Сабақ 28- сабақ | Сабақ өтілетін уақыт: . Орны: | Барлық оқушы саны: Қатысқаны: |
Сілтеме | Күнтізбелік жоспар, оқу жоспары, оқулық(Химия, 9-сынып. Н.Н.Нұрахметов, К.Жексембина, Н.Заграничная, 2013ж ). |
Сабақ тақырыбы | Көміртектің маңызды қосылыстары. |
Жалпы мақсаттар | Көміртектің маңызды қосылыстары туралы жалпы түсінікті қалыптастыра отырып, өзара ақпарат алмасуға және топпен жұмыс жасауға үйрету. |
Түйінді идеялар | Көміртек оксиді, көмір қы туралы, карбонаттар туралы түсініктерді қалыптастыру |
Оқыту нәтижелері | Көміртектің маңызды қосылыстары туралы оқу арқылы, топпен жұмыс істеу барысында өзін- өзі оқыту арқылы, ойлау қабілеттерін дамытады, оқудың қызықты түрлерімен танысады. |
Көрнекіліктер | Интерактивті тақта, слайдтар, блум кубигі. Топқа бөлу кубиктері. |
Дереккөздер | |
Сабақ барысы | Уақыты | Тапсырмалар | Әдіс-тәсілдер | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау(формативті, суммативті) |
Сабақ кезеңдері 1-кезең: Қызығушылықты ояту: - ұйымдастыру. Белсенді әрекетке жұмылдыру. | 2 | Сәлемдесу Топқа бөлу, топ басшысын сайлау | «Кубиктер бойынша» | Сәлемдеседі! Бөліну кубиктерін таңдап алуға ұсынады. Әр парталарға жазулар қояды.Топ ережелерімен таныстырады. | Сәлемдеседі. Оқушылар сол бойынша үш топқа бөлінеді.Топ басшысын сайлайды.Топ ережелерін сақтайды. Топ басшысы (спикер) өзінің топ мүшелерін бағалайды. | |
- үй тапсырмасын тексеру; | 3 | Көміртек. | «Блум кубигі». | Блум кубигі бойынша нұсқау береді. | Блум таксономиясына сәйкес сұрақтар құрастырып, жауап береді. | |
-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі; | 5 | Құрастырылған сұрақтарға жауап беру. | «Крестиктер-нөлдіктер» | Құрастырылған сұрақтарды алмастырып, ойынды ұйымдастырады. | Сұрақтарға жауап береді. Крестик-нөлдік ойынында тобын алға жетелейді. | «Тапсырманы сәтті орындаған оқушыларға мақтау айтылады. |
-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі; | 5 | Формулаларды еске түсіру. | «Лоси» | Ұйымдастырады. Сынып бөлмесіне терминдер мен формулаларды іледі. Нұсқау береді. | Терминдер мен формулаларды сәйкестендіріп, топ басшылары қорғайды | |
- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады; | 3 | Формативті бағалау | «Бағдаршам» | Түрлі- түсті қағаздарды тарату арқылы, кері байланысты орнатады. | .Қағаздарды көтеру арқылы кері байланыс жасайды. Қызыл- мүлдем түсінбедім, сары- жартылай түсіндім, Жасыл- барлығын түсіндім. | бағдаршам |
2-кезең: Мағынаны ажырату: - оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады; | 20 | Жаңа сабақ. Берілген мәтіндерді оқи, талдай отырып, басқа топтарға түсіндіреді | «Жигсо» | Топтар бойынша тақырыпшалар береді: 1.Көміртек оксидтері 2.Көмір қышқылы, карбонаттар. 3. Көміртектің табиғаттағы айналымы, маңызы. | Берілген мәтіндерді оқи, талдай отырып, постер құрады, топ бойынша қорғап, түсіндіреді. Сұрақтармен алмасады. | |
3-кезең: Ой- толғаныс: сабақ қорытындысы | 5 | Жаңа сабақты бекіту | «Даналық ағашы». | Даналық ағашының суретін іледі, стикерлер таратып, нұсқау береді. | Даналық ағашына сұрақтар құрастырып, іледі, қарсылас топтар жауап беріп кері байланысты орнатады. | «Даналық ағашы» . |
Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы) | 1 | Көміртектің маңызды қосылыстары | | Үйге тапсырма береді. | Күнделікке үй тапсырмасын жазады. | Спикер өз тобы бойынша бағалайды Қорытынды баға қойылады |
Рефлексия | 1 | | | | |