СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ҚМЖ. Сабақтың тақырыбы: Орыс халқының музыкалық шығармашылығы. Шетел композиторларының шығармашылығы.

Категория: Музыка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Для преподавателей музыки, план урока на казахском языке

Просмотр содержимого документа
«ҚМЖ. Сабақтың тақырыбы: Орыс халқының музыкалық шығармашылығы. Шетел композиторларының шығармашылығы.»

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Музыка

Топ:

Колледж: №1АҚМГПК

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні : Рысбаева Г.Ж.

Сабақтың тақырыбы: Орыс халқының музыкалық шығармашылығы. Шетел композиторларының шығармашылығы.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:


Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

Музыкалық тәрбие беру

Сабақ мақсаттары

Білім алушыларға музыка өнерінде әр нотаны, әнді үлкен сезіммен бейнелеп,шығарманы көрнекті түрде көрсете білуіне ықпал жасау.

Сабақтың міндеті: 1.Білімділік: Білім алушыларды Орыс халқының музыкалық шығармашылығымен. Шетел композиторларының шығармашылығымен таныстыру, білімін арттыру, музыкалық танымдарын дамыту

2.Дамытушылық: Білім алушылардың өз ойларын жеткізу қабілеттерін арттыру, музыкалық қабілеттерін, төзімділікті дамыту.

3.Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбиелерін қалыптастыру. Көркемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Қабілеті дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Бағалау критерилері

Білім алушылар өздерінің жұмысы мен топтастарының жұмысын бағалау критерийлер бойынша

Сөздік қор


Allegro – Adagio

Temps. Accompagnement. Capella.

Құндылықтарды дарыту

Рухани – адамгершілік құндылықтарды дарыту.

Денсаулық және

техника қауіпсіздігінің

сақталуы

Сабақта қолданылады: қауіпсіздік ережесі

Пәнаралық байланыстар

Ұлттық музыка оқыту теориясы мен әдістемесі. Музыка әдістемесі.

АКТ қолдану дағдысы

Интерактивті тақта, слайдтары, бейне- ролик


Алдыңғы меңгерілген білім


Жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәні бағдарламаларына шолу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу ,сабаққа қатысуларын дайындықтарын тексеру;



Сабақ ортасы

Жаңа сабақты түсіндіру: 

Орыс халқының музыкалық шығармашылығы.

Орыс халқының музыка өнері – дүниежүзіне кең таралған өнер түрінің бірі. Өзінің қайталанбас ерекше әуенділігі, саздылығы, музыкалық аспаптарының бояуларымен ерекшеленетін өнері дүниежүзінің барлық бұрышына кеңінен таныс. Музыка өнерінің көп жанрынан – әні, биі, аспаптың музыкасы, жеке орындаушылығы, ұжыммен орындау, хормен орындау, т.б. орыс халқы музыкасының әсемдігін, көркемдігін, саздылығын байқауға болады.Орыс халқы дегенде көз алдыңа орыстың балалайкасы келеді.Оның сымнан жасалған шегі, ағаш корпусы, қарапайымдылығы орыс музыкасының негізін құрайды.Орыс музыкасы ұрып ойнайтын шулы аспаптарға өте бай. Ағаш қасықтар, бубен, қоңырау, сылдырмақ т.б орыс музыкасында кеңінен қолданылады. Әсіресе аспаптардың қосылып орындауында шулы аспаптар мол пайдаланылады.

Орыс музыкасы ежелгі Русь жерін мекендеген шығыс славян халықтарының бастау алады. 9 ғасырда алғашқы орыс мемлекетінің құрылуына байланысты орыс халықтары бір жерге шоғырланып, өзінің тарихи – мәдени ошағын қалыптастыра бастайды. Ең ежелгі музыкалық аспабы – гусли. Бұл аспапта орындашыларды – гусляр, гудошник деп атаған.

