СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Кеспе дидактикалық материалдар

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың білімін пысықтау мақсатында жасалған кеспе қағаздар

Просмотр содержимого документа
«Кеспе дидактикалық материалдар»

 
№ 1. Төмендегі мəтінді оқы, сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.
 
Бұл өсімдіктің гүлдері дəрі  үшін пайдаланылады. Қазтабан мамыр-маусым айларында гүлдейді. Қазтабан өсімдігінің бойы шамамен 10-25сантиметрдей. Гүлінің əдемі хош иісі болады. Гүлдері ақ түсті болып келеді.
Қазтабан Қазақстанның шығыс аудандарында жиі кездеседі. Ол егістік жерлерде, үй айналасында, бақшада жабайы өсетін өсімдіктер қатарына жатады.
 


№ 2. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
 
Жаңбыр жауып тұр. Науқан басталды. Астық себілді. Мұхтар – жазушы. Сабақ басталды. Қонақтар жиналды. Бидай – дақыл.
 
«Мұхтар – жазушы» деген тақырыпқа өзара мағыналық байланыста екі-үш сөйлем құра.
 


3. Сөйлемдерді оқып: Қарамен жазылған сөздердің орнына сұрау есімдіктерін қойып, сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.
 
Қарағанды жұртшылығы қонақтарды құрметпен, қарсы алды. Абайлар кешбатаауылға жетті. Ғарышқа ұшырылған ғарышкерлер жерге аман-есен оралды. Қазақстан бір миллиард 250 мың пұт астық тапсырды. Бүгін – құрылысшылар күні.
 
Бір-екі сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
 






4. Мына сөйлемдерді толықтыр.
 
І. 1. Қыс түссе, .... 2. Асханадан тамақ ішсең, .... 3. Мен келсем, .... 4. Майра мына жерге отырса, .... 5. Ол мені таныса, .... 6. Күн ашық болса, .... 7. Жұмыс бітсе, ....  8. Əрсен жерге   жатса, .... 9. Ақшаң болса, .... 10. Жаңбыр жауса, .... 11. Қайрат білмесе, ....
ІІ. 1. ... , менде барамын. 2. ... , балалар далада ойнайды. 3. ... , тез табамын. 4. ... , інім де əн айтады. 5. ... , олар да мектепке бармайды. 6. ... , сендер келіңдер. 7. ... , біз сізді түсінеміз. 8. ... , көкөніс алар едім. 9. ... , олар не істейді? 10. ... , біз қуанышпен қарсы аламыз. 11. ... , ерте тұрамыз.
 
№ 5. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз.
 
Жаңбыр жауып тұр. Науқан басталды. Астықсебілді. Мұхтар – жазушы. Сабақ басталды. Қонақтар жиналды. Бидай – дақыл. «Мұхтар – жазушы» деген тақырыпқа өзара мағыналық байланыста екі-үш сөйлем құра.
 
Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса. Бір-екі сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
 
№ 6. Төмендегі сөйлемдердің соңынан ма, ме, ба, бе, па, пе демеуліктерінің тиістісін қой да, сұраулы сөйлем етіп жаз, тыныс белгісін қой.
 
1. Үлкен жігіт болдың .... 2. Оқушылар түгел жиналды .... 3. Асқар сөйлейтін сөзіне əзір .... 4. Роза, өзіңе міндеттелген істі бітірдің .... 5. Аспан ашық .... 6. Уəделескен уақытқа келесің ....    7. Оны көрдің ....
 
Сен оқушымысың? деген сөйлемнен сұрау мағынасын тудырып тұрған қосымшаны тап.
 
№ 7. Берілген сөйлемдерді оқы, жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жаз.
 
Қыс түсті. Қар жауды. Күн суытты. Аулаға шықты. Қолғап киді. Күрек алды. Жол салды. Тымағы қар. Тымағын қақты. Оспанкірді. Жуынды. Тамақ ішті.
 
Жайылма сөйлемдердегі тұрлаусыз мүшелердің астын сыз. Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жаса.
 
№ 8. Төмендегі сөйлемдерді оқы, көп нүктенің орнына тиісті тыныс белгісін қойып жаз.
 
1. Кел, балалар, оқылық ... Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық .... 2. Өлеңім, шарла ауылды, Тыңда, дала Жамбылды ... Тыңда, Қастек, Қаскелең... 3. Шіркін, Ақмоншақ... Көркі ғой біздің ауылдың .... Ақылы қандай ... Мінезі қандай ... Адамгершілігі қандай ... Нағы еңбек сүйгіш адам ғой .... 4. Түу ... Бұл не деген əсем əн еді ... 5. Ол қандай кемеңгер, адал жан ....
 
Мəтіннен қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді тауып, тыныс белгісінің қойылу себебін түсіндір.
 
№ 9. Төмендегі жай сөйлемдердің баяндауыш тұлғаларын өзгертпей салалас құрмалас сөйлем жаса, қалай байланысып тұрғанын анықта.
 
Нұрланның мұны шал дейтін жөні бар. Өйткені оның бойынан жастықтың ешбір нышаны көрінбейтін еді. Сіздің қолыңыз босай қоймас. Босағанмен бұл жұмыс сізге ауыр тиер. Ол Маратпен сөйлесіп тұрды. Марат əлденеге қуанғандай ниет білдерді.
 
Əр салалас сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдап, олардыңбайланысын айт.
 
№10. Төмендегі жай сөйлемдерді оқы, олардан құрмалас сөйлем жаса.
 
Үлгі: Қатты жел тұрып, теңіздің толқыны күшейді.
       Қатты жел тұрды да, теңіздің толқынык үшейді.
 
Қатты жел тұрды. Теңіздің толқыны күшейді. Аспанды қара бұлт қоршады. Бір кезде селдете құйып жіберді. Біз қайықты жағаға тастай бердік. Паналауға жер іздедік. Ол күні жауын ашылмады. Балық аулауға шыға алмадық.
 
№ 11. Көп нүктенің орнына бағыныңқы сөзді жаз, берілген сөздермен сөз тіркестерін құра. Сөздердің қалай байланысып тұрғанын айт.
 
... жолдас; ... су; ... кеңес; ... ағайын; ... шелек; ... күресу; ... кездесу; ... отыру; ... сатып алу; ... жету; ... бітіру.
 


№ 12. Берілген сөздерден жай сөйлем құрастыр. Екінші сөйлемді сұраулы, төртінші сөйлемді лепті сөйлем етіп жазыңдар.
 
1. Соңында, қарлы, қар, қыстың, астынан, өсіп шығады, бəйшешек.
2. Бəйшешектер, неліктен, өседі, қардың, астында.
3. Гүлдер, жақсы көреді, өте, күн сəулесін.
4. Тезірек, бəйшешек, екен, көрінсе.
5. Бармақшымыз, бəріміз, бəйшешек, тауға, теруге.
 
№ 13. Жай сөйлемнің түрлерін анықта.
 
1. Аспанда қарлығаш ұшып жүр. 2. Үсті ырыс, асты қазына – Қазақстан. Уа, шіркін, өлкемдегі өмір қандай?! 3. Ағашты кескен кім? 4. Бұл барып тұрған тəртіпсіздік! 5. Бөлме ысып кетті. 6. Маған əсіресе қалампыр ұнайды! 7. Ғарышқа тұңғыш ұшқан кім? 8. Мен Ғанимен бірг оқимын. 9. Жеріміз неткен бай!
 
1 жəне 8-сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
 
№14. Төмендегі сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді тауып, оларға сұрақ қойыңдар.
Қаланың көрікті жерінде зəулім үй тұр. Бұл үйге үнемі балалар келіп-кетіп жатады. Бұл зəулім үй «Оқушылар сарайы» деп аталады. Балалар мұнда сурет салады, би үйренеді, шахмат ойнайды. Компьютермен жұмыс істеп, əртүрлі бағдарламалар құрастырады. Мұнда расытхана да бар. Онда нағыз телескоппен аспан əлемін көруге болады.
 
№ 15. Түбірлес сөздерді теріп жазып, сөйлем құраңдар.
Əн, сурет, өнерпаз, əнші, суретші, əншілік, өнер, ұшқыш, өнерлі, ұшты, суреткер.
 
№ 16. Мына сөйлемдерді бір-бірлеп көшір, анықтауыштың сұрағын жақшаның ішіне жазыңыз.
 
1. Желсіз түнде жарық ай. 2. Біздің топта 12 студент бар. 3. Бүгін біз опера театрына барамыз. 4. Іссапарға жүретін адамдар вокзалға келді. 5. Менің досым қол сағат сатып алды. 6. Бөлменің дəл ортасында дөңгелек үстел тұр. 7. Кішкене үйдің қасында биік жаңа үй тұр. 8. Менің інім биыл оныншы сыныпты бітіреді.
 
№ 17. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
 
1. Сіз жақта қыс қандай болады?  (ұзақ па, қысқа ма?).
2. Сен қандай ауа райын ұнатасың?  (жылыны ма, суықты ма?).
3. Мынау нешінші бөлме?  (сегізінші ме, тоғызыншы ма?).
4. Қандай жаттығуды орындап отырсың?  (қиынын ба, оңайын ба?).
5. Қандай сүт ішесің?  (жылы ма, суық па?).
 
№18. Көп нүктенің орнына қажетті пысықтауышты қойыңыз.
 
1. Менің əжем … жүреді. 2. Саған … барамын. 3. Мəтінді … жаттап ал. 4. … қар ериді.       5. Мен … жылы тудым. 6. Біздің … базар бар. 7. Мен … жақсы сөйлеймін. 8. Біз Жаңа жылды … қарсы алдық. 9. Киім сататын дүкенде … адам бар. 10. Мен оған… айттым. 11. Ол мұнда … келді. 12. … жауап бер.
 
