СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Көкеністерден көже жасау"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Көкеністерден көже жасау" тех.карта

Просмотр содержимого документа
«"Көкеністерден көже жасау"»

«Жұлдыз» ІІ кіші тобының ұйымдастырылған

оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні: 05.10.2016ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Көкөністерден көже жасау»

Мақсаты: балаларды ыдыс-аяқ атаулары бойынша сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру, «ш»дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру. Демонстрациялық әрекеттер бойынша әңгіме құрастыруды жалғастыру, жеке сөздерді айтуға ынталандыру. Ыдыс-аяқты ұқыпты ұстауға, аспазшылардың еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: №6 демонстрациялық материал (көкөністердің суреттері).

Қостілділік компонент: көкөністер-овощи, аспазшы-повар, көже-суп.


Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

-Бүгінгі күнімізді бір-бірімізге жақсы тілек айтудан бастайық.

-Армысыз, Қайырымды Аспан ата! Армысыз, мейірімді Жер-ана! Армысыз шұғылалы алтын күн! Қуан , шаттан алақай! Қайырлы таң ,қайырлы күн


Шаттық шеңберге тұрады, тәрбиешімен бірге қайталайды.


Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Демонстрациялық көрнекілік қолдану.

-Балалар, көкөністер туралы мына өлеңді тыңдайықшы.

Шолып едім бақшаны

Көкөніс біткен көңілді.

Жасыл,сары қызыл, көк,

Сан алуан көкөніс. -Өлеңде не туралы айтылған? Балалардан көрнекілікті пайдаланып, сұрақ-жауап әдісі арқылы көкөністердің пішінін, түсін сұрайды. Көкөністерге не жататынын, оларды жылдың қай мезгілінде жинайтынына тоқталады. -Үйде аналарың көкөністер қосып, тамақ әзірлейді. Қазір мен сендерге көкөністерден қалай көже жасалатынын көрсетемін. Дидактикалық ойын: «Тамақ әзірлеу» (ойыншық ыдыстармен көрсетіп әңгімелеу). Плитаға ішінде суы бар кастрөлді қоямыз, суымыз қайнағанша картопты қазанға пиязды қуырып аламыз.





Өлеңді мұқият тыңдайды.






Көкөністерді түстеріне қарай бояйды.


Қуырған кезде қандай дыбыс шығады? «Ш-ш-ш». Тәрбиеші пиязды кастрөлге салып, сорпаны араластырады.Өкінішке орай біздің плитамыз жанбайды, сондықтан қазір аспаз апайымызды шақырамыз, көжемізді әрі қарай нағыз плитаға апарып, түскі асқа пісіріп берсін. Аспаз келіп: «Түскі асқа осы көкөністерден көже пісіріп беремін»,-деп уәдесін беріп, шығып кетеді.

Қостілділік компонент: көкөністер – овощи, аспаз-повар, көже-суп.

Сергіту сәті Өн бойымды тік ұстап,

Таянамын бүйрімді.

Бастап кетем дұрыстап,

Сайгүлікше жүруді

Бір!Екі! Бір!Екі! (С.Қалиұлы)

Балалар «ш-ш-ш» деген дыбысты қайталайды.













Көкөністер – овощи, аспаз-повар, көже-суп сөздерін қайталайды.

Қимылын келтіріп жаттығулар орындайды.




Рефлексиялық-

түзетушілік

-Балалар көкөністерден пісірген көжемізді неге құямыз?

-Ыдыстарға нелер жатады?

-Бұл ыдыстар аналарыңа не үшін қажет?

-Олар қалай пайдаланады?

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қортындылап, мадақтау.

-Ыдыстарға


-Кастрөл, қазан, шәйнек, қасық, пышақ, тәрелке, табақ, кесе-бұлар ыдыстар. Бұл заттар күнделікті өмірімізге өте қажет.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: сурет бойынша әңгіме құрастыруды және көкөністердітүсіне сәйкес бояйды.

Игерді: көкөністердің пішінін, түрін, түсін ажыратуды, ыдыстарды қалай атау керектігін;

Меңгерді: баяндау (әңгімелеу) мәтінін құрау білу.