СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Көктeм келді»Көркем әдебиет

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбиелік:  Табиғаттың ерекше бір көрінісін сипаттай отырып, сүйіспеншілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың тілдерін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Просмотр содержимого документа
««Көктeм келді»Көркем әдебиет»

Ортаңғы «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 02.04.2018

Тәрбиеші: Исмакова Б.С

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: Жылғалардан су ақты

Тақырыбы: «Көкткм келді»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Табиғаттың ерекше бір көрінісін сипаттай отырып, сүйіспеншілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың тілдерін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Оқыту: Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.

Педогогикалық технлоогиялар: Ойын технологиясы, дамыту технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Қуыршақ Айнұр, көктем суреттері

Билингвалдық компонент: Көктем-весна, жылы-тепло

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық ізденушілік: Шаттық  шеңбер: 

Табиғат – біздің  анамыз,

Табиғатқа  баламыз!

Иіліп  сәлем  береміз,

Біз  әдепті  баламыз!

Сәлеметсіңдер ме!

Шеңберге  тұрып,  қимылмен  көрсетіп  тұрып,  сөздерін  қайталайды.

Қонаққа қуыршақ Айнұр келеді. Ол балалардан қазіргі жыл мезгілдерін білесіндер ме?,- деп сұрайды.

Көктемде қаңдай өзгерістер болады?

Бүгін қаңдай күн?

Балалар сиқырлы кезеңге қуанып, сұраққа толық жауап берді.

Балалар, көктем туралы көптеген ақындар өлеңдер жазған, өлеңдерінде көктемнің әсемділігін суреттеген. Көктем келгенде барлық адамдар, жануарлар қуанады. Мына өленді тындасандар өздерін түсінесіндер.

М.Әлімбаев «Көктем келді»

-Күн, сен неге күркірейсің?

-Көктем келді! Көктем келді!

-Жаңбыр , сен неге сіркірейсің?

-Көктем келді! Көктем келді!

-Бұлақ, неге сылдырлайсың?

-Көктем келді! Көктем келді!

-Құлын, неге құлдырлайсын?

-Көктем келді! Көктем келді!

-Гүлдер, неге жайнайсындар?

-Көктем келді! Көктем келді!

-Құстар, неге сайрайсындар?

-Көктем келді! Көктем келді!

Бұл өлеңді қаңдай көңіл күймен оқу керек деп ойлайсындар? Бұл өленнен көктем келіп, айналаның барлығы қуанышