СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Кишечная инфекция "Шигеллез"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Штгеллез этиология, эпидемиология, клиника, профилактика

Просмотр содержимого документа
«Кишечная инфекция "Шигеллез"»

Дизентерия-антропонозды бактериальды ауру. Жұғу механизмі фекальді-оральді. Клиникалық картинасы комплитикалық синдроммен және жалпы интоксикациялық синдроммен белгіленеді.

Этиологиясы: қоздырғышы Shigella туысына жатады. Shigella 4 тобы (А,В,С,Д) және 4 түрі ажыратылады:

  • - Sh. dysenteria

  • - Sh.flexneri

  • - Sh.boydi

  • - Sh.sonnei

  • Sh.sonnei-ден басқа түрлері бірнеше сероварианттардан құралады. Шигеллада О және К антигендері бар. Олар эндотоксионнен тұрады, ал Sh. dysenteria, Sh.flexneri, Sh.sonnei экзотоксин өндіреді. Энтеро-нейро және цитотоксикалық белсенділігін иеленеді. Антибактериальді препараттарға полирезистенті және сыртқы ортаға төзімді. Кең ттараған түрлері Зонне, Флекснер, Нюкестл, Григорьев штаммдары. Шигелдер тіке түскен күн сәулесінің әсерінен 30 минут арасында, 60*С ыстық ортада 10-20минут;ал 5% фенол ерңтіндісінде 1-2 минут ішінде өленді, суда 5-6 күн, топырақта бірнеше ай бойы тіршілік ете алады.



Эпидемиологиясы:

Барлық жерде таралымды.

Инфекция көздері: жедел және созылмалы дизентериямен ауыратындар - транзиторлы бактерия тасымалдаушы Көбінесе эпидемиологиялық қауіптілікті өкпе ауруымен ауыратындар төндіреді. Осылардың ішінде ең қауіптісі қоғамдық орында тамақтанатын жұмысшылар.

Берілу жолы: су, тамақ, тұрмыстық қатынас арқылы беріледі. Көбінесе жазда немесе жаз-күз айында ауырады. Сезімталдық-жоғары болады. Жуылмаған қол арқылы, жуылмаған жеміс-жидектер арқылы.

Иммунитет: 1-2 жыл мезгілінде спецификалық түрде болады. Тұрақсыз, әр-түрлі микробтарға бөлек.

Патогенезі:

Шигелла асқазанға түскенен кейін ашы және тоқ ішеке өтеді. Тоқ ішекте олар колоноцитке өтіп, сол жерде көбейіп өледі де эндотоксин босап жергілікті әсер көрсетеді. Sh.dysenteriae (Григорьева-Шига) дизентерияларынан басқасына бактериемия тән емес. Токсин әсер ету кезінде күрделі процесстер пайда болады. Олар: ащы ішектің функцияларының бұзылуы (асқорыту, сіңу, моторлы-эвакуаторлы). Сондай-ақ алмасу процестер (белок алмасуы), дәрумендердің және гемостаз жүйесінің бұзылуы. Аурудың дамуында басты рольді организм сенсибилизациясы ойнайды (г.з.т.) Дизентерияның дамуына макроорганизм және қорғаушы факторлар маңызды мағына береді.

Патологиялық анатомиясы: патоморфологиялық өзгерістер дизентерия кезінде тоқ ішектің дистальді бөлімінде көрінеді. Қабынудың келесі түрлері кездесуі мүмкін:

  • катаральді

  • катаральді-эрозиялы

  • катаральді-геморрагиялық

  • ойық-жаралы

  • фибринозды

Клиникасы

Дизентерияның клиникалық жіктелуі:

  1. Жедел дизентерия ұзақтығы 3 айға дейін (ауырлау ағымы, егер 3-4 аптаға дейін сауығу кезеңі болмаса).- колитикалық формасы (жеңіл, орташа ауырлықта, ауыр) - гастроэнтероколиттік формасы (жеңіл, орташа ауырлықта, ауыр)

  2. Созылмалы дизентерия ұзақтығы 3 айдан 2 жылға дейін - қайталану формасы (рецидивирующие) - үзіліссіз формасы (непрерывное)

  3. Бактерия тасымалдаушы формасы (транзиторлы) Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан (6-12 сағат) 7 күнге дейін тербелісте болды. Орташа есеппен 2-3 күн. Дизентерия клиникасында екі синдром ажыратылады:

