СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

?дептілік, ар-?ят - адамды?ты? белгісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ?дептілік, ар-?ят – адамды?ты? белгісі

Ма?саты:  о?ушылар?а ?дептілік ж?не оны? нормалары туралы ке?ірек т?сінік беру; адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман ?деттерден аула? болу?а баулу; о?ушыларды абстрактілі ойлау?а жетелеу; пікірталас тудыру ар?ылы жа?сы ?депті насихаттау;  ?зін-?зі т?рбиелеуге ынталандыру

  1. Психологиялы? дайынды?
  2. К?нні? с?улесі ананы? н?зік ала?анындай екенін білесі?дер, аялайды, жылытады. Олай болса, ?олымызды созып, к?ннен жылу алайы?.

К?н жары?ын ала?ан?а саламын, Ж?регіме басып ?стай ?аламын.

Ізгі ?рі н?зік, жары?, мейірімді,

Болып кетер сонда мына жан - жа?ым.

  1. Топтар?а б?лінейік...

САБЫР  ??РМЕТ  АЛ?ЫС топтары

  • Балалар, ?алай ойлайсы?дар, біз неге саба?ымызды к?н туралы ?ле? шума?тарынан бастады?? К?н туралы не айта аламыз?
  • К?н Жер бетіне жары? пен жылу береді. 
  • Бар тіршілік К?ннен ?уат алады.
  • К?нні? жары?ы мен жылуы адам?а да, ?сімдікке де жануар?а да керек.
  • Егер К?н адам кейпіне енсе, онда ол ?андай адам болар еді?
  • Мейірімді, ?айырымды адам болар еді...
  • ?немі к?ліп ж?рер еді...
  • ?ялша? болар еді...
  • ?депті, сыпайы болар еді.
  • Олай болса, біз б?гін ?дептілік туралы ??гімелесеміз. Алдымен ?деп с?зіні?  аны?тамасына то?талайы?. ?деп-адамны? ?о?амды? ортада ?зін-?зі д?рыс ?стай білуі
  • Топты? ж?мыс
    • ?дептілік с?зіне ассоциация ??растыру

Ізеттілік, инабаттылы?, сыпайылы?, кішіпейілділік,имандылы?,кешірімді болу, ?лкенді сыйлау, сабырлы болу ж?не т.б

  • Кестені толтыру

?депті бала

?депсіз бала

?лкенді сыйлайды

  •  

Кешіре біледі

  •  

Тазалы?ты с?йеді

  •  

 

?лкенге сен деп с?йлейді

  •  

Кек са?тайды

Досын келеке етеді

Досын ренжітеді

?лкендерді сыйламайды

 

  • Жа?даятты талдау, ?з н?с?асын сахналау

    Жандос - отбасыны? е? кенжесі. Ол биыл 9 жас?а тол?ан ту?ан к?ніне достарын ша?ырды.  Ту?ан к?н ?ызы?ты ?тіп жатты. ?сет болса ту?ан к?нге с?л кешігіп келді. ?йткені оны? сыйлы? алу?а а?шасы болмады да а?ыры ?йінде т?р?ан бір блокнотты алып келді. ?сет Жандосты ту?ан к?німен ??тты?тап, сыйлы?ты бергені сол еді.

Жандос: Ра?мет, досым, біра? ма?ан блокнот керек емес, біреуге бере салармын, -деді.

?сет ?йге не кірерін, не кірмесін білмей табалдыры?та т?рып ?алды.

 

Осы м?тіннен ?андай ой т?йді?іздер? Егер ту?ан к?н иесіні? орнында сіз болса?ыз не істер еді?із?

 

  • ?дептілік деген не? Оны ?алай т?сінесі?дер?
  • ?депті бала ?андай деп ойлайсы?дар?
  • ?депті бала бол?ы? келе ме?
  • ?депсіз дегенді ?алай т?сінесі?дер?
  • ?депсіз бала ?андай болады?
  • ?депті болуды бізге кім ?йретті?

Осы жерде мына бір ??гімені? реті келіп т?р. Бая?ыда бір ??ламадан:

  • Сіз осыншама ?депті, м?дениетті болуды кімнен ?йренді?із?- дегенде ол былай депті.
  • Мен ?депті болуды ?депсіздерден ?йрендім, -деген екен.
  • Сонда ол ?депсіздерден ?дептілікті ?алай ?йренді деп ойлайсы?дар?
  • Мен ?депсіздерді? ісін істеген жо?пын, -деп жауап беріпті ??лама.
  1. «Алтын санды?»  ойыны

?дептілікті білдіретін с?здерді алтын санды??а салады, ?депсіздікті білдіретін с?здерді ?о?ыс?а тастайды.

