Психологиялық ахуал | – Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік. Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі- көңіл ажары ! Күліп өмір сүрейік! | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Жаңа сабақ | Барлық талшықтар таза (табиғи) және химиялық болып үлкен екі топқа бөлінеді. Табиғатта кездесетін талшықтарды тaбиғи деп, ал завод жағдайында алынатындарды-химиялық дейді. Өсімдік тектес (циллюлозалық — мақта, зығыр, кендір, т. б.) мал тектес (белоктың- жүн, таза жібек) және минерал тектестер (асбест) табиғи талшықтарға жатады. Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық болып бөлінеді. Жасанды талшықтар да өсімдік, мал және минерал тектес болып келеді, сондықтан олар таза табиғи талшықтар сияқты целлюлозалық (вискозды, ацетатты, триацетатты, мысаммиакты және баскалар), белокты (казеинді), минералды (шынылық және металдык) болып бөлінеді. Жай заттардың молекулаларын синтездеу (қосу) арқылы алынған талшықтарды синтетикалық деп атайды. Оған жататындар — капрон, лавсан, нитрон, хлорин, винол, полиэтилен, полипропилен және басқалар. Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалык болып бөлінеді. Ағаш целлюлозасы, мақтаның қалдығы, шыны, металдар және баскалар жасанды талшықтар өндірудегі шикізат болып табылады. Синтетикалық талшықтар шикізатын өндірудің бастапқы азығы болып газ және тас көмір мен мұнай өндеуден шыққан өнімі алынады. Жасанды талшық — табиғи органикалық полимерлерден синтездеу арқылы алынатын химиялық талшық. Жасанды талшық ең алғаш өнеркәсіптік масштабта 1891 жылы Францияда целлюлоза нитратынан өндірілді. Жасанды талшыққа вискозалы, мыс-аммиакты, ацетатты, белоктық жасанды талшықтар жатады. Вискозалы, мыс-аммиакты және ацетатты талшықтардыцеллюлозадан алады; мыс-аммиакты және ацетатты талшықтарды алуға, көбінесе, мақта целлюлозасы пайдаланылады. Белоктық талшықты алуға өсімдіктекті және жануартекті (мысалы, казеин) ақуызды қолданады. Жасанды талшықты полимерерітінділерінен құрғақ немесе ылғал әдіспен қалыптап, тоқыма не арқан жіп ретінде шығарады. Жасанды талшықтың кемшілігі —гигиеналық және гигроскопиялық қасиеттерінің төмендігі. Алайда берік, төзімді әрі арзан болғандықтан жасанды талшық өндіру артуда. Қасиеттері | Беріктік | Отыруы | Ылғал-сіңіргіштік | Созылымдылық | Жыулуы | 1. Нейлон 2. Полиэстер 3. Зығыр 4. Жібек 5. Мақта 6. Акрил 7. Вискоза 8. Ацетат 9. Жүн 10. Эластан | 1. Жүн 2. Мақта 3. Зығыр 4. Жібек 5. Ацетат | 1. Мақта 2. Зығыр 3. Жібек 4. Висвоза 5. Жүн 6.Ацетат 7. Нейлон 8. Акрил 9. Полиэстер 10. Эластан | 1. Элатан 2. Нейлон 3. Жүн 4. Жібек 5. Полиэстер 6. Акрил 7. Вискоза 8. Мақта | 1. Эластан 2. Полиэстер 3. Нейлон 4. акрил 5. Жібек 6. Ацетат 7. Зығыр 8. Мақта 9.Вискоза 10.Жүн | |