Осы жерде әрбір ұстаз қолында бар материалдарын сабақ мазмұнына сәйкес қолдануына болады. Мысалы,музыкалық аспаптар, оркестр аспаптарының макеті немесе суреттері болса, жиыстырылған аспаптар болса, сабақта музыканы сүйемелдеуге оқушылардың өзін қатыстыруға болады. Ресей үшін 1812 жыл Отан соғысынан кейігі кезеңде музыка саласында үлкен өзгерістер туды. Осы ғасыр ұлттық музыка мектебінің қалыптасу дәуірі болды. Бұл ғасырда тек қана хор музыкасы, сонымен бірге опера, камералы-аспапты, вокалды және симфониялық музыкалар дамыды. Бұл істе Батыс Европа мәдениетімен қатар орыс фольклоры септігін тигізді. Орыс композиторлары шетелдерге шыға бастады. Олар музыка мәдениетініңкөрнекті өкілдерімен танысып, Европаық музыкалық білім алды. Европа үшін Ресей жауапты көзқарас білдірді. Бұл ғасырда Европаның музыканттары Мәскеу, Петербург т.б. қалаларда гастрольдік сапарлармен жүрді. ХІХ ғасырда Ресейде концерттің Европалық жаңа түрлері қалыптасабастады. Бұл 1859 жылы орыс музыка қоғамының құрылуымен байланысты еді. Көптеген концерттер өткізілді. Еңүздік шығармаларға конкурстар жарияланды. Мемлекетте Европалықмузыкалық білім беру жүйесі құрылды.


ХІХ ғасыр музыка мәдениетінде фольклор саласына көп көңіл бөлінді. Орыс композиторлары халықтық музыканы негізге ала отырып, халық әндерін жинап, оларды шығараларында орындады. Бұл музыка тілінің өзіндік ерекшеліктерін өзгертпеді.ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы орыс музыка мәдениетінде опера мен камералы вокалды музыкаға көңіл бөлінді. Ресейде Еропаның опералық, камералық ән саласында барлық негізгі жанрлар дамыды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында симфония қалыптасты. Әсіресе бағдарламалы симфониялық шығармалар және симфониялық миниатюралар пайда болды.


19 ғасырдың бас кезінде белең алған романтикалық тенденцияға байланысты опера жанрында, аңыз ертегі мен халықтық-эпикалық, қаһармандық тақырыпқа (С.И.Давыдовтың «Леста, Днепр су перісі», К.А.Кавостың «Илья батыры», «Иван Сусанині» т.б.) ден қою басым болды. Романтикалық операның Глинкаға дейінгі ірі өкілі А.Н.Верстовский баллада жанрына да елеулі еңбек етті. 30-40 жылдары М.И.Глинка творчествосы классикалық орыс музыкасының жаңа дәуіріне жол ашты. Оның творчествосы арқылы орыс музыкалық мектебі ұлттық европалық музыка мектептерінің алдыңғы санатынан орын алды. Осы тұста музыкалық бейнелей құралының кілтін адамның шынайы сөйлеу тілінен іздеген А.С.Даргомыжеский қанық бояулы, әлеуметтік шындыққа толы музыкалық образдар ( «Тас мейман» т.б.) жасады. 50-60 жылдары музыка өмірінің ауқымы кеңіп, кәсіби музыкалық білім беру қлға алынды. Бұл салада А.Г.Рубинштейннің басшылығымен ұйымдастырылған Орыс музыка қоғамы елеулі еңбек етті. Петербург (1862), Мәскеу (1866) консерваториялары шаңырақ көтерді. 1862 жылы Петербургте тегін оқытатын музыка мектебі ашылды. 60 жылдардағы революциялық-демократиялық идеялар «Құдіретті топ» композиторларының творчествосынан айқын көрініс тапты.