№ 19. Мына сөйлемдерді көшіріп жаз. Пысықтауыштың астын сызыңыз жəне жақшаның ішіне сұрағын жазыңыз.
 
Кеше біз жиналыс өткіздік. Студенттер көп жиналды. Аудиторияның ішінде мұғалімдер де, студенттер де отырды, жиналыс өте қызықты өтті. Жиналыс кеш бітті. Ешкімнің кеткісі келмеді. Жатақханаға бəріміз бірге келдік, бөлмеде отырып көп əңгімелестік. Келесі айда тағы жиналыс болады. Оған міндетті түрде қатысамыз.
 
№ 20. Мына сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге, ал хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдыр.
 
І. 1. Сен баяндамаға дайындалдың ба? 2. Жеріміз енді көбейгелі тұрған жоқ па? 3. Басшысы болмаған елде елдік бар ма? 4. Арық адамның көзі өткір болады екен-ау? 5. Баянауыл сияқты жерді кім сүймейді?
ІІ. 1. Бұл қыздың жасы он жетіге жаңа толды. 2. Бала атасының бетіне таңдана қарады. 3. Анау кезде отырғызылған жас шыбықтар көктеп қалыпты. 4. Өзінің жақсы көретін оқушыларының бірі Əділ екен. 5. Бүкіл ауылдың малы сол құдықтан суарылады. 6. Ақыры асыға күткен ұшу сəті де жетті.
 


№ 21. Төмендегі мəтіннен бастауыштарды тауып, олардың қай сөз табынан жасалғанын анықта. Мəтінді аудар.
 
Киіз үй – Орталық жəне Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Ол – көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Киіз үй біздің заманымыздан 3 мың жыл бұрын қола дəуірінен белгілі. Оның сол кезден тарағанын Гоби Алтайындағы, Сібірдегі Баярқия, Қырымдағы тастарға салған суреттерден көруге болады.
Көшпенділердің киіз үйі – тарихымыздағы ең бірінші архитектуралық құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан шопандар да, туристтер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.
 
№ 22. Төмендегі сөйлемдерден баяндауыштарды тауып, олардың қай сөз табынан жасалғанын айт.
 
1. Ауыл жайлауға көшті. 2. Білген тауып айтады, білмеген қауып айтады. 3. Көрдім деген – көп сөз, көрмедім деген – бір сөз. 4. Еменнің иілгені – сынғаны, ердің екі сөйлегені – өлгені. 5. Натальяның қалағаны – Днепрдің Киевке жақындау бойындағы бір үлгілі балалар үйі.                         6. Əлкей басқа балалар сияқты ойынға көп елікпейді. 7. Қасындағысы – жыртық шапанды, жүдеу жүзді, жалаң аяқ, аяғын қалың күс басқан 10-11 жасар бала. 8. Бізді ешкім таныстырмады, өзіміз танысайық. 9. Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек. 10. Əскери адамның өңі суық, сөзі қысқа. 11. Біз топта бесеуміз. 12. Басқаға үлгі болатын сен. 13. Жылқыда өт жоқ. 14. Ұлан-байтақ жеріміз бар. 15. Біздің баратын жеріміз əлі алда.
 
№ 23. Мына мақал-мəтелдердің тыныс белгілерін қойып, көшір.
 
1. Су диханның қаны, жер диханның жаны. 2. Еңбек– ердің сəні. 3. Еңбек түбі береке. 4. Халықтың ортақ үйі– Отан. 5. Бірлік бұзылмас қамал. 6. Білім таусылмас бұлақ, өнер өмірлік мұрат. 7. Өнерлі өрге жүзеді. 8. Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер. 9. Ер дəулеті еңбек. 10. Ырыс алды ынтымақ.
 




№ 24. Мəтіндегі сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
 
Кеше біз үлкен жиналыс өткіздік. Оқушылар көп жиналды. Жиналыс өте қызықты өтті. Қызықты тақырыптар талқыланды. Ешкімнің кеткісі келмеді. Жиналыс кеш аяқталды. Үйге бəріміз бірге қайттық. Келесі айда тағы жиналыс болады. Оған міндетті түрде қатысуымыз керек.
 
№25. Берілген жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыр.
 
1. Күз келді. 2. Күн суық. 3. Сабақ басталды. 4. Оқытушы кірді. 5. Мен оқушымын. 6. Сабақ ұнады. 7. Біз тамақтандық. 8. Тапсырма көп. 9. Мен шаршадым. 10. Сен келесің бе?
 
№ 26. Мəтінді оқы, аудар. Мəтін ішіндегі жалаң сөйлемдерді жайылмаға, жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге ауызша айналдыр.
 