  •  
  •  

Ра?мет. Кешірі?із.  Сау болы?ыз.

?тінемін. Асы?ыз д?мді болыпты.

С?леметсіз бе? О?асы жо?. Сізге д?н ризамын.

Соны да білмейсі? бе? Ей, то?тасай!

Тама? т?тті емес екен. Аты? кім еді? Т?рі? не боп кеткен? Жа?сылы?ты білмейді екенсі?.

 

* ?деп амандасудан басталады деген т?йін жасалады.

 

Амандасу — адамдарды? бір-біріне деген ??рметі, жылы ы?ыласы, мейірімін к?рсету ?лгісі. ?аза?та "с?лем т?зелмей ?лем т?зелмейді", "с?леміміз т?зу" деген с?здер бас?амен татулы?ты, бас?а?а деген жылы шырайды білдіреді.

 

Адам баласыны? бойында жа?сы да, жаман да ?асиеттер болады. Бізге а?ылдылы?ты, адалды?ты, ?арапайым - кішіпейілділікті, инабаттылы?ты, шыншылды?ты ?лкендер ?йретеді. Ол - бізді? ата - анамыз, а? с?тін бере отырып, ана тілімен ?йретеді. Біз оны т?сініп, ата - баба салт, ?деттерін ?йренеміз. Адам болатын бала - барлы? жа?сы ?асиеттерді ?йреніп, жаман мінез ?деттерден, ?намсыз ?ылы?тардан аула? болу?а тырысады.

  1. «?дептілік ережелері» сурет бойынша ж?мыс ?дептілік ережелері
  • ?депті бала ?ашанда с?лемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, к?мегі ж?не ?ам?орлы?ы ?шін ал?ыс айтып, кетіп бара жат?анда ?оштасуды ?мытпайды.
  • ?р?ашан сыпайы болу керек. Сыпайы адам - айналасында?ы адамдар?а ?олайсызды? тудырмайды.  Бай?амай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім с?райды.
  • ?депті бала к?лікте отыр?анда ?лкендерге орын береді.?ариялар?а, м??таж жандар?а шамасы жеткенше к?мектеседі.

 

?депті болу не ?шін керек? О?ушыларды? жауаптары т?мендегідей болуы м?мкін...

  1. Жа?сы адам болу ?шін...
  2. Ата-ана?ды ?ят?а ?алдырмау ?шін...
  3. Айнала?да?ы адамдар?а ?уаныш сыйлау ?шін...
  4. Кішілерге ?лгі болу ?шін...
  5. Сыйлы болу ?шін...
  6. Адам деген арда?ты ат?а кір келтірмеу ?шін...
  7. ?мірде ?з орны?ды табу ?шін...

 

*** Ертеде бір ??лама ?зіні? ш?кірттерін ша?ырып алыпты да 1 деген санды жазып, б?л не деп с?рапты. Сонда ш?кірттері б?л бір депті. 1-ді? ?асына 0-ді салып, та?ы да с?рапты. Ш?кірттері 0 десе, жо? б?л білім депті. Та?ы да 0 салыпты, оны хикмет депті. 0 –ді та?ы да салып,со??ысын байлы? деген екен. Содан со? 1-ді сызып тастайды да: Егер ?дебі? болмаса, білімі? де, хикметі? де, байлы?ы? да н?лге те? депті.

- Ал енді ?андай ой т?йдік?

8. Рефлексия

- Балалар, біз б?гінгі саба?ымызда ?дептілік, сыпайылы? жайлы с?йлестік. ?депті, сыпайы балалар айналасында?ылар?а жа?ымды, с?йкімді екенін т?сіндік. ?рдайым ?депті, сыпайы болу?а, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім с?рауды, ?тінемін деген жылы с?здерді ?немі айту?а ?йрендік. Жа?сы мінез бен жаман ?деттерді ажыратуды, жа?ын адамдар?а ?ам?орлы?, олар?а к?мек к?рсету да?дыларын ?йрендік.

- Олай болса  «Ба?даршам?а» зер салайы?...

«Жасыл т?с» - ?немі ?дептілік ережелерін са?таймын.

«Сары т?с» - ?дептілікті са?тау?а тырысамын, біра?...

