.Мақандікі Көктем етіп көркейтсе де маңайын, Көріп жүрміз өкпешілдің талайын. Өшігуді қояйықшы өзгеге, Кешірімді болайықшы, ағайын! Көк нөсерін көл етсе де жауындар, Көк пен жерді сел етсе де дауылдар. Пейілдерді пенделікпен тарылтпай, Мейірімді болайықшы, бауырлар! Болашаққа қол ұстасып барайық, Ақиқаттың ауылын іздеп табайық. Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз, Кішіпейіл болайықшы, халайық! Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп, Сонда дағы бөлінумен шаршап ек. Өзімізге қалайтұғын нәрсені, Тілейікші өзгеге де, болса деп! | |
Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен: Көздерімізді жұмамыз, бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады. | Оқушылар тыныштық сәтіне көздерін жұмып отырады.Сабақтан алған әсерлерін қорытындылайды.Сабақтан жақсы көңіл-күймен шығады. |