Əр халықтың амандасу салттары əртүрлі. Мысалы, славян халықтары бір-біріне қол беріп амандасса, жапон, қытай, үнді халықтары қос қолын бірлестіріп, маңдайына тигізіп тағзым ету арқылы амандасқан. Ал мұсылман халықтарында ертеде оң қолын жүрегінің басына апарып тағзым ету арқылы амандасу салты болған. Сондай-ақ мұсылман халықтарында амандық салты «Ассалаумағалейкүм!» деген сөзден басталады. Ол жақсы тілек: «Сізге Алланың нұры жаусын!» деген сөз. Жас адам жолы үлкен, жасы үлкен адамға алдымен қос қолын ұсынады. Ал сəлем алушы қария: «Уағалейкүмассалам!» деп оң қолын береді. Ол «Алланың рақым нұры маған бір есе жауса, сізге екі есе жаусын!» деген сөз. Осылай сəлемдесуден кейін амандасушылар бір-біріне:
Деніңіз сау ма? Мал-жаныңыз аман ба? Еліңіз тыныш па? – сұрақтарын қойып,
-Деніміз сау. Мал-жан аман. Ел тыныш. – деген жауаптар қайырады.
№ 27. Мына сөйлемдерді «да», «де», «та», «те», «жəне» жалғаулықтары арқылы ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерге айналдыр.
 
1. Күн жылынды. Қар еріді. 2. Аспанды қара бұлт басты. Жаңбыр қатты жауды. 3. Алтай жазды асыға күтті. Жаз келді. 4. Суық күз жақындады. Жəндіктер азая бастады. 5. Мұғалім келмеді. Сабақ болмады. 6. Сəуірдің ортасы болып қалды. Қыс аяқталды. 7. Салтанат «Əсем» тұрмыс үйіне барды. Аяқкиімін жөндетіп əкелді. 8. Сəкен жолдасына сұрақ қойып жатыр. Жолдасы жауап беріп тұр. 9. Мен үйге келдім. Менің шешем шəй дайындады. 10. Ұшақ қонды. Жолаушылар ұшақтан шықты.
 
№28. Мына сөйлемдерді «бірақ», «сонда да», «əйтсе де» жалғаулықтары арқылы қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерге айналдыр.
 
1. Көктем келді. Күн əлі суық. 2. Мен ағамның үйіне келдім. Үйде ешкім жоқ екен. 3. Ернар киноға кетті. Билет жоқ екен. 4. Мен саған хат жаздым. Сен маған жауап қайтарған жоқсың. 5. Қар жауып тұр. Күн суық емес. 6. Жолдасым ауырып қалды. Дəрігерді шақыртпады. 7. Мен сіңліме ойыншық алдым. Ол онымен ойнамады. 8. Менің қарным ашты. Мен асханаға барған жоқпын. 9. Дүкеннен азық-түлік сатып алайын деп едім. Дүкен ашық емес. 10. Қайрат сағатын жөндетуге кетті. Ақшасын үйде қалдырыпты.
 
№ 29. Мына түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып жаз.
 
1. Сөздің қысқасын айтайын сіздің үстіңіздегі киіміңіз Петербургке лайық көрінбейді. 2. Сіздерге де айтарым сол адал болыңдар. 3. Сенен бір тілегім атүсті асығыс қорытынды жасай көрме. 4. Соққыға жығылған Кенжетайға қарап отырған Асқардың басындағы ой бұл таяқтың тыйылар күні бар ма əлде сорлы халық таяққа құри ма? 5. Оқжетпестің шығыс жағында, Бурабай көлінің жағасында, көлге төне өскен шың бар, аты – Жұмбақтас.
 
№ 30. Мына сөйлемдерді толықтыр.
 
І. 1. Қыс түссе, .... 2. Асханадан тамақ ішсең, .... 3. Мен келсем, .... 4. Майра мына жерге отырса, .... 5. Ол мені таныса, .... 6. Күн ашық болса, .... 7. Жұмыс бітсе, .... 8. Əрсен жерге жатса, ... 9. Ақшаң болса, .... 10. Жаңбыр жауса, .... 11. Қайрат білмесе, ....
ІІ. 1. ... , мен де барамын. 2. ... , балалар далада ойнайды. 3. ... , тезтабамын. 4.... , інімдеəнайтады. 5.... , олар да мектепке бармайды. 6.... , сендер келіңдер. 7.... , біз сізді түсінеміз. 8.... , көкөніс алар едім. 9.... , олар не істейді? 10.... , біз қуанышпен қарсы аламыз. 11.... , ерте тұрамыз. 





