«?ызыл т?с» - ?дептілік ережелерін са?тамай-а? ?мір с?руге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотр содержимого документа
«?дептілік, ар-?ят - адамды?ты? белгісі»

Тақырыбы: Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі

Мақсаты: оқушыларға әдептілік және оның нормалары туралы кеңірек түсінік беру; адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу; оқушыларды абстрактілі ойлауға жетелеу; пікірталас тудыру арқылы жақсы әдепті насихаттау; өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру

  1. Психологиялық дайындық

  • Күннің сәулесі ананың нәзік алақанындай екенін білесіңдер, аялайды, жылытады. Олай болса, қолымызды созып, күннен жылу алайық.

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда мына жан - жағым.

  1. Топтарға бөлінейік...

САБЫР ҚҰРМЕТ ІЗЕТ топтары

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, біз неге сабағымызды күн туралы өлең шумақтарынан бастадық? Күн туралы не айта аламыз?

  • Күн Жер бетіне жарық пен жылу береді.

  • Бар тіршілік Күннен қуат алады.

  • Күннің жарығы мен жылуы адамға да, өсімдікке де жануарға да керек.

  • Егер Күн адам кейпіне енсе, онда ол қандай адам болар еді?

  • Мейірімді, қайырымды адам болар еді...

  • Үнемі күліп жүрер еді...

  • Ұялшақ болар еді...

  • Әдепті, сыпайы болар еді.

  • Олай болса, біз бүгін әдептілік туралы әңгімелесеміз. Алдымен әдеп сөзінің анықтамасына тоқталайық. Әдеп-адамның қоғамдық ортада өзін-өзі дұрыс ұстай білуі

  1. Топтық жұмыс

  • Әдептілік сөзіне ассоциация құрастыру

Ізеттілік, инабаттылық, сыпайылық, кішіпейілділік,имандылық,кешірімді болу, үлкенді сыйлау, сабырлы болу және т.б

  • Кестені толтыру

Әдепті бала

Әдепсіз бала

Үлкенді сыйлайды

Сыпайы

Кешіре біледі

Сабырлы

Тазалықты сүйеді

Ұқыпты


Үлкенге сен деп сөйлейді

Дөрекі

Кек сақтайды

Досын келеке етеді

Досын ренжітеді

Үлкендерді сыйламайды


  • Жағдаятты талдау, өз нұсқасын сахналау

Жандос - отбасының ең кенжесі. Ол биыл 9 жасқа толған туған күніне достарын шақырды. Туған күн қызықты өтіп жатты. Әсет болса туған күнге сәл кешігіп келді. Өйткені оның сыйлық алуға ақшасы болмады да ақыры үйінде тұрған бір блокнотты алып келді. Әсет Жандосты туған күнімен құттықтап, сыйлықты бергені сол еді.

Жандос: Рақмет, досым, бірақ маған блокнот керек емес, біреуге бере салармын, -деді.

Әсет үйге не кірерін, не кірмесін білмей табалдырықта тұрып қалды.


Осы мәтіннен қандай ой түйдіңіздер? Егер туған күн иесінің орнында сіз болсаңыз не істер едіңіз?


  • Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесіңдер?

  • Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар?

  • Әдепті бала болғың келе ме?

  • Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Әдепсіз бала қандай болады?

  • Әдепті болуды бізге кім үйретті?

Осы жерде мына бір әңгіменің реті келіп тұр. Баяғыда бір ғұламадан:

  • Сіз осыншама әдепті, мәдениетті болуды кімнен үйрендіңіз?- дегенде ол былай депті.

  • Мен әдепті болуды әдепсіздерден үйрендім, -деген екен.

  • Сонда ол әдепсіздерден әдептілікті қалай үйренді деп ойлайсыңдар?

  • Мен әдепсіздердің ісін істеген жоқпын, -деп жауап беріпті ғұлама.

  1. «Алтын сандық» ойыны

Әдептілікті білдіретін сөздерді алтын сандыққа салады, әдепсіздікті білдіретін сөздерді қоқысқа тастайды.

әдептілік

әдепсіздік

Рақмет. Кешіріңіз. Сау болыңыз.

Өтінемін. Асыңыз дәмді болыпты.

Сәлеметсіз бе? Оқасы жоқ. Сізге дән ризамын.

Соны да білмейсің бе? Ей, тоқтасай!

Тамақ тәтті емес екен. Атың кім еді? Түрің не боп кеткен? Жақсылықты білмейді екенсің.


  1. Мәтінмен жұмыс

Әдептілік
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді. Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:

  • Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен.


