Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 7 мин. | І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады. ә). Қауіпсіздік ережесін еске түсіру. б). Топтастыру. | Сап түзеп тұру арқылы 1, 2 санын реттілікпен саналу арқылы екі топқа бірігеді. І-топ: ІІ-топ Топтың ережесі: ТҚЕ сақтау. Топ басшысына бағыну. Белсенді болу. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау. Уақыт шегінде жұмыс жасау. | Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі. | Тоқыма жіп |
Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі. Жаттығу жасайды. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. | Әр химиялық элементтің өзінің жеке таңбасы болатынын білетін боламыз; химиялық элемент атомның белгілі бір түрі екенін түсінеміз; элементтерді металдар және бейметалдар, заттарды жай және күрделі заттар деп жіктеуді үйренеміз. | Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. | Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 15 мин. | Білу және түсіну Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. Химиялық элементтер. Жай және күрделі заттар туралы видео ролик көрсетіледі | Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. | Мұғалім сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!». | Видео «Жай және күрделі заттар» |
Жеке жұмыс 5 мин | Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау №1,2,3 | №1 Химиялық элемент дегеніміз не? Химиялық элемент және жай зат ұғымдарының айырмашылығы қандай? №2. Келесі тұжырымдардың қайсысында химиялық элемент, қайсысында жай зат туралы сөз болады? А) азот пен оттек ауаның негізін құрайды; ә) жер қыртысының жартысы оттектің үлесіне тиеді; б) азот өсімдіктің өсуіне қажет; в) гелий ең алғаш Күннен табылды. №3. Жай заттар қандай үлкен екі топқа бөлінеді және олардың бір- бірінен айырмашылығы неде? | Дескриптор: - Сызба сызады-1б - Өз тұжырымдарын негіздейді-1б -Айырмашылығын табады-1б -Химиялық элементтерді жаттайды-1б | ДК экраны 7-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |
Топтық жұмыс 6 мин | Оқулықтағы Біліміңді тексер тапсырмасын орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. | Атомдық нөмірлері 6, 8, 12, 18, 22, 33, 29, 79, 80-ге тең химия лық элементтерді периодтық жүйеден тауып көрсетіп, оларды атай аласың ба? Периодтық жүйеде а) ғаламшарлар; ә) атақты ғалымдар; б) мем- ле кет; в) қалалар құрметіне аталған элементтер бар ма? | Дескриптор: -Химиялық элементтерді периодтық кестеден тауып көрсетеді-1б -Периодтық жүйені кесте бойынша түсіндіреді-1б -Кесте бойынша салыстырады-1б | ДК экраны 7-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 12 мин. | «Бір ауыз сөз» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. | Жеке жұмыс: Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. Т.б. | Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды. | |