СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Химия кешені. 9 - сынып

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың

 мақсаты :

Білімділік: Оқушыларға Қазақстан химия өнеркәсібінің құрылымы, заңдылықтары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Просмотр содержимого документа
«Химия кешені. 9 - сынып»

Тексерілді


Директордың

оқу – ісі жөніндегі

орынбасары





Сабақ № 25



Сынып: 9



Пән: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы


Сабақтың тақырыбы: Химия кешені


Сабақтың

мақсаты :

Білімділік: Оқушыларға Қазақстан химия өнеркәсібінің құрылымы, заңдылықтары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың

көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта


Сабақтың түрі: Аралас сабақ


Сабақтың тәсілі : тірек – сызба


Негізгі ұғымдар: химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарының өнеркәсібі, кен-химия саласы, негізгі химия, полимерлер химиясы, полимерлерді өңдеу, фармацевтикалық химия, күкір қышқылы, химиялық қосылыс, фосфор мен минералдық тыңайтқыштар, химиялық талшықтар, пластмасса

Сабақ барысы :

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті


1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

1. Металлургия кешенінің салалары?

2. Түсті металлургия?

3. Қара металлургия?

4. Орналасу принциптері?

3.Жаңа материалға көшу кезең

Химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарының өнеркәсібі, кен-химия саласы, негізгі химия, полимерлер химиясы, полимерлерді өңдеу, фармацевтикалық химия, күкір қышқылы, химиялық қосылыс, фосфор мен минералдық тыңайтқыштар, химиялық талшықтар, пластмасса – анықтама беру

4.Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық

Кіріспе сұрақтар:

1) Конструкциялық материалдарының негізгі топтарын еске түсіріңдер.

2) Жаңа материалдарға не жатады?

5.Жаңа білімді меңгеру

Химия өнеркәсібі- шаруашылықтың техникалық дамуын анықтайтын маңызды саланың бірі. Бұл өнереәсіп шаруашылық салаларын әртүрлі дайын химиялық шикізаттармен қамтамасыз етеді. Химия өнеркәсібі – ауыр өнеркәсіптің бір саласы, оның құрамына минералды және басқа да химиялық қайта өңдеуден өтетіт түрлі шикі зат өнімдерін өңдейтін өндіріс орындары кіреді.

Тараз, Шымкент, Ақтөбе химия комбинаттары минералды тыңайтқыштар, Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу кәсіп-орындары жанармай Қостанай химия зауыты жасанды талшық, Шымкент химия комбинаты шина, резина, техникалық бұйымдар, синтетикалық жуу заттарын, фармацептік препараттар, Теміртау зауыты синтетикалық каучук шығарады.

Химия өнеркәсібінің салалық құрамы өте күрделі,ол кен химиясы,негізгі химия және органикалық синтез бен полимер химиясы салаларынан тұрады.Кен химиясы саласына Жамбыл облысындағы, Қаратау фосфорит алабы кіреді. Оның ең ірі кен орындары-Жаңатас,Ақсай,Шолақтау.Қаратау фосфоритінен фосфор тынайтқыштарын өндіру республикада жолға қойылған.Тараз суперфосфат зауыты 1946 жылдан бері фосфор өнімдерін шығарады.

Күкірт қышқылы-химия өнеркәсібінің маңызды әрі көп қолданылатын өнімдерінің бірі.Күкірт қышқылы мұнай өнімдерін тазалауда,аккумуляторды толтыруда,арамшөптерге қарсы күресу үшін ауыл шаруашылығында пайдаланылады.

Шымкент фосфор тыңайтқышы мен фосфор тұздарын өндіретін химия зауыттары және Тараз суперфосфат зауыты Қаратау фосфоритінің негізінде жұмыс істейді. Осы зауыттарда өндірілетін тыңайтқыштар мақта мен қызылша егістіктерінде пайдаланылады. Қазіргі тоқыма өнеркәсібінде табиғи талшықтарымен бірге көп мөлшерде химиялық талшықтар пайдаланылады.Химиялық талшықтар: жасанды және синтетикалық болып екіге бөлінеді. Синтетикалық талшық органикалық және органикалық емес талшықтардан алынады.Химия өнеркәсібі басқа химия өнеркәсіп салаларымен салыстырғанда суды көп мөлшерде қажет етеді.

