Балалармен бірге қорапшаны ашады.
Қорапшаның ішінен бірнеше ересек адамдардың еңбектері салынған суреттерді алып шығады.
Магнитті тақтаға тізіп іледі, суреттерді пысықтайды.
-Кімдерді көріп тұрсыңдар?
Бұл әскери адамдар. Олар әскерде қызмет етеді
Әскери адамдар бізді, біздің Отанды жаудан қорғайды.
Олардың істеп жатқан жұмыстары басқа адамдарға керек пе?
Әскер қызметкерлерінің еңбектері жақсы ма.
Дұрыс айтасыңдар абыройлы, бағалы, қауіпті.
Ал мына суретте не көріп тұрсыңдар?
Балалар 7 мамырда қандай мереке болады?
Дұрыс айтасыңдар, сендер әкелеріңе, аталарыңа, ағаларыңа қандай сыйлық дайындадыңдар?
Ендеше, біз қазір екі топқа бөлініп біріміз өнер орталығында әкелерге әдемі гүлді оригами арқылы жасап берейік.
Ал екінші топ көңілді тіл орталығына барып
сабағымызды жалғастырайық.
Дидактикалық ойын
«Кімнің көлігі»
(слайд арқылы затты суреттер көрсетіледі)
Балалар мына суретте қандай көлік судың астында жүзеді?
Ал ұшақтың оң жағында қандай әскери адам тұр?
Тікұшақтың алдында қандай әскер тұр?
Дидактикалық ойын
«Әуеде, жерде, теңізде»
І.Мәмбетовтің тақпағын оқу
Бейбіт өмір солдаты
Тақпақта кімдер және не туралы жазылған?
«Мен айтамын сен қайтала» ойынымен жаңа сөздердің мағынасын түсініп қайталап бекіту.
Сөздік жұмыс: Сүйсініңдер, бейбіт өмір солдаты от-жалындай қайратты
Ал балалар тұрайық
Бойымызды жазайық.
Шаршамаймыз ешқашан
Демаламыз бой жазып.
Жүгіреміз, секіреміз
Көңілденіп күлеміз.
Әскери адамдардың жұмыстары ауыр, қауіпті, жалындай қайратты.
Олардың көмекшілері бар ма?
Тіл ұстарту
Лім -лім-лім- басқа кірді білім
Шют-шют-шют-жиналып тұр парашют
Ты-ты-ты- аяқтары шынықты
Тыр-тыр-тыр- келді мықты батыр
Дидактикалық ойын
«Не өзгерді?»
Рация, парашют, тапанша, карта, палатка, киімдер суреттері тізіліп тұрады, ішінен бір суретті жасырып қояды.
Дидактикалық ойын
«Мозаика»
Әскери көлігін құрастырып жинау.
Жарайсыңдар балалар әскер ағаларыңа көліктерін тез құрастырып бердіңдер.
Шығармашылық тобындағы балалар оригамидан жасаған гүлдерін пысықтайды, құмыраға жинап салады.
|
Ойланып жауап береді
Ұшқыш, әскер жұмыс істеп жүр.
Ойланады, пайымдайды.
Отан қорғаушылар күні.
Балалар қалаулары бойынша екі топтқа бөлінеді.
Балалар сол заттың атауын атайды,кімнің көлігі екенін анықтап айтады, түсіндіріп әңгімелейді.
Қимыл жасайды
Ойланады. Өз ойларымен бөліседі.
Бірге қайталайды
Зейін салып қандай зат жоқ екенін тауып алады да түсіндіреді.
Қиылған суреттерді бір тұтас қылып құрастырады, түсіндіреді.
|