Бекітемін
Мектеп директоры: Б. З. Нигметов
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінде өтетін
«Киелі орда мектебім, Жүректе сақтап өтемін...» атты салтанатты жиынның бағдарламасы
Өтетін күні: 25 мамыр. 2017жыл
Уақыты: 900
Сыныптар: 8-11 сыныптар
1-жүргізуші: Аманов Нұр
2-жүргізуші: Отарова Шынар
Жоспары:
Сағат 700-де мектеп алаңын безендіріп дайындау:
Туды үш қабат жіппен дұрыстап, қатты (шимайлап байлап тастау).
Скочты пайдаланбай шарларды жіппен ілу.
Жүргізушілер сол жақта стойкада орналасқан микрофон арқылы сөйлейді.
Сценадағы стойкада орналасқан мирофон құттықтау үшін қойылады.
11-сыныптар үшін және ән айту үшін радиомикрофондар беріледі.
Мектеп алаңының периметрі бойынша 8-11 сыныптардың оқушылары орналасады:
Сағат 830 да музыка жіберу.
Сағат 845 те мектеп оқушыларын сапқа тұрғызу.
Сағат 900 де фанфар жіберу.
11 сынып оқушыларын ұстазымен бірге ортаға шақыру.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі (ҚР әнұраны ойналады): Хадимов Айдос пен Антаева Дана
Қонақтармен таныстыру.
Мектеп директорының құттықтауы.
Қонақтардың құттықтауы.
Ән «Алға қазақ жігіттері». Орындайтын: Халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы Кайруллиев Асхат.
Алғашқы ұстаздары Сайнова Нұрлы Сайынқызы мен Ажмұратова Саида Орынбасарқызына сөз беру.
Сынып жетекшіcі Айтқалиева Баян Сабырғалиқызы мен Сембі Жансая Хасанқызына сөз беріледі.
Ән «Жастық шақ». Орындайтын: Жас өнерпаз әншіміз Бақытжан Абдрахман.
Ата-аналар атынан құттықтау сөз беріледі.
11 сынып атынан құттықтау сөз Қайыржанов Әбу мен Теміртасова Әселге беріледі.
11 сыныптың алтын кілтін тапсыру: Хабаев Нұрдәулет пен Ақперлиева Айгерім.
10 сынып атынан құттықтау сөз Файзов Бекжанға беріледі.
Мектеп түлектерінің әдеби монтажы.
Түлектердің қоштасу биі.
Шарларды ұшыру сәтін тамашалау.
Түлектердің ұстаздарына гүл сыйлап, биге шақыруы.
Соңғы қоңырауды соғу рәсімі: Қайралы Әділхан мен Тагирова Аружан.
Түлектерге Ақ жол, сәтті сапар тілеу.
Салтанатты жиынды жабық деп жариялау.
Фанфар
1-жүргізуші: Тындаңыздар! Тындаңыздар!
2-жүргізуші:
Армысыздар жиналған ата-ана, ұстаз
Той жиынсыз өмірдің мәні болмас
Арамыздан талпынып қақты қанат
11 жылда оң солын таныған жас
1-жүргізуші:
Бастайтын жолға сан тарап
Басталсын көне салтанат
Дәл осы сәтті біздермен
Тойлайды бар ел шартарап
2-жүргізуші: -Армысыздар, ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, оқушылар! «Киелі орда мектебім, жүректе сақтап өтемін!» атты салатанатты жиынға жиналған қауым.
1-жүргізуші: - Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 19- түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
2-жүргізуші:
Ұрпағың мақтануға болса лайық
Біз бүгін мақтанайық жар салайық .
Биылғы 19-ші жыл түлектерін
Құрметпен қол соғып қарсы алайық!
(Әсем әуен орналасып болғанша жайлап ойнап тұрады)
(Мектеп есігінен 11-сынып оқушылары сынып жетекшілерінің соңынан кезек-кезек шығады. Баспалдақтан толық жүріп өтіп түсіп, 11а сол жаққа, 11ә оң жаққа бұрылып бірінің соңынан бірі жарты шеңбер жасап жүріп өтіп, мектеп есігіне қарама-қарсы жақтың ортаңғы бөлігінде тұрады. Қақ ортасында Жансая Хасанқызы мен Баян Сабыргалиевна тұрады. Олар орналасып болғанша музыка жайлап ойнайды, жүргізушілер тегін, атын хабарлап тұрады. Орналасып болған соң музыка тоқтатылады.)
1-жүргізуші: 11а- сыныбының жетекшісі: Айтқалиева Баян Сабырғалиқызы.