Глинка Михаил Иванович – орыс композиторы, орыс классикалық музыкасының негізін салушы. Помещик жанұясында туған. Глинка балалық шағын Новоспасское селосында әкесінің имениесінде өткізді. Болашақ композитор жасынан халық музыкасынан сусындайды; шаруалардың жүрек тебренткен мұңды әндері мен әкесінің туысыА.А.Глинканың басыбайлы шаруалардан құралған меншікті оркестрі орындаған музыкалық шығармалары Глинкаға зор әсер етті. Ол 10-11 жасынан фортепиано мен скрипкада ойнай бастады. 14 жастағы Глинканы әкесі Петербург Басты педогогикалық училищесінің жанындағы Благородный пансионына оқуға береді. Пансионды бітірген Глинка Кавказға сапар шегеді, жергілікті халықтардың музыкасымен танысады. 1830 жылы шетелге аттанған композитор Италияда үш жылдай болып, музыкалық білімін толықтыра түсті, Б.Беллини, Г.Донецетти сияқтыатақты комопзиторлармен кездеседі. Қайту сапарында Вена арқылы Германияда болып, Берлинде белгілі музыка теоретигі З.Деннен сабақ алады. Бірақ Глинка шетелдік сапарына сын көзбен қарап, орыстың ұлттық операсын тудыруын армандады. 1812 жылғы Отан соғысы, ілгерішіл қоғамдық қозғалыс және орыс мәдениеті Глинка творчествосынан жан-жақты көрініс тапты. Композитор шығармаларында халық музыкасының әсемдігі мен кәсіби шеберліктің аса жоғары жетістіктері ғажайып үндестікпен ұштасты. Мөлдір де өміршеңдік характер, форма сымбаттылығы, бедерлі де мәнерлі әуен сұлулығы, гармония мен аспаптау тәсілінің әдемілігі, сындарлылығы – Глинка музыкасына тән қасиеттер. Глинка творчествосы орыстың ұлттық музыка стилінің есеюіне себепші болды. «Иван Сусанин» операсында халықтық патриотизм идеясы кемеңгерлікпен шешімін тапса, «Руслан мен Людмила» операсы халықтың ұлылығына деген сенім мен өмір сұлулығын жыр етті. Классикалық орыс операсын тудырған Глинка ұлттық симфоизмге негіз болған тамаша шығармалар жазып («Камаринская» т.б.), орыс вокалдық лирикасының тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты. (А.С.Пушкин сөзіне жазған «петербургпен қоштасу» атты романстар циклі). Глинканың «Испан увертюралары» дүние жүзілік симфонияда испан музыкалық фольклорын өңдеудің бастамасы болды. Композитор өзінің творчествосына украин, поляк, фин, италиян, сондай-ақ шығыс халықтарының образдары мен әуендерін шеберлікпен бейнеледі.


Даргомыжеский Александр Сергеевич 1813 жылы 14 ақпанда Тульск губерниясында дүниеге келді. Болашақ композитордың балалық шағы ата-анасымен Смоленск губерниясында өтті. Кейін жанұясымен Петербург қаласына көшіп келді. Композитордың ата-анасы музыка мен поэзияның сүйіп тыңдаушылары болған, анасының жазған өлеңдері танымал журналдарда жарық көрді. Ата-анасы 6 баласынада жанұялық тәрбие мен білім берген.


Даргомыжеский фортепианода ойнауды 6 жасынан бастаған.10-11 жасынан музыка жазды. Оның алғашқы шығармалары Петербургтің атақты музыкант-педагогы оқытушы Андриан Трофимович Данилевский есімімен байланысты.


1830 жылдардың басында Петербургтегі ең үздік көркем әдебиет үйірмесіне қатысты. Онда Пушкин, Лермонтов, Жуковсий, Гоголь,Глинкада болған. Ол мұнда фортепианода ойнап, әртүрлі ансамблдерге қатысып, өзінің романстарын орындаған.


1834 жылы Даргомыжеский Глинкамен кездесіп, өзінің бірінші операсын жазды. Осы жылдары Даргомыжеский көптеген романстардың, әндердің, фортепианолық пьесалардың, сонымен қатар «Болеро» атты симфониялық шығарманың авторы ретінде танымал бола бастады. Оның творчествосының негізі вокалдық музыка – романстар, әндер ариялар, дуэттер болған.


Оның ең алғашқы романстары Пушкиннің «Мен сізді сүйдім», «Жігіт және бойжеткен» және т.б.өлеңдеріне жазылған.