Синтаксис саласы бойынша тестік сауалдар

1-нұсқа
1. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
А) бастауыш  В) баяндауыш  С) толықтауыш  D) еліктеуіш  Е) есімше
2. Сабақтасқұрмалассөйлемдікөрсет.
А) Сабақ аяқталды, оқушылар үйлеріне қайтты  В) Бүгін күн суық
С) Сен қайда барасың?  D) Досым кеше келді
Е) Күн жылы болғандықтан, сыртқа шықтық
3. Толықтауыштытап. 
А) ақынды  В) кеме  С) қаланың  D) қайықтың Е) көктем
4. Хабарлысөйлемдітап. 
А) Қандайғажап.  В) Меніңарманым– дəрігерболу  С) Бұлне?
D) Жазғы демалыс қызықты өтті.  Е) Кім кезекші?
5. Сөйлемніңтұрлаулымүшелерінтап. 
А) бастауыш  В) пысықтауыш  С) еліктеуіш  D) есімше  Е) толықтауыш
6. Салаласқұрмалассөйлемдітап.
А) Құнанбай үндеген жоқ.  В) Күн ыстық болғандықтан, біз шомылуға кеттік. 
С) Таң атып келеді. D) Мен айтып болдым, енді сіз айтыңыз. 
Е) Туыстарым сізге ертең барар.
7. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғауларын тап:
А) сондықтан  В) немесе  С) жəне  D) біресе  Е) алайда
8. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдерді тап.
А) Мұғалім келді, сабақ басталды.  В) Сабақ аяқталды, алайда оқушылар сыныптан шыққан жоқ.  С) Əжеміз үйге келді. D) Маған қазақ тілі өте ұнайды.  Е) Күн ұзарды, түн қысқарды
9. Жайылма сөйлемді көрсет. 
А) Таң атты.  В) Күн шықты.  С) Мұғалім көңілді.  D) Оқу басталатын уақыт та жетті. 
Е) Мектеп тап-таза.
10. Құрмалас сөйлемді көрсет. 
А) Өмірді, еңбекті сүй.  В) Ел іші – өнер кеніші.  С) Ол аспай-саспай киіне бастады.
D) Ажал алыс болса, ақша жақын.  Е) Жақсы сөз – жарым ырыс.
11. Төлсөзді сөйлемді белгіле:
A) Сен дегенде сөз бар ма?  B) Əй дер əже, қой дер қожа жоқ .
C) Балалардың соңғы ермегі –“Ақсүйек”, “Соқыртеке”. D) “Келешек – өткен тарихты қорғау” – дейді Олжас Сүлейменов.
E) Сауатты болу дегеніміз – дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.
12. Атаулысөйлемдікөрсет. 
А) Жаз.  B) Күнертешықты.  C) Мұғалім көңілді.  D) Оқу басталатын уақыт та жетті.
E) Мектеп тап-таза.
13. Жақсыз сөйлемді тап.
А) Құттықтау қағазын алдым. 
В) Əжем ауылға кетті.  С) Оған уақытты өткізу керек.  D) Сəби жылай бастады. 
Е) Қоңырау соғылды.
14. Бастауыш пен баяндауыш арасында қойылатын сызықшаны тап.
А) Сулық жаңбырда киетін киім.  В) Қар жауды.  С) Екі жерде екі төрт.
Д) Оның əке-шешесі бар.  Е) Отбасымыз төртеу еді.
15. Ыңғайластық жалғаулықты тап. 
А) себебі  В) пен  С) не  D) алайда  Е) егер.
 






