2 - жүргізуші: 11ә- сыныбының жетекшісі: Сембі Жансая Хасанқызы
1. | Тагирова Аружан | 1. | Антаева Дана |
2. | Хадимов Айдос | 2. | Тасқалиев Арман |
3. | Есполова Гауһар | 3. | Игимова Нейля |
4. | Мұхитов Нұрберген | 4. | Қайралы Әділхан |
5. | Женисова Зарина | 5. | Теміртасова Әсел |
6. | Хайржанов Әбу-бәкір | 6. | Ақперлиева Айгерім |
7. | Махамбет Гулпан | 7. | Тажкенов Тимур |
8. | Жалелов Алишер | 8. | Хайруллина Малика |
9. | Каракулова Камида | 9. | Әділгерей Арлан |
10. | Хабаев Нұрдәулет | 10. | Жайлыбек Аружан |
11. | Сағынғалиева Гүлсима | 11. | Мұратов Сұлтан |
12. | Мажит Інжу | 12. | Маратова Марина |
13. | Ғарифолла Милена | 13. | Сағатова Гүлжанат |
14. | Серікова Дария | 14. | Асқар Алдияр |
1-жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
Мемлекеттік туды көтеру құрметін мектебіміздің мақтаныштары, үлгілі оқушылар: Хадимов Айдос пен Антаева Данаға ұсынамыз.
(Музыкамен ортаға шығады. Оң жақтан айналып өтіп Туға барады. Туды көтеріп болған соң оң қолын сол жақ төсіне қойып гимнді айтып тұрады)
(ҚР Мемлекеттік Гимні орындалады)
(Музыкамен сол айналу бағытында (келген жолымен емес) орындарына барып тұрады)
Күй ойналады. Үш ер бала ортаға шығады. Күй баяулайды.
Екі оқушы, олар: Хадимов Айдос пен Бижанов Әлібек Ж. Молдағалиевтің
«Мен - қазақпын» поэмасынан үзінді оқиды. Тасқалие Арман өз өлеңін оқиды.
2-жүргізуші: Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені. – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар: 1. «Қазпошта» акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан Облыстық филиалының директоры Қанешов Бауыржан Бисекенұлы.
2. Аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Жұбатов Маулет Өтемісұлы.
3. Подстепное селолық округі әкімшілігінің бас маманы Жолдығалиев Сағдат Өмірғалиұлы.
1-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы Нығметов Берік Задагерейұлына беріледі.
(Сөз сөйлеп, мадақтамаларды табыс етеді, бұл кезде музыка қосылады)
1-жүргізуші: Ән «Мектебім». Орындайтын: Мектебіміздің түлегі, жас өнерпаз Есполова Гауһар.
2-жүргізуші: Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,
Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.
Өмір теңіз толқындарын көргенде
Асыл аға тілегіңді аңсармын, - демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарына сөз береміз.
Құттықтау сөз «Қазпошта» акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан Облыстық филиалының директоры Қанешов Бауыржан Бисекенұлына беріледі.
1-жүргізуші: Келесі құттықтау сөз аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Жұбатов Маулет Өтемісұлына беріледі.
2-жүргізуші: Құттықтау сөз Подстепное селолық округі әкімшілігінің бас маманы Жолдығалиев Сағдат Өмірғалиұлына беріледі.
1-жүргізуші: Халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Кайруллиев Асхаттың орындауында «Алға қазақ жігіттері» әні.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар және қонақтар!
Бүгінгі салтанатты жиынымызға 2002 жылы бітірген мектеп түлектері ортамызда.
Тек жүректен арналар сөзіміз де,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейік құрметпен өзіңізге
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.
Сөз кезегі 15 жылдық түлектердің атынан Кереева Гүлдана Қайыржанқызына беріледі.
(Музыка)
1-жүргізуші: Әлі есімде әліппені ашқаным
Есіміңді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып –деп,
түлектердің алғашқы ұстаздары Сайнова Нұрлы Сайынқызы мен Ажмұратова Саида Орынбасарқызына сөз беріледі.
(Музыка)
2-жүргізуші: Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі - жетекші бапкерлерде деп, келесі сөз кезегі 11а- сыныбының жетекшісі Айтқалиева Баян Сабырғалиқызына, 11ә- сыныбының жетекшісі Сембі Жансая Хасанқызына беріледі.
(Музыка)
1-жүргізуші: Ән «Жастық шақ». Орындайтын: Жас өнерпаз әншіміз Бақытжан Абдрахман.
2-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан Бүркітов Қайралы Бүркітұлы мен Хасанова Әлия Сәлімқызына беріледі.
(Музыка)
1-жүргізуші: Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында– деп жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек, Қайыржанов Әбу-бәкір мен Теміртасова Әсел ендігі сөзді сендерге береміз.
(Музыка)
Әбу-бәкір: Бұл соңғы қоңырау үні...Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні. Кеше ғана тұлымдарымыз желбіреп, жүректеріміз лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздары едік. Көз салып қарайықшы құрдастар! Әне , балалық шағымыз біздерді үлкен өмірге ақ сол тілеп аттандырғалы тұр. Ойымыз толып, бойымыз өсіп, алтын ұя мектебімізбен қоштасқалы отырмыз. Жүректеріміз не дейді?
Әсел: (музыка әуенімен)
-Бүлдіршіндер өздеріңдей болғанбыз,
Құшақ ашқан алтын ұя ордамыз.
Сол бір сәттер енді қайта келер ме?