  1. колитикалық

  2. жалпы интоксикациялық Басталуы жедел, кейінен жиі колитикалық синдром көрінеді.іште толғақ тәрізді ауырсыну (сол жақ мықын аймағында) жиі сұйық нәжіс (3-5-тен тәулігіне 20 рет). Нәжіс массасының мөлшерінің азаюынан шырышты және қан аралас болады. Нәжіс түрі «ректальді плевка» тәрізді болады.Жалпы интоксикация синдромы кейінірек пайда болады (2-3 сағаттан кейін).дене қызуы жоғарлайды (қалтыраумен немесе қалтыраусыз)әлсіздік, бас ауруы, лоқсу, құсу, тәбеті төмендейді.Интоксикация синдромы аурудың 2-3 күнінде көрінеді аурудың жақсы болжамды ағымында сауығу 2-4 аптада басталады ауырлау ағымында сауығу аурулардың 0,5-10% басталуы мүмкін. Гастроэнтероколитикалық формаға тән: қысқа инкубациялық кезең (6-8 сағат) жедел басталуы жалпы интоксикация симптомы және гастроэнтерит болуымен. Колит белгілері аурудың 2-3 күнінде қосылады. Жиірек сусыздану синдромы дамиды алиментарлы жолмен жұғуын қармайды Дизентерияның созылмалы ағымы аурулардың 2-5% кездеседі. Созылмалы дизентерияның қайталану ағымында клиникалық ремиссия болады, ал үзіліссіз ағымында ол болмайды. Ал бактерия тасымалдаушы (транзиторлы) туралы айтуға болады мынандай жағдайда:егер шигелланың капрокультурасы бөлінсе, егер ағымның 3 айында бөлінген копрокультурада диарея болмаса, егер қанның серологиялық зерттеуде теріс қорытынды болса, егер патоморфологиялық өзгерістер болса.

Асқынулары

  • инфекция-токсикалық шок

  • гепатоволемиялық шок

  • аралас шок

  • ішектен қан кету

  • перитонит (перфорациялық ойық жара кезінде)

  • инвагинация

  • тік ішекке түсу

  • артқы өту жолының жарылуы

Дизентерияны шығыны:

сауығу (көптеген аурулардың негізгі шығымы), созылмалы формаға өтуі (2-5% ауруларда), постдизентериялық колит, ішек дисбактериозы

Диагностика

дизентерия диагнозы мынаған негізделеді: клиникалық негізге эпидемиологиялық негізге арнайы зертханалық негіздерге .Арнайы диагностикалық әдістер:

1. Эпидемиологиялық анамнез жинау.

2. Аурудың клиникалық белгілері.

3. Лабораториялық зерттеулердің нәтижелері:

а) үлкен дәреттің копралогиялық зерттеуінде көп мөлшерде лейкоциттер айқындалады.

б) үлкен дәреттің бактериялық анализі-антибиотиктер тағайындалмастан бұрын іріңді шырыш бар жерлерінен төсектің қасында алынып жылыдай консерванты бар пробиркаға салынып бактериялық лабороторияға жіберіледі.

в) қанның серологиялық анализі.

 4. Тік ішектің ректороскопиясы.



Емдеуі

Дизентерия емдеуі стационарлы және үйде болады. Госпитализация клинико-эпидемиологиялық байланысты жэүргізіледі. Емдеу:- диета

Режим ауыр ағымына байланысты Этиотропты препараттар (фуразолидон, неваграмон, метациклин, ципрофлоксоцин) жеңіл түрінде күніне 2-3 рет, орташа және ауыр ағымында 5-7 күн.Патогенетикалық терапия интоксикациялық синдром негізінде жүргізеді дезинтоксикациялық терапия, регидратациялық терапия ,дегидратация кезінде, негізгі белгілерде қолданылады: организмнің иммундық реактивтігін жоғарлаттын препарат (метилурация) ферменттер (креон, фестал) эубиотики (бифидум бактерин, лактобактерин) физиолечение симптоматикалық заттар Профилактикасы: дизентерия кезінде профилактика жүргізіледі: жалпы санитарлы-гигиеналық талаптар берілу жолына байланысты жүргізу. 

Клиникалық белгілері: Жасырын кезеңі 1-7 күн. Ауру тез басталады, баланың дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пайда болады, тәбеті төмендейді, басы ауырады, жүрегй айнып құсады, іші бүріп ауырады, тәлігіне 10-15 ретке дейін қанды іріңді, содан кейін қиы аз сулы, кеінірек тек ірің бөлінуі мүмкін. Ішектің түйілуіне байланысты аурудың әлсін-әлсін үлкен дәретке отырғысы келе береді, оны тенезмдер дейді.

   Жасқа дейінгі балалардағы дизентерияның ерекшеліктері:

1.Ауру өте ауыр түрде өтеді.

 2.Баланың дәретіне көбіне қан араласпайды.

 3.Дәретке отырған кезде баланың беті қызарып ктеді, бұл тенезмнің эквиваленті.

 4. Жиі құсып және іші өтуі организмнің су, минералды тұздар жоғалтуына әкеліп соғады. Осының салдарынан баланың дене салмағы тез азайып, көзі үңірейіп, терісі және шырышты қабаттары құрғап, ерні кезеріп жарылады. Организмнің суды жоғалтуын-эксикоз дейді. Оның үстіне организмгеқан арқылы тараған улы заттардың әсерінен жүректің қызметі нашарлап,тамыры жиі соғады, қан қысымы төмендейді, денесінің бұлшық еттері құрысып-тырысуы мүмкін. Бұны токсикоз дейді.

 Асқынуы -өкпенің, құлақтың, бүйректің қабынуы.























Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі











РЕФЕРАТ

Тақырыбы: ШИГЕЛЛЕЗ





Орындаған: Баян М. Ж

Тексерген: Бисариева М. С













Орал 2018

Тест сұрақтары

  1. Шигеллездің ауыр түрінің этиотропты емінде қолданылатын дәрі:

А. Доксициклин Б. Ампициллин С. *Ципрофлоксацин Д. Цефозолин

Е. Гентамицин

2. Шигеллездің жеңіл түрінің этиотропты емінде қолданылатын дәрі:

А. Доксициклин Б. Ампициллин С. *Фуразолидон Д. Цефозолин

Е. Гентамицин

3. Шигеллезге тән синдром:

А. Гастрит Б*.Колит С. Энтероколит Д. Гастроэнтерит Е. Гастроэнтероколит

4. Жедел дизентерияға тән ішектегі патоморфологиялық өзгерістер:

А.* Жаралы- некрозды проктосимоидит Б. Катарльді-эрозивті проктосимоидит

С. Фибриозды-некрозды проктосимоидит Д. Жаралы проктосимоидит

Е.Катаральді проктосимоидит

5. 40 жастағы ер адам, бас ауруына, әлсіздікке, іштің ауру сезіміне, 10 ретке дейінгі жиі іштің өтуіне шағымданып, ауруханаға түсті. 20 күн бойы ауырады: тәулігіне 5 рет іштің өтуі, іштің ауру сезімі, субфебрильді температура. Түскен кезде: жағлһдайы қанағаттанарлық, оң жақ мықын аймағындағы ауырсыну сезімі, соқыр ішектің тығыздануы анықталады. Нәжісі сұйық, қан аралас, шыны тәрізді.

Ықтимал диагноз:

А. Жедел дизентерия Б. Сальманеллез С. Тырысқақ Д. *Амебалық дизентерия Е. Иерсиниоз

6. 34 жастағы ер адам ауруының 2-ші күні ішіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, әлсіздікке, дене қызуының жоғарылауына, іштің 15 ретке дейін өтуіне шағымданып, ауруханаға түсті. Температура 38-ден жоғары. Қан қысымы 100\70 мм с.б.б. пульсі 90рет\1 мин. Сигма тәрізді ішек жиырылған, пальпация кезінде ауырсыну сезімі. Нәжісі аз мөлшерде, шырыш пен қан қосылған.

Болжам диагноз:

А. Тағамдық токсикоинфекция Б. Жедел дизентерия С. Салманеллез Д. Амебиаз

Е. Тырысқақ

7. 25 жастағы әйел адам, табиғатқа шыққан демалыстан кейін жедел ауырған. қалтырау, бастың ауыруы және айналуы, құсу пайда болған. Кейіннен ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, тәулігіне 20 ретке дейін іштің өтуі болған. Тенезмдер, дефекацияға жарған шақырулар байқалған.

Қандай негізгі клиникалық синдромдар диагноз қоюға мүмкіндік береді?

А. Энтериттік және дегидрациялық Б. Колиттік және интоксикациялық

С. Дегидратациялық Д. Қызбалық Е. Диареялық

8. Студент, 18 жаста, жатақханада тұрады, жедел ауырған, дене қызуы 39с дейін көтерілген, қалтырау байқалып, басы ауырған, әлсіздік дамыған, іші бүріп ауырып, 1 рет құсқан, тәулігіне 7-8 рет іші өткен. Іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауру сезімі байқалады. Нәжісі шырыш пен қан араласқан.

Сіздің болжамды диагнозыңыз:

А. Амебиаз Б. Дизентерия С. Сальманеллез Д. Тағамдық токсикоинфекция

Е. Созылмалы гастроэнтерит

9. 27 жастағы әйел адам жедел ауырған: жүрек айнуы, қайталамалы құсу, кіндік айналасы ауыруы. Аурудың 3-ші күні дене қызуы -38,5с-қа дейін жоғарылап, әлсіздік қосылған. Тексергенде: ішінің сол жақ мықын аймағында ауру сезімі, жиырылған ауру сезімді сигма ішек анықталады. Нәжісі аз және мөлшерлі, шырышты.

Болжама диагноз:

А. Сальманеллез, жайылмалы түрі, септикалық вариант Б. Жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік түрі С. Жедел дезентерия, колиттік түрі Д. Тағамдық токсикоинфекция Е. Эшерихиоз, дизентерия тәрізді түрі

10. 39 жастағы әйел адам табиғатқа шыққан демалыстан кейін жедел ауырған. Температурасы 39,2с, қалтырау, бастың ауруы және айналуы, 1 рет құсқан. Кейіннен ішінің толғақ тәрізді ауруы, тәулігіне 20 ретке дейін іш өтуі, бастапқыда көп мөлшерлі, 2 күннен кейін нәжістік сипаты жоғалып, шырыш пен қан қосылған. Тенезмдер, дефекацияға жалған шақырулар байқалған.

Этиотропты препаратты таңдаңыз:

А. Доксициклин Б. Линекс С. Неомицин Д. Ципрофлоксацин Е. Цефтриаксон













































Жауаптары

1

С

2

С

3

Б

4

А

5

Д

6

Б

7

Б

8

Б

9

С

10

Д