Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні / Дата проведения: 06.11.2019
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область: Шығармашылық
Пән / Предмет: Сурет салу
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Халық өнер туындысы.
Тақырыбы / Тема: "Киіз үйдегі ою"
Мақсаттары / Цели
1. Тәрбиелік – воспитательная: :берілген тақырып бойынша түсіндіру,табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая : балалардың ой-қиялын дамыту. Бейненің формасын, сәйкестігін бере білу біліктілігін дамыту.
3. Оқыту – обучающая : жайлау,киіз үй сөзіне түсінік беру. Сурет арықылы әңгімеге тарту.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, видео ролик,
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, ақ қағаз, жай қарындаш, түрлі-түсті қарандаштар.
Көп тілділік полиязычие: жайлау-,
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Тосын сәт:
Есік қағылып ішке қазақша киімде қызбен жігіт кіреді. Балалармен амандасады. (балаларда келген қонақпен амандасады)
Қонақ: балалар біз сендерге жай келген жоқпыз, өзіміз тұратын жерді таныстырайық деп келдік.
2.Негізгі бөлім
Қонақ: Балалар сендер бәрің қалада көп қабатты үйлерде тұрасыңдар,ал біз болсақ жайлауда киіз үйде тұрамыз. Сендер киіз үй деген сөзді естіп көрдіңдер ме? Қайсың киіз үйді көрдіңдер? Не үшін киіз үй деп аталатынын білесіңдер ме? өйтені ол киізден жасалған.
Сұрақ жауап.
Жайлауда адамдар қандай үйде тұрады екен? (киіз үйлерде)
Жайлауда адамдар қандай еңбекпен айналысады? (мал шаруашылығымен)
Адамдар тамақты қайда пісіреді? ( пештерге)
Жайлауды қалай сипаттап берер едіңдер? (балалардың жауабы)
Суреттермен жұмыс:
Киіз үйдің суреттері болады.(Киіз үйлер,жайылған малдар, дала жап-жасыл,атқа мінген адамдар, пештің қасында тамақ істеп жүрген адамдар) балалар суретке қарап жайлауды сипаттап береді.
Жеке жұмыс:
Алина,Айлана,Шұғыла мен сұрақтар қойыла отырып, сұраққа толық жауап беруін қадағалау, жеке жұмыстар жүргізіледі
Тәрбиеші: балалар олай болса біз кәзір осы киіз үйдегі оюларды ақ парақ бетіне салып көрейік, манадан бері киіз үйді сипаттадық, суреттермен жұмыс жасадық, ол үшін алдарына ақ парақ беремін, және түрлі-түсті қарандаштар мен ою саласыңдар.
Балалар жұмысқа кіріседі. қиналған балаларға қол ұшын беру.
Ойын " Ненің төлі"
Балаларға үй жануарларының суретін көрсетіп, олардың төлдерін қалай атайтынымызды айтқызу. дауыстарын салу.
Сергіту сәті:
Тымақ киіп басыңа
Иыққа шапан жабайық
Тізілген маржан тасы бар
Қаусырма белдік тағайық
Етік-жеңді жинақтап
төрден орын табайық.
3.Қортынды.
Балалар суреттерің өте әдемі шықты, келіп өздерінің тұратын жерлерімен таныстырғандары үшін қонақтарға суретімізді сиға берейік. Қонақтар рахметін айтып, балалармен қоштасып, кетеді.
Балалар енді суреттеріңді апарып іліп қояйық. Кешке ата-анарың келгенде көрсетесіңдер.