Балалығым біз өзіңді қимаймыз,
Алтын ұя мектебім мен аяулы
Ұстаздарым өздеріңді қимаймыз.
Қош бол енді балалығым бал дәмім
Мен өзіңді ғұмыр бойы аңсаймын.
2-жүргізуші: Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11-дің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады, - деп,
білімнің аманат пен алтын кілтін бітіруші түлек, Хабаев Нұрдаулет пен Ақперлиева Айгерім
10-сынып оқушысы, оқу озаты Файзов Бекжанға тапсырады.
(Музыка)
Нұрдәулет: - Білімге басқан жастарың,
Ғылымды іздер үңіліп,
Өмірге сапар бастадық,
Алдымда күліп тұр үміт.
Айгерім: Білімді құйып санаңа
Шәкірт болыңдар білікті.
Орнымызды нық басар деп,
Тапсырамыз «Алтын кілтті»
Бекжан:
Қанатын қағар ақ жолдан
Болыңдар сендер жаңа ұрпақ.
Жарқыраңдар жұлдыздай
Қарасын жұрт таңырқап.
Аяқтап бүгін мектепті
Гүлдерге толды қолдарың.
Шаттықтан тіпті ес етті ,
Сәт-сапар болсын жолдарың.
1-жүргізуші: Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі?
Жақсы ұрпақ – еліміздің шын тірегі.
Ортаға шығып қане тілек айтсын
Әр сыныптың мен деген бір түлегі.
(Музыка орналасып болғанша ойнайды)
(Түлектер симметрияны сақтап тұрулары керек. Центрдің екі жағында бірдей болып тұруы керек. Ұзындары ортасында, қысқалары шет жақтарында тұрады. Ортаға шыққанда бірінші қатардағылар орналасу реті бойынша бір қадым алға шығып, бір саппен оң жақтан жүріп барып тұрады. Екінші, үшінші қатардағылар да орналасу реті бойынша бірінші қатардағыларға қарама-қарсы қозғалып сол жақтан жүріп барып тұрады. Осылайша қарама-қарсы қозғалып, параллель жүріп барып тұрады.)
(Әдеби-монтаж)
1-оқушы: Мұғалім мен ұстазда бар айырма,
Ұстаз деген жақсы әндегі қайырма.
2-оқушы: Мұғалім-ол бар болғаны мамандық,
Жеткеніңше жеті өнерлі шайырға.
3-оқушы: Ұстаз деген ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
4-оқушы: Ұстаз деген шуағы шапағат,
Шаршамайтын,шалдықпайтын тәңірі.
5-оқушы:Ұстаз деген ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
6-оқушы:Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын қиғандар.
7-оқушы: Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне лайық тиімді әдіс – айласы.
8-оқушы: Ұстаз болу – бақыт,әрі абырой,
Ұстаз деген шәкірттердің айнасы.
Барлығы қосылып: Болашақ біздің ұрпақтың атынан
Бұрынғы ата-бабмның атынан
Жеті миллиард адамның атынан
Он сегіз мың ғаламның атынан
РАХМЕТ, САҒАН, ҰСТАЗ!
Ән: «Түлектердің қоштасу әні»
Әннің соңғы қайырмасында түлектер қақпаның алдына барып шарды ұшырады.
Шарды ұстап барып ұшыратындар: Арлан мен Нұрберген.
Сосын қайтадан ортаға келіп «Қоштасу вальсін» билейді.
(«Сыңғырла, қоңырау!» әні)
Болғасын орындарынан тұрып,
гүлдерін және шақыру билеттерін ата-аналарынан қолдарына алады.
2-жүргізуші:
Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып
Шақырайық вальске ұстаздарды,
Қоштасудың вальсін айтып тұрып.
(Мұғалімдерге гүл беріп вальске шақырады)
(«Ұстазым» әні)
1-жүргізуші: Қымбатты мектеп бітіруші түлектер! Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер. Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау.
Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.
2-жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу салтанаты 11 сынып оқушылары Қайралы Әділхан мен Тагирова Аружанға тапсырылады.
(Қоңырау Әділханда болады. Аружан Әділханның қасына келеді, сосын екеуі бірге қоңырау соғады. Әділхан қолына дұрыстап ұстап, қатты соғады. Аружан Әділханның қолынан ұстап жүреді. Бір айналып шығып, бастаған жерінен аяқтайды. Қоңырау Әділханда қалады. Аружан орнына барып тұрады.)
1-жүргізуші: Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.
2-жүргізуші:
Бұл соңғы қоңырау үні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні.
Өмірде ілбіп, тек көшпей,
Жүретін сергек жол мынау.
Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау,
Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп мектеп түлектерін жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз.
(19 «Ұстамыз» әнінің минусовкасы)
(Екі сынып жетекшісі алаңның қақ ортасымен жүріп ішке кіреді. Олардың соңынан алғашында
аталған тізім бойынша түлектер ішке кіреді)
1-жүргізуші:
Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе, Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
2-жүргізуші: Осымен 2016-2017 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар.
(«Мектебім» әндері)