2-нұсқа
1. Сөйлемдерде берілген шылаудың түрін көрсетіңіз.
Кітапта Жанкелдіқызы Ұлыбике мен Көшерұлы Күдерінің айтысына орын берілген. 
А) септеулік  В) шарттық  С) талғаулық  D) демеулік  Е) жалғаулық
2. Тұрлаулы мүшені табыңыз. 
А) анықтауыш  В) бастауыш  С) толықтауыш  D) пысықтауыш  Е) одағай
3. Қабысудың анықтамасын табыңыз. 
А) Сөздердің өзара септік жалғауларының біреу арқылы байланысы.
В) Баяндауыштың бастауышпен байланысы.
С) Ілік жалғаулы сөз бен тəуелдік жалғаулы сөздің грамматикалық байланысы.
D) Сөздердің жалғаусыз орын тəртібі арқылы байланысу түрі. 
Е) Табыс, жатыс септіктері арқылы байланыс.
4. Лепті сөйлемді көрсетіңіз. 
А) Бүгін біз өсімдіктер туралы оқыдық.
В) Қалай, емтиханға дайынсың ба С) Ертең жолдасым Алматыға барады
D) Өзеннің жағасы қандай ғажап  Е) Сен барарсың
5. Жайылмасөйлемдікөрсетіңіз. 
А) Уақытбітті.  В) Олоқыпжүр.  С) Менмектепкетезжиналдым.
 D) Жастармерекесі.  Е) Уақыт жоқ.
6. Ыңғайлассалалассөйлемдікөрсетіңіз. 
А) Мен əн айтуды ұнатамын, бірақ оған дауысым келмейді. 
В) Биылжайлаудаболдымжəнеағаларымныңүйінебардым. 
С) Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды. D) Қаржаусада, балалартоңбады.  Е) Менсабаққабармадым, себебісырқаттаныпқалдым.
7. Төлсөзді табыңыз. 
А) Алмасменіңатымдысұрады.  В) Мұратəнніңөзінікіеместігінайтты. 
С) Жылқыларсуішугетоқтады. D) Олқашанкелетінінайтты.  Е) Балам, – дедіол, – сеніңатыңкім?
8. Атаулысөйлемдітабыңыз. 
А) Сағанертеңмектепкебармауғатуракеледі. 
В) Қыс. Сары аяз.  С) Менің жақсы үйге, жақсы орынға жатқым келеді.
D) Бізнарықтықэкономикағабетбұрдық.  Е) Бізнарықтықэкономикадаөмірсүреміз.
9. Сабақтасқұрмалассөйлемдітабыңыз. 
А) Биыл қыс суық болғанмен, қар аз жауды.  В) Ол жақсы оқиды, бірақ адамгершілігі аз. 
С) Қоңыраусоғылдыда, сабақбасталды.  D) Балалар бірде футбол ойнайды, бірде өзенге барып шомылады.  Е) Тезірек жұмысты аяқтау керек, əйтпесе жаңбыр жауады.
10. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз. 
А) «Абай жолы» романы – құнды шығарма.  В) Ақкөңіл Ақан «баланың» сырғытпасын сезген жоқ.  С) Оспан – əдепті бала. D) - Енді не істемекшісің? – деді ана.
Е) Ол ештеңе дей алмады.
11. Сөйлемді толықтырыңыз.
«Мақал-мəтелдер – біздің халық ауыз əдебиетінің ұрпаққа қалдырған ... байлығы».
A) мұра  B) көркемдік  C) əдемі  D) тұңғыш  Е) рухани
12. Жақсыз сөйлемде болмайтын сөйлем мүшесін көрсетіңіз.
A) бастауыш  B) толықтауыш  C) пысықтауыш  D) баяндауыш  E) анықтауыш
13. Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар екенін анықтаңыз. 
А) 4  В) 3  С) 1 D) 6  Е) 214
14. Төл сөзді табыңыз.
A) -Қызым, – деді ол, – сенің атың кім?  B) Жылқылар су ішуге тоқтады.
C) Ол ертең келетінін айтты.  D) Мұрат əннің өзінікі еместігін айтты.
E) Алма менің атымды сұрады.
15. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің санын табыңыз. 
А) 3  В) 5  С) 2 D) 4  Е) 6.






















 
3-нұсқа
1.Ол 1894 жылы туды. 1894 жылы
сөйлемнің қай мүшесі екенін көрсетіңіз.
A) баяндауыш  B) анықтауыш  C) толықтауыш  D) бастауыш  E) пысықтауыш.
2. Сен «Абай жолы» романын оқыдың ба? Сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз.
A) бұйрықты  B) хабарлы  C) лепті  D) сұраулы  E) жай
3. Даратолықтауыштыкөрсетіңіз.
A) табиғатты қорғауды  B) ластанып жатыр  C) су тапшылығына  
D) экология жайында  E) анасын
4. Жайылма сөйлемді табыңыз.
A) Мұғалім балаларды тізім бойынша тексерді. 
B) Мектеп тап-таза.  C) Күн шықты.  D) Сабақ басталды.  E) Таң атты.
5. Құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Ербол кеше сабаққа кешігіп келді.  B) Меноғанренжиқарадым.
C) Немересі қатты қуанды.  D) Олар екі-үш күн ерте келгенімен, ешкімге жолыға қойған жоқ. E) Шешесі кызына сүйсініп те, мақтанып та қарады.
6. Анықтауышы есімдіктен жасалған сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) біздің мектеп  B) тоғыз адам  C) жазған кітап  D) белгілі жазушы  E) сұлу жер
7. Тұрлаулы мүшелердің санын белгілеңіз. 
А) 1  В) 4  С) 2 D) 3  Е) 68
8. Жақты сөйлемді табыңыз.
A) Менің жақсы үйге, жақсы орынға жатқым келеді.  B) Саған ертең мектепке бармауға тура келеді. C) Қыс. Сары аяз. D) Бұл жерде суға түсуге болмайды.
 E) Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық.
9. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Жаңа кітаптар алмақ болып мен дүкенге бардым.  B) Ғылым таппай мақтанба.
C) Сабақты жақсы оқыса, озат оқушы болады.  D) Мен келген кезде қоңырау соғылды.
E) Бұл жерде я сен тұрасың, я мен тұрамын.
10. Төлсөзавторсөзінен кейінтұрғандадұрысқойылғантынысбелгінікөрсетіңіз.
A) Авторсөзі: «Төлсөз».  B) Авторсөзі, Төлсөз.  C) Автор сөзі Төл сөз.  D) Автор сөзі: Төл сөз. E) Автор сөзі, - төл сөз.
11. Атаулысөйлемдітабыңыз.
A) Су жылы екен.  B) Сəлем жолдады.  C) Сізге сəлем деді.  
D) Қараңғы түн.  E) Мəдени-демалыс паркі.
12. Тұрлаусыз мүшелерге жататын сөзді табыңыз.
A) бастауыш  B) баяндауыш  C) толықтауыш  D) етістік  E) одағай
13. Қабысу – бұл
A) ешбір жалғаусыз орын тəртібі арқылы байланысы B) баяндауыш пен бастауыштың байланысы  C) ілік жалғаулы сөз бен тəуелдік жалғаулы сөздің грамматикалық байланысы  D) сөздердің өзара септік жалғауларымен бірігуі арқылы байланысы
Е) толықтауыш пен бастауыш байланысы
14. Айша Ғалымбаева – атақты суретші. Сөйлемдегі Айша Ғалымбаева сөзі қандай сөйлем мүшесі екенін көрсетіңіз.
A) баяндауыш  B) толықтауыш  C) пысықтауыш  D) бастауыш  E) анықтауыш
15. Лепті сөйлем соңында қандай белгі қойылатынын табыңыз.
A) сұрақ белгісі  B) нүкте  C) леп белгісі  D) үтір  E) қос нүкте.
 