- Жарлы мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс - әрекеті арқылы көрінеді?
- Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

* Әдеп амандасудан басталады деген түйін жасалады.


Амандасу — адамдардың бір-біріне деген құрметі, жылы ықыласы, мейірімін көрсету үлгісі. Қазақта "сәлем түзелмей әлем түзелмейді", "сәлеміміз түзу" деген сөздер басқамен татулықты, басқаға деген жылы шырайды білдіреді.


Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады.

  1. «Әдептілік ережелері» сурет бойынша жұмыс
    Әдептілік ережелері

  • Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.

  • Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайы адам - айналасындағы адамдарға қолайсыздық тудырмайды. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.

  • Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.Қарияларға, мұқтаж жандарға шамасы жеткенше көмектеседі.



Әдепті болу не үшін керек? Оқушылардың жауаптары төмендегідей болуы мүмкін...

  1. Жақсы адам болу үшін...

  2. Ата-анаңды ұятқа қалдырмау үшін...

  3. Айналаңдағы адамдарға қуаныш сыйлау үшін...

  4. Кішілерге үлгі болу үшін...

  5. Сыйлы болу үшін...

  6. Адам деген ардақты атқа кір келтірмеу үшін...

  7. Өмірде өз орныңды табу үшін...



*** Ертеде бір ғұлама өзінің шәкірттерін шақырып алыпты да 1 деген санды жазып, бұл не деп сұрапты. Сонда шәкірттері бұл бір депті. 1-дің қасына 0-ді салып, тағы да сұрапты. Шәкірттері 0 десе, жоқ бұл білім депті. Тағы да 0 салыпты, оны хикмет депті. 0 –ді тағы да салып,соңғысын байлық деген екен. Содан соң 1-ді сызып тастайды да: Егер әдебің болмаса, білімің де, хикметің де, байлығың да нөлге тең депті.

- Ал енді қандай ой түйдік?

  1. Сергіту сәті «Күнді құтқару»
    - Балалар, бес саусақ бірдей емес, сол сияқты өмірде жақсы да бар, жаман да бар. Аспандағы күн сияқты бар адам бір-біріне шуағын төгіп, мейірімімен қараса, өмірде ешбір жамандық болмас еді.

Өкінішке орай, Абай атамыз айтып кеткен бес дұшпан әлде де арамызда кездесіп қалады. Олар біздің күнімізді бұлт кейпіне еніп көрсетпей қойды. Енді бәріміз бірігіп күнді құтқарайықшы.

Өсек: Мен ылғи біреуді біреуге жамандап ұрыстырамын да жүремін. Ақыр аяғында бұлттар бір–біріне соғысып, найзағай ойнайды. Мен қандай бұлтпын?

Өтірік: Мен сондай мамық бұлтпын. Сондықтан ғарышкерлер шаршаған кезде менің үстіме жатып демалады, ұйықтайды. Менің айтқаным рас па?

Мақтаншақ: Мен басқа бұлттардан күштімін. Мен бір жауғанда Арал теңізін суға толтырар едім. Бірақ менің бұл жақсылығымды адамдар білмей қалады ғой деп қорқамын.

Еріншек: Мен де көп жаңбыр жаудыра аламын. Құрысыншы, ертең де күн бар ғой. Ертең ақ – жауармын.

Кекшіл: Өткенде ана бір бұлттан таяқ жеп қалып едім, бүгін қайтсем де кегімді қайтаруым керек. Төбелесіміздің арты нөсер болса да айтқанымнан қайтпаймын.

  • Балалар, сіздерге рахмет. Күлімдеген күніміз аспанымызда жарқырап тұра берсін. Ата – анамыз, достарымыз аман болсын. Жақсылығымыз көп, жамандығымыз жоқ болсын.

Әрқашан күн сөнбесін! Хормен айтылады. Біздің арамызда өсекшілерге, өтірікшілерге, мақтаншақтарға, еріншектерге орын жоқ. Алайда, бұлттар бізден кешірім сұрап тұр, кешіреміз бе? Бұдан былай тек өз ісімізбен, «жаңбыр жаудырумен» ғана айналысамыз, – дейді бұлттар.

Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі,

Жамандыққа жақсылық нар кісінің ісі.


8. Рефлексия

- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік. Жақсы мінез бен жаман әдеттерді ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрендік.

- Олай болса бүгінгі сабақтан алған әсерімізді білдіру үшін «Бағдаршамға» зер салайық.
























































.

5