1830 жылдардың аяғында Глинка мен Даргомыжеский бірселіп опера жазуға кірісті. Көптеген ізденістерден кейін композитор В.Гюгоның “Собор Парижской богоматери” атты романының сюжетін таңдайды. Композиторға романдағы романтикалық сюжет, адамның күшті мінез-құлық көріністері, драматизмнің күштілігі ұнайды. “Эсмеральда” атты операны созылып, 1841 жылы аяқтайды. Осы кезде композитор Пушкиннің “Торжество Вакха” атты өлеңіне кантата жазады, кейіннен бұл кантата операға беріледі.


Уақыт өте келе Даргомыжеский өзіндік ерекшелігі бар композитор ретінде кеңінен таныла бастады. 1840 жылдардың басында Петербургте аспаптық және вокалдық әуенге қызығушылар орталығы пайда болды. Бұл орталықтың басшысы, оркестр мен хор жетекшісі болып Даргомыжеский тағайындалады.


1844 жылдан бастап ірі музыкалық орталықтар – Берлин, Брюссель, Вена, Париж қалаларыда болып, өз туындыларын европалық басылымдардан шығарады. Көптеген газеттерде жарық көрген композициялары көпшілікке ұнады.


Даргомыжескийдің бұл сапардағы мақсаты – Париждегі европалық мәдениеттің орталығында болып, өзінің жаңа көркемдік көзқарасын қалыптастыру болды.


Бұл жерде Даргомыжеский – “Эсмеральданың” авторы ретінде және француз әдебиетінің өкілі ретінде танылды. Париждегі Үлкен операдағы көптеген қызықты спектакльдерді тамашалады.


Осы жылдары Ресей Даргомыжескийдің вокалдық лирикаларымен таныса бастады. Композитордың ең танымал романстарының бірі ол Лермонтовтың сөзіне жазылған “И скучно, и грустно”. Бұл өлең ұлы орыс ақынының сол жылдардағы Николаевқа қарсыхалықтық наразылықты білдерген.


Даргомыжеский ұлттық орыс операсын жазуды армандайды. Сөйтіп Пушкиннің “Русалка” атты князға алданған қарапайым шаруа қызының қайғылы өмірін суреттейтін әлеуметтік драмасын таңдайды. Композитор бұл операны әдебиеттегі ұлттық поэзияның ауызша үлгілері мен салт-дәстүр, әдет ғұрыптарды пайдалана отырып жазады.


1840 жылдардың соңында Даргомыжеский шығармашылығы үлкен жетістікке қол жеткізеді. Оның ең алғашқы “Эсмеральда” атты операсы Мәсукедің опералық театрында қойылуға алынады. 1874 жылы желтоқсанда бұл операның премьерасы сәтті өтеді. Бұл жетістік композиторда қуаныш сезімдерін ұялатып, “Эсмеральда” операсын петергтік театрларда қоюға шешім қабылдайды.


Даргомыжеский “Русалканы” және музыкалық туындыларды жазуды тоқтатып, өз уақытын әншілерді дайындауға жұмсайды. Даргомыжескийде Глинка сияқты ұлттық вокалдық мектепті дамытуға ат салысады.


1853 жылы сәуірде бастап композитор “Русалкамен” жұмыс жасауды қайтадан қолға алады. Осы жылы Одоевскиймен және басқада достарының көмегімен Даргомыжескийдің шығармаларынан құрылған концерт өткізілді. Онда Петербургтің атақты әншілері мен Полина Виардо қатысады.


“Русалканың” премьерасы 1856 жылы 16 мамырда Петербург театрының сахнасында қойылды. Бұл спектакльге ең үздік әртістер қатысты. Бірақ бұл опера ешқандай жетістіктерге қол жеткізбеді. Сол кездегі аристократтық басылымдар ең негізгі деп императорлық театрларға барушыларды танып, отандық композиторладың операларына назар аударатын.Бірақ бұл операны Глинка өте жоғары бағалаған.


“Русалка”, сонымен қатар “Иван Сусанин”, “Руслан и Людмила” классикалық үлгідегі опералар болып, орыстың ұлтттық опера мектебін жоғары дәрежеге көтерген.


