Сабақтың басы (8 минут) | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. «Шаттық шеңбері» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады. Үй тапсырмасын тексеру Ұ)Ой қозғау. Сабақтың тақырыбын болжату. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру | «Шаттық шеңбері» Күннен , жерден нәр алған Біз - өмірдің гүліміз. Бүгінгі күннің сәтінде Сәтті болсын күніміз! Үй тапсырмасын көрсетеді, оқиды; Болжау. Сабақтың тақырыбын,мазмұнын сұраққа жауап беру арқылы болжайды. Сабақтың мақсатымен танысады: Айналаны, заттарды, адам мінездерін салыстырып айтуды үйренесің. | Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша! Өзара бағалау: «Өте жақсы», «Жақсы», «Талпын» | Слайд Суреттер |
Сабақтың ортасы (9-42 минут) | 1-тапсырма Мәтінді тыңда, жүргізіп оқы. Қарамен берілген сөздерге қарап, ереже құра. Бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырайдың түрі салыстырмалы шырай деп аталады. Жасалу жолдары: 1)-ырақ, -ірек, -рақ, -рек (кішірек) 2)-лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу (ақтау) 3)-қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -ғылтым (сұрғылтым) 4)-аң, -шыл, -шіл, -қай, -ғыш, -шілтім, -ілдір, -ша, -ше (ақшыл, бозаң) 2. 2-тапсырма. Сөздерге салыстырмалы шырай жұрнақтарын дұрыс жалға. Менің суретім әдемірек. Бұл жердің табиғаты қатал.... Бұл жердің тауы биік(г).... Менің інім кіші.... Мына су таза.... Құдықтың суы салқын.... Біздің көшеміз үлкен.... Өзеннің мұзы қалың..... Осы жерге Бурабай жақын.... Ойын алаңы кең... екен. Қысқы ойын көңілді.... Шаңғы тебу қызықты.... Күн райы бақша егуге қолайлы.... Менің шанам жаңа..... Біздің орманымыз жасыл..... Сенің ағаңның бойы ұзын..... Біздің даламыз жазық(ғ).... «Назар аударайық» айдарымен берілген мәліметтің маңыздылығын оқушыларға түсіндіреді. Сөз соңындағы қатаң дыбыстардың қосымша жалғау барысында өзгеріске ұшырауын ұғындырады. Сергіту сәті 6. 4-тапсырма. Суреттерді салыстыр. Үш сөйлемнен құра. Оқушыларды көбірек шынайы өмірмен байланысты мысалдарға айтқызуға бағыттайды | .Тыңдалым. Оқылым. Айтылым Жантөре: Жайна, саған қандай жыл мезгілі көбірек ұнайды? Жайна: Әрине, көктем көбірек ұнайды. Жантөре: Не себепті көктемді бәрінен артығырақ көресің? Жайна: Өйткені көктем қысқа қарағанда жылырақ, ал жазға қарағанда салқынырақ. Жантөре: Меніңше, бәрінен күз мезгілі жақсырақ. Ыстық та емес, салқын да емес. Бәрінен бұрын күзде баубақша піседі. Айнала сары алтындай болады. Тезірек күз болса екен. 2. Жазылым Сөздерге салыстырмалы шырай жұрнақтарын дұрыс жалғап жазады. Менің суретім әдемірек. Бұл жердің табиғаты қаталырақ. Бұл жердің тауы биігірек. Менің інім кішірек. Мына су тазалау. Құдықтың суы салқынырақ. Біздің көшеміз үлкенірек. Өзеннің мұзы қалыңырақ. Осы жерге Бурабай жақынырақ. Ойын алаңы кеңірек екен. Қысқы ойын көңілдірек. Шаңғы тебу қызықтырақ. Күн райы бақша егуге қолайлырақ. Менің шанам жаңалау. Біздің орманымыз жасылдау. Сенің ағаңның бойы ұзынырақ. Біздің даламыз жазықтау. Жазылым. Айтылым. Суреттерді салыстыру арқылы салыстырмалы сөйлемдер құрастырады. Үлгі: Бүгін күн райы кешегіге қарағанда салқынырақ | Дескриптор: - мәтінді жүргізіп оқиды: -тыңдаған мәтіннен нақты мәліметті таба алады. -қарамен берілген сөздерге қарап, ереже құрастырады «Қолмен белгі беру» әдісі бойынша бағаланады Дескриптор: -сөздерге салыстырмалы шырай жұрнақтарын дұрыс жалғап жазады. -көркем жазады. Мадақтау сөздері арқылы бағалайды. Оқушылар бір-бірін «Шапалақтау» арқылы бағалайды Дескриптор: -суреттерді салыстырып, 3 сөйлемнен құрастырады; салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын орынды қолданады. - каллиграфия-лық нормаларға сәйкес жазады | Слайд Слайд Оқулық 73 бет Слайд Оқулық 74 бет |