Химия пәні бойынша сыныптан тыс іс – шара. 06.04.12
«Металдар» тақырыбын жүйелеп,пысықтау үшін халықтық педагогикамен ,экологиямен байланыстырған « Ғажайып жетілік» атты конференция өткіздім.
Қатысқандар: 8-9 сынып оқушылары.
Конференцияға қатысып отырған оқушылардың өздері әр түрлі маман иелері –
Географ,тарихшы,физик,химик,биолог,эколог,әдебиетші,дәрігер,зергер болып бөлініп жеті металл: алтын,күміс,мыс,темір,қорғасын,қалайы, сынап кездесетін жерлері ашылу тарихыфизикалық және химиялық қасиеттері қолданылуы туралы білімдерін ортаға салды.
Кабинет көрнекіліктермен жабдықталған: Д.И.Менделеевтің портреті,периодтық кестесі,жеті металдың таңбаоары,рефераттар,интерактивті тақта.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Адамзат баласы өте ертеден,көне заманнан пайдаоанып келе жатқан 7 металл бар.Олар:алтын,күміс, мыс,темір,қорғасын,қалайы,сынап.
Мыстан ата- бабаларымыз алғаш тұрмыс құралдарын жасаған,қоспасы қола,жез де тұрмыста кеңінен қолданылады.
Қазақ халқына жеті саны киелі болып есептеледі.Жаңа туған нәрестенің шілдеханасы жеті күн жасалады.Білімдар адамды « жеті жұрттың» тілін біледі дейді,жеті жарғы,жеті ата,жеті ғашық.
Жеті саны - құпияның нышаны,көзге көрінбейтін құбылыстарды,жұмбақ әлемді зерттейтін жолдардың бағдары.Бұл - билік етуші жеті ғаламшар,аптаның жеті күні,үн – әуеннің жеті нотасы.
Түркістандағы Қ.Ахмет кесенесінің негізгі орталығы,құдреті ол – тайқазан жеті түрлі металдан жасалған - алып қазан екен,немесе қола қазан деп те атайды екен.Ежелгі дәстүр бойынша «қазан – жеті ырыстың бірі» деп саналған. Құрамы жеті дәмнен тұратын «Наурыз көже» әзірленіп жұртшылыққа таратылады.
Алхимиктер металдардың жаратылысын аспан денелерімен байланыстырып, оларды белгілеу үшін ғаламшарлардың таңбасын пайдаланған.
Алтынды – Күннің ,күмісті – Айдың, мысты – Шолпанның, темірді – Марстың,
қорғасынды – Сатурнның,қалайыны – Юпитердің, сынапты – Меркурийдің
таңбасымен белгілейді екен.
Олай болса бүгінгі кешімізге қатысып отырған мамант иелерімен танысайық:
Географ және қазақ тілі маманы - Байеділ Диана
Тарихшы - Сапарбаева Ақмарал
Физик және химик - Байғабұлова Аида
Биолог - Искандарова Гулзада
Эколог - Қапан Нұржан
Дәрігер - Смаилов Әди
Зергер - Искандаров Қылышбек
Байеділ Диана
Географ және қазақ тілі маманы
Сапарбаева Ақмарал
Тарихшы
Байғабулова Аида
Физик және химик
Искандарова Гүлзада
Биолог
Қапан Нұржан
Эколог
Смаилов Әди
Дәрігер
Искандаров Қылышбек
Зергер