1850 жылдардың соңында Даргомыжеский композитор жастарды жинап, “Могучая кучка” атты болашақ шығармашылық топтың мүшелерін құрастырады. Жас композиторладың көркемдік әдіс-тәсілдерін қалыптастыруда Даргомыжеский үлкен қызмет атқарды.


Даргомыжеский өз талантын симфониялық музыка жазуға арнайды. Ол оркестр үшін “Украинский казачок” және “Бабу -ягу” атты екі шығармасын жазды.


1864 жылы сәуірде Сергій Николаевич Даргомыжеский қайтыс болды Композитор әрі ақылшысы, әрі кеңесшісі, әрі досі болван әкесінің өліміне қатты қайғырады.


Тамыз айында Петербугрке қайта келіп, Тараща айынан бастап Варшава, Лейпциг, Брюссель, Париж қалаларына сапарға шығады. Мунда ол европаның көрнекті қалалаымен танысып, үздік оркестрлердің орындауындағы шығармаларында тыңдайды. Кейбір концерттер Даргомыжеский шығармаларын орындауға арналған.


Шетелде жүрген кезінде композитордың қарындасы Софья достарымен бірлесіп император театырында “Рускалканы” қоюға келіседі.


“Русалканы” сахнада қою 1865 жылдың ең соңғы айларына жоспараланды. Осы спектакль арқылы 1867жылы А.Г.Рубинштейн Даргомыжескийді орыс музика қоғамына шақырады. Ол кейінен осы қоғамның жетекшісі болып тағайындалады. Балакиревтің шақыруымен симфониялық концерттерде дирижерлық етеді.


Композитордың шығармашылыққа қызыуы арқасында ол өзінің “Каменный гость” атты операсын жазды Бұл опера Пушкиннің “шағын трагедиясының” негізінде жазылған. Бірақ бұл операны даргомыжеский аяқтай алмай, оның жас достары Кюи мен Римський-Корсаков аяқтайды. Бұл операның прьемерасы 1872 жылы қойылады.


Даргомыжеский 1869 жылы 17 қаңтарда қайтыс болған.

Шетел композиторларының шығармашылығы.

Вольфганг Амадей Моцарт (1756-1791) шығармашылығы.


В.А.Моцарттың шығармашылығының көпшілігін хор музыкасы құрайды.Ол хор мен оркестге арналған төмендегідей күрделі құрылымдағы шығармалар жазған. “Кающиеся Давид”(Өкінген Давид), “Освобожденная Бетулия”(Босатылған Бетулия). Сонымен қатар мессалар, үлкен месса до минор “Күнге”(К солнцу) атты діни және ақсүйектік кантатасын жазды. “Реквием” композитордың теңдесі жоқ соңғы туындасы. Камералық шығармалардың ішінде бірнеше мотеттері және діни шығармалары “Kуrie” “Misserere” гимндер, канондар және басқалары бар. Моцарттың жазғы кеш және “Ave verum corpus” деген хорлары өте танымал. Жазғы кеш төрт дауысты аралас хорға арналған хор миниатюрасы. Хор музыкасы тыныштыққа, тазалыққа толы. Кешкі табиғаттың суреті жарық сәуле, таза ауаға байланысты адамның көтеріңкі көңіл күйін шебер суреттеген.


“Ave verum corpus” хоры Моцарттың тағы да бір теңдесі жоқ миниатюрасы. Оның тональдіктері ре мажор, ля мажор, фа мажорда жазылған. Осы шығарманың көркемдік қасиетін П.И.Чайковский өзінің “Моцартина” деген кантатасында қолданған.


Франц Шуберт (1797-1828) шығармашылығы.