Қарағанды синтетикалық каучук зауытында кокс химия және смола айдайтын цехтар жұмыс істейді.Сентетикалық смоладан пластмасса алуға болады.

Пластмасса механикалық жағынан өте берік және жеңіл.Қатты болғанымен, кесу және қысу арқылы өңдеуге болады.Химия өнеркәсібі менералды тыңайтқыштар өндірудің негізінде ауыл шаруашылығын интенсивтендіруде, халықты тұтыну заттармен толық қамтамассыз етуге жағдай туғызады.

Кесте арқылы химия өнеркәсібі кәсіпорындарының орталықтарын, шығаратын өнімдерін түсіндіру.

Орталықтары

Шығаратын өнімдері

Тараз, Шымкент, Ақтөбе.

Минералды тыңайтқыштар.

Павлодар, Шымкент.

Жанармай.

Қостанай.

Жасанды талшық.


Шымкент.

Шина, резина, техникалық бұйым, синтетикалық жуу заттары, фармацептік препараттар.

Теміртау.

Синтетикалық каучук.


Тірек-сызба арқылы химия өнеркәсібінің салалық құрамын түсіндіру.

Химия өнеркәсібі



Органикалық синтез бен полимер химиясы.

Негізгі химия

Кен химиясы




Жасанды талшық, жасанды каучук, пластмасса, бояу, кір жуатын ұнтақ.

Сода өндірісі, күкірт қышқылы, минералды тыңайтқыштар.

Фосфор және калий тұздары, ас тұзы, апатит.





Қазіргі заманғы химиялық технологияның көптеген артықшылықтары бар:

1.Алуан түрлі шикізат қорларын аса бағалау өнеркәсіп өнімдеріне айналдырады.Оған химиялық минералды шикізаттар:минералды отындар, әсіресе мұнай,газ,көмір,жанғыш тақтатас,апатит,фосфорит,калий тұзы,миробилит,ас тұзы,күкірт,ағаш,су және ауылшарушылық шикізаттар жатады.

2.Техникалық погресті пайдаланудың негізінде өндіріске шикізаттың жаңа түрлері егізілуде.

3.Қымбат және тапшы шикізаттар арзан және көп тараған шикізаттармен алмастырылады.

4.Шикізатты кешенді пайдалануға жағдай туғызылады.

5.Өндірістік қалдықтарды пайдаланудың негізінде жаңа өнімдер алынады.

6.Бір шикізаттан әртүрлі өнімдер, керісінше, бір өнімді әртүрлі шикізаттардан алуға болады.

Республика шарушылығының жетекші салаларының бірі – құрылыс материалдары өнеркәсібі.Бұл барлық шарушылықтың салаларымен тығыз байланысты.

Құрылыс материалдары өнеркәсібінің ішіндегі ең негізгісі – бетон және темір-бетон бұйымдарын жасау.Олар – болат,арматура,цемент және бетон толықтырғыштарынан жасалады.Саз,гипс,асбест – Солтүстік Қазақстан,Оңтүстік Қазақстан,Орталық Қазақстан және Шығыс Қазақстаннан,ең жоғары сапалы ақ саз (каолинді саз) – Ақмола облысындағы Алексеев кенішінен,кварц құмы – Ақмола,Павлодар облыстарынан өндірілуде.Табиғи асфальт – Атырау облысында,гранит-Қаскеленде,асбест – Жетіқарада,керамзит және саз – Алматыда Шымкент маңында өндіріледі.

Жергілікті кварцитті пайдаланып жұмыс істейтін шыны зауыты Шортандыда және Атырау облысы Құрманғазы елді мекенінде орналасқан.

Жергілікті қамыс және қоға шикізаты негізінде Қызылорда қаласында қатырма қағаз (картон) шығару зауыты жұмыс істейді.

6.Жаңа тақырыпты түсінгенін тексеру

Картамен жұмыс. Химия кешеніне байланысты зауыттарды картадан көрсету

7. Жаңа білімді бекіту

1. Химия өнеркәсібінің өнімдері?

2. Химия өнеркәсібінің басқа салалармен байланысы?

3. Кен химиясы?

4. Негізгі химия?

5. Органикалық синтез бен полимер химиясы?

8. Үйге тапсырма беру.

Химия кешені.