4-нұсқа
1. Бастауышы тəуелдік жалғауында тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Біз Қазақстанда тұрамыз.  B) Інім маған көмектесті.  C) Ертең жаңбыр жауады.
D) Келе жатқан үшеу екен.  E) Нұрлан мектепте оқиды.
2. Жалаң сөйлемді табыңыз.
A) Мен мектепке жиналдым.  B) Таң атты.  C) Оқу басталатын уақыт та тез жетті.
D) Бүгінгі мереке маған ұнады.  E) Мұғалім балаларды тізім бойынша тексерді.
3. Баяндауыштары антоним болатын салаластың түрін табыңыз.
A) талғаулы салалас  B) қарсылықты салалас  C) ыңғайлас салалас
D) себеп-салдар салалас  E) кезектес салалас
4. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
A) Жазғы демалысты Раушан ауылда өткізді. 
B) Жазғы демалыста, Раушан, қайда барасың? 
C) Раушан жазғы демалыста ауылда болды.
D) Жазғы демалыста Раушан ауылға барады.
E) Жазғы демалыста Раушан ауылда болды.
5. Төл сөзден бұрын келген автор сөзінен кейін қойылатын белгіні көрсетіңіз.
A) нүкте  B) сызықша  C) дефис  D) үтір  E) қос нүкте
6. Сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) қып-қызыл  B) ащы, тəтті  C) ол бақытты  D) қып-қызыл доп  E) алыс, төмен
7. Жалаң сөйлемді табыңыз.
A) Тақтаға жазды.  B) Сен шақыр. C) Кешірек кел. D) Бүгінгі мереке маған ұнады.
E) Еңбек танымды арттырар.
8. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Қоңырау соғылды, окушылар үзіліске шықты. 
A) жай сөйлем  B) аралас құрмалас сөйлем  C) сабақтас құрмалас сөйлем
D) лепті сөйлем E) салалас құрмалас сөйлем
9. Сөйлемнің түрін белгілеңіз.
Біз Абай көшесінде тұрамыз.
A) лепті  B) бұйрықты  С) хабарлы  D) сұраулы  Е) құрмалас
10. Қыстырма сөздің дұрыс қойылған тыныс белгісін көрсетіңіз.
A) Озық техникаға шіркін, ешнəрсе жетпейді. 
B) Озық техникаға ешнəрсе, шіркін жетпейді.
C) Шіркін, озық техникаға ешнəрсе жетпейді.
D) Озық техникаға еш, шіркін нəрсе жетпейді.
E) Озық шіркін, техникаға ешнəрсе жетпейді.
11. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді табыңыз.
A)  – Сыныптарында тəртібі нашар оқушылар бар ма?, деп сұрады ол. 
B)  – Сыныптарында тəртібі нашар оқушылар бар ма? Деп сұрады ол.
C)  – Сыныптарында тəртібі нашар оқушылар бар ма? – деп сұрады тəлімгер.
D)  – Сыныптарында тəртібі нашар оқушылар бар ма? деп-сұрады ол.
E)  – Сыныптарында тəртібі нашар оқушылар бар ма? деп, сұрады ол.
12. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Мына кісі неткен білімді.  B) Пайда ойлама, ар ойла.
C) Е, жақсы болыпты. D) Қарағым-ай, бұл өмір осындай болады екен.
E ) Даналық халық сөзінде екен.
13. Пысықтауыштың түрін анықтаңыз. Мен бүгін жолға шықтым.
A) қимыл-сын  B) мезгіл  C ) мақсат  D) себеп  E ) мекен
14. Атаулы сөйлемді табыңыз.
A) Бұл жерде суға түсуге болмайды. 
B) Саған ертең мектепке бармауға тура келеді.
C) Менің жақсы үйге, жақсы орынға жатқым келеді.
D) Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық.
E) Кеңдала. Кеш.
15. Сабақтасқұрмалассөйлемдітабыңыз.
A) ЕртеңдопойнауғаяБейсенбарады, яменбарамын. 
B) Біз барғанда, ол мектепте жоқ еді.
C) Ұшақ сағат бесте ұшуы керек еді, алайда ұша алмады.
D) Менің мектепке келгеніме жарты сағат болды, бірақ жиналыс əлі басталған жоқ. 
Е) Əн басылды, бірақ домбыра сазы тоқталған жоқ.
 
