СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

?ке .Мен со?ысты к?ргенім жо?.Мен т?уелсіз ?аза?станда бейбіт ?мірде д?ниеге келдім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Со?ыс, со?ыс. ?андай суы? с?з б?л! Сол с?рапыл жылдарда ?анша азамат жер ??шты, ?анша бала ?кесінен, ?анша ана баласынан, ?аншама ?й тірегінен айырылды. Ауылданс?н, ?мірденм?нкетіп, с?ры?сызбірд?ниегеайналды.  С?йтіп со?ыс ?р ?йге, ?ротбасыны??мірінежазылмасжараны?ізін?алдырды. ?лыОтансо?ысыКе?есОда?ы халы?тарыны? тарихында?ы ?асіретті бет ?анаемес, сонымен?атаролхалы?тарымызды?те?десіжо?ерлігі мен ?ажыр - ?айратыны?, бірлігіні?д?леліеді.Мен со?ысты к?ргенім жо?.Мен т?уелсіз ?аза?станда бейбіт ?мірде д?ниеге келдім

Просмотр содержимого документа
«?ке .Мен со?ысты к?ргенім жо?.Мен т?уелсіз ?аза?станда бейбіт ?мірде д?ниеге келдім»

«Әкешім — асқар тауым»

Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдансән, өмірденмәнкетіп, сұрықсызбірдүниегеайналды.
Сөйтіп соғыс әр үйге, әротбасыныңөмірінежазылмасжараныңізінқалдырды. ҰлыОтансоғысыКеңесОдағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қанаемес, соныменқатаролхалықтарымыздыңтеңдесіжоқерлігі мен қажыр - қайратының, бірлігініңдәлеліеді.Мен соғысты көргенім жоқ.Мен тәуелсіз Қазақстанда бейбіт өмірде дүниеге келдім.Соғысты тарихтан білемін.Мен соғысты әкемнің естеліктерінен, әңгімелерінен тыңдап білемін.

Сол сұрапыл сұм соғысқа менің әкемЖарасов Әмірхан 1943 жылы аттанған екен. Менің әкем Жарасов Әмірхан 1914 жылы Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Алқау ауылында дүниеге келген. Ата - анасы шаруа адамдары болған. Мектеп бітіргеннен кейін, 1931-32-ші жылдары сауатсыздықты жою мектебінде мұғалім болыпты.1934-40-шы жылдары ауылдық кеңесте хатшылық жұмыс жасаған екен.1941 жылы Жаркөл ауылдық кеңесі төрағасы болып жоғарылатылып,соғысқа аттағанға дейін жұмыс жасайды.

1943 жылдың басында майданға аттанады.Қарулас достарымен бірге Свердловск қаласынан 200 шақырым жердегі Иланск әскери лагеріне түседі.Бір ай жаттығу-оқудан кейін бәрімізді жан-жаққа бөліп жіберді -дейдіәкем ауыр күрсіне.Сөйтіп,1943 жылы тамыз айында жауынгерлік өмірбаяны басталады.

1-ші Брянск майданында №96-шы гвардиялық айрықша миномет полкінің 4-ші жеке құрамында соғысқа кірістім,Брянск,Калинин майдандарында М-13реактивті миномет қондырғысы «Катюша» жойқын қаруымен жау ордаларын қаншама рет ойрандадық-дейді үні құмыға шығып,ала бөтен күйге түскендей болады.Сол кезде әкемнің көз алдына алыста қалған алапат соғыс суреттері өтіп жатқанын енді ғана түсінгендеймін.

Калинин майданында Великие Луки қаласы үшін шайқаста қатты жараланып,ес-түсінен айырылып,1943 жылдың қараша айынан 1944 жылғы мамыр айына дейін Москва түбіндегі Иваново қаласындағы госпитальдан емделіп,жазылып шығады.Осы кезеңнен бастап 203-ші минадан тазартатын дербес құрамасы қатарында соғысқа қайта араласады.Балтық жағалауындағы елдерді ,Варшава,Рельзит қалаларын минадан тазартуда қауып-қатерге толы жолдардан өтіп,жеңіскеде жетеді.1944 жылы «Ерлігі үшін» және бірнеше жауынгерлік медальдарға ие болған.

Ауылға келген соң қызу еңбектің ортасы колхозда еңбек етіп жұмыс жасапты. «Жанкелдин», «Олжа», «Қызыл жұлдыз»колхоздарында бас есепші қызметтерін атқарады.1953 жылдан бастап «Сталин» атындағы колхоздың бас есепшісі болады,1960-70-ші жылдары «Торғай»совхозы «Бейсенбай»бөлімшесінің басқарушысы қызметін атқарады.1971-77-ші жылдары «Албарбөгет»совхозында бөлімше басқарушысы болып жұмыс жасады.Еңбегімен еленген әкем осы қызметінен1977 жылы зейнеткерлікке шығады.

Әкем1945жылы елге аман - сау оралып, үй іші қуанышқа кенеліпті. 1947жылы әкеманам Бибімен бас қосып, үлгілі жанұялардың бірі атанады. Үш ер бала мен жеті қыз бала тәрбиелеп, оларды оқытып, елге сыйлы азаматтар болуына үлесін қосады.

Әр баласы бөлек - бөлек шаңырақ көтерді. 31 немересі, 27 шөбересі бар бүгінде. Әкем соғыс және еңбек ардагері,әкемді әлі ауылдастары мақтан тұтып әңгімелейді.Жыл сайын көктеммен бірге келетін Жеңіс тойына омырау толы медалін тағынып жиындарға қатысып ,жас жеткіншектерге өз батасын беруші еді. Шіркін, өмірдің зулап, зымырап өтуін қарашы. Ол кез оралмасқа кетті.Ақыл - кеңестің таусылмас қазынасындай боп үйдің төрінде отыратын тау тұлғалы әкем 94 жасқа жеткен кезінде, 2008 жылы бұл дүниеден мәңгілік сапарға аттанды. Бұл қаза менің жаныма қатты батты.Әкемді жылда сағынышпен еске алып отырамын.Қазір біз болашағы жарқын, бағыты айқын тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі ұрпақ бұл азаттықтың қалай келгенін әрине біледі. Қазіргі таңда қаншама елдің бірлігінің бұзылған уақытында тату - тәтті ғұмыр кешіп жатқан біздер, шынымен де бақыттымыз. Бұл тәуелсіздік менің Отаныма берілген тәңірдің сыйы. Аналар да, балалар да жыламасын, даламыз жұтамасын. Ұланғайыр кең даламды соғыс өрті шарпымасын.Аспанымызды бұлт торламасын, ұйқымыз бұзылмасын, ата – анамыз әрқашан қасымызда болсын! - деп тілеймін. Бұл әрине барлық адам баласының арман - тілегі.



Жазған:Молдатаева Торта Әмірханқызы.