Австрияның көрнекті композиоры, Вена романтикалық мектебінің негізін қалаушы, жас күнінен хор музыкасымен етене араласқан, сарай әншісі болған, кейін Вена сарай капелласында әнші болған үлкен өнер иесі. Шуберттің хор шығармашылығы әртүрлі. Мессалар, кантаталар, олардың арасында “Мириамның жеңіс әні” және жүзден аса әртүрлі құрамға, әр түрлі санға арнап жазған хор шығармалары. Шуберттың хорларында оның романстары мен әндеріндегі сияқты вокалдық ән жазу шеберлігі көрінеді, Австрия ұлттық музыкасымен байланысы сезіледі. 50 ден астам хор миниатюралары ерлер даусына арналып жазылған, XIX ғасырдың басында Австрия мен Германияда ерлердің ансамбльдік ән айтуы кеңінен таралған болатын. Шуберттың ерте кездегі шығармалары өте жарық, өткір тіл мен табиғатты, махаббатты жырлаған. Кейбіреулері бір куплет, кейбіреулері екі-үш бөлімді құрылымнан тұрады. Мысалы хорлары: “Түн”, “Хоровод”, “Махаббат”, “Ескекшілер әні”, “Алыстағы аруға”. Кейбір хорлары лирико-табиғаттың мазмұнында күрделі формада жазылған. Олар: “Бұлбұл”, “Көктем әні”, “Табиғаттан ләззат алу”, “Ауыл”, “Серенада”, “Махаббат әмірі”. Хор жанрында болмасын, ән жанрында болмасын Шуберт адамның ішкі дүниесін, оның сезімін, көңіл-күйін шебер бейнелеген.


Мендельсон Бартольди – неміс композиторы, дирижер, органшы, музыка қоғамының қайраткері. Дәулетті жанұяда туып, жалпы және терең музыкалық білім алған. К.Ф.Цельтер (композициядан) мен Л.Бергерден (фортепианодан) оқыды. Фортепиано, скрипкада ойнаумен және музыка шығарумен жас кезінен-ақ шұғылданды. 1829 жылы Мендельсонның басшылығымен Берлинде И.С.Бахтың “Матфейше азаптары” орындалып, ол ХІХ ғасырдағы бахтық вокалдық музыканың “қайта өркндеуіне” негіз салды. Мендельсонның Италияда (1830), Парижде (1832) т.б. жерлерде болуы әрі көрнекті музыканттармен, солардың ішінде Ф.Листпен танысуы оның талантын ұштай түсті. 1835 жылдан Лейпцигтегі Гевандхауз концерттеріне жетекшілік етті. Ол осында Германияның тұңғыш консерваториясын ұйымдасытырып, Лейпциг мектебінің негізін қалады. Мендельсон табиғатты, фантастиканы, ұлттық-поэтикалық образды аса нәзік, гармониялық сезімталдылықпен суреттеп музыка тілімен жеткізе білген және классикалық дәстүрден қол үзбеен романтик-композитор. Әр түрлі жанрда көптеген шығармалар жазды: оркестрге арналған “Жазғы түндегі құс” (1826), “Теңіз тыныштығы және сәтті жүзу” (1828), “Мелузина ару туралы ертегі” (1833) увертюралары, “Италияндық” пен “Шотладық” (1833,1842) атты симфониялары, скрипка мен оркестрге арналған концерті (1844), фортепианоға арналған 2 концерті (1831,1837) т.б. Мендельсон шығармалырының толық жинағы (36 том( 1874-1877 жылы Лейпцигте басылып шықты.


Роберт Шуман – неміс композиторы, музыка жазушысы, қоғам қайраткері. ХІХ ғасырдағы прогрессшіл романтикалық өнердің көрнекті өкілі. Ол 1828 жылы 1810 жылы 8 шілдеде Цвиккору қаласында дүниеге келген. Оның музыка мен таныстығы 6 жасында басталды. 7 жасында музыкалық шағырмалар жаза бастады. Оның ең алғышқы би мен фортепианоға арналған шығаралыры жарық көрді. Р.Шуманның ұстазы жергілікті педагог Кунит алғышқы музыкалық білімнен басқа ештеңе үйрете алмады. Бірақта жас баланың керемет пианисті қабілеті үлкен табыстарға жетті. Ол гимназиядағы мерекелік кештер мен концерттерде өнер көрсетті. Р.Шуманның үйі ноталық әебиеттерге толы болды. Аса қызығушылық пен Моцарт пен Вебердің опералық клавирімен танысты. Гимназияда оқып жүрген кезінде 4 қолға арналған Моцарт, Бетховен, Гайдн шығармаларымен танысты. Осы кезден бста музыкалық қабілеті ашылды. Ол кәсіби музыкант болуддыармандады. Бірақ 1826 жылы әкесінің өлімі бұл шешімге кедергі келтірді. Анасының шешімімен гимназияны бітірген соң, Лейпциг және Гейельбер университеттерінде оқыды. 1830 жылдан Шуман біржола өнер жолында еңбек етті. В.Вик (фортепианодан) пен Г.Дорннан (композициядан) сабақ алды. Шуманның үйымдастыруында 1834 жылдан “Жаңамузыкалықжурнал” шығарыла бастады. 10 жыл қатарынан осы журналдың негізгі авторы әрі редакторы боды. Педагогикалық қызметпен шұғылданды. Дирижер ретінде концерттерге (184 эжылы,Ресейде) қатысты. Ол – “Геновева” (1848,1850 ж. қойылды) операсының, “Пейіш пен пері” (1843) ораториясының, Дж.Байронның “Манифредіне”(1848-49) жазылған музыканың, 4 симфонияның (“Көктегі” (1841), “Рейтингтік” (1850)), концерттердің, камералық аспаптық шығармалардың, фортепианоға арналған үш сонатаның (1835, 1835-38, 1836), фантазиялардың (“Көбелектер” (1837), “Карнавал” (1835), “Крейслериано” (1838)), хорлар мен әндердің (“Ақын махаббаты”, “Әйелдің махаббаты мен өмірі” 1840) т.б.авторы.


Орыс халық музыкасы «Камаринская» - кең таралған ең белгілі музыкалық шығармаларының бірі. «Камаринская» - би ырғақты шығарма. Шығарманы тыңдау кезінде қолда бар шулы аспаптармен сүйемелдеп орындауға болады.

Үйренген әндерді жатқа орындау. енген әндерді жатқа орындау.

ІІІ. Музыка тыңдау: Орыс халық музыкасы «Камаринская» ауенін тыңдап шығу.

- Орыс халқының қандай аспаптарымен таныстыңдар?

- Орыс халқының ән – билерін білесіңдер?

Шығармашылық жұмыс:

Торкөздегі сөздерге ребус құрастыр.

ІОрыс аспаптарының суреті бейнеленген суреттер астында сұрақтар жасырылған. Сол сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар бағаланады.

1.Орыс халқының ең көне музыкалық аспаптарын ата.

2. «Гусли» дегеніміз не? Орындаушыларын қалай атаған?

3. Орыстың халық әні «Камаринская» би ырғағына жақын деуге бола ма?

V. Ән үйрету: Орыс халық әні «Во поле береза стояла».

VI. Бағалау.

VIІ.Үйге тапсырма: 1) Бүгінгі үйренген әнді жаттау.

2) Орыс халық аспаптарының суреттерін бейнелеу.


АСПАППЕН ӘН АЙТУ




Интерактивті тақта











Сүреттері



Слайдтары

Бейне - ролик












































































































































Сабақтың соңы

Рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Жаңа сабақты бекіту

сабақты практика жүзінде үйрету.

Білім алушылар өздерінің жұмысы мен топтастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды.


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?





Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

А: БӘРІ Білім алушылар Қазақ эпосы туралы айтады.

В: КӨБІ Білім алушылар ӘН ЖАНРЛАРЫ туралы айтады .

С: КЕЙБІР Білім алушылар – ӘН ЖАНРЛАРЫ МЕН МЕКТЕПТЕРІ туралы айтады .


1. Білім алушылар Қазақ эпосы туралы айтады.

2. Білім алушылар ӘН ЖАНРЛАРЫ туралы айтады .

3. Білім алушылар – ӘН ЖАНРЛАРЫ МЕН МЕКТЕПТЕРІ туралы айтады .





ойын терапиясы,

музыко-терапиясы,

лого-ритмикалық жаттығулар

күлкі терапиясы,

фольклорлық арттерапия

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Білім алушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?