5-нұсқа
1. Толықтауыштың түрлерін көрсетіңіз.
A) тура, жанама  B) мезгіл  C) қос сөз  D) мекен  E) мезгіл, себеп
2. Жанасу – бұл:
A) сөздердің өзара алшақ жəне іргелес тұрып байланысуы. 
B) ілік жалғаулы сөз бен тəуелдік жалғаулы сөздің грамматикалық байланысы.
C) баяндауыш пен бастауыштың байланысы.
D) сөздердің жалғаусыз орын тəртібі арқылы байланысы.
E) толықтауыш пен бастауыш байланысы.
3. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
A) Айту, менің парызым.  B) Жастар – еліміздің мақтанышы.
C) Талап талмас – қанат.  D) Ақылды қария ағып жатқан – дария.
E) Ақылды қария – ағып жатқан – дария.
4. Жақты сөйлемді табыңыз.
A) Айсыз, бұлтсыз қараңғы түн. 
B) Кітапты жыртуға болмайды.  C) Қыс. Сары аяз.
D) Мен осы үйдің баласымын.  E) Біздің жақсы оқуымыз  керек.
5. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Бүгін біз төрт сабақ оқыдық жəне оқушылар жиналысы болды.
B) Күн суық, əрі қар борап тұр.  
C) Саяхатқа баратынымызды хабарламақ болып сынып жетекшісін іздедім.
D) Бұл күнде ел де өзгерді, адамдар да өзгерді.
E) Күз түсті, күн салқындады.
6. Қаратпасөздісөйлемдітабыңыз.
A) Шаңқай түс.  B) Күн нұрын төгіп тұр. C) Жаңбыр жауды. D) Олар асығыс жүріп кетті. E) Ботагөз, сен бүгін киноға барасың ба?
7. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
A) Машиналартоқтаған жоқ қой?  B) Сізменітыңдамадыңыз.
C) Оспандеген – əдептібала. D) Күнбүгінашық. E) Олештеңедейалмады.
8. Дарабаяндауыштысөйлемдітабыңыз.
A) Олкелугетиісекен.  B) Оларсуретөнерінжақсыкөретінадамекен.
C) Кележатқанүшеуекен.  D) Олбарлықсыныптытазалады.
E ) Машинабаяужүріпкележатыр.
9. Аяқталған бір ғана ойды білдіретін сөйлемнің түрін белгілеңіз.
A) құрмалас сөйлем  B) аралас құрмалас сөйлем  C) сөйлем мүшесі  
D) сөз тізбегі   E) жай сөйлем
10. Бастауыш қай сөз табынан екенін табыңыз.
Мектепжақтанбіреукележатыр. 
A) зат есім  B) сын есім  C) есімдік  D) үстеу  E) етістік
11. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Əн басылды, – домбыра сазы тоқталған жоқ. 
B) Мен мектепке келдім, бірақ жиналыс əлі басталған жоқ.
C) Ертең доп ойнауға я Бейсен барады, я мен барамын.
D) Олар сағат бесте ұшуы керек еді, – ұша алмады.
E) Біз барғанда, ол мектепте жоқ еді.
12. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
A) Алма сурет салды.  B) Жеңісгүл, келесің бе?
C) Гүлді олар отырғызды.  D) Астық жинады.  E) Тақтаны сүрт.
13. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
A)  – Бұл не деген жұмбақ? – десті екеуі. 
B) ”Аққу көлі” балетін көрдің бе?
C) ”Ат” – көп мағыналы сөз.
D) Өлең – сөздің патшасы....  (Абай) .
E) Ендеше, жөніңді біл, шығарма үніңді.
14. Не мақсатпен, кім үшін, не үшін сұрақтары пысықтауыштың қай түріне қойылатынын анықтаңыз.
A) себеп-салдар  B) тура  C) мекен  D) мезгіл  Е) мақсат
15. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Кəсіпкерлікжылдамдамыды.
A) сабақтас  B) салалас  С) жақты  D) атаулы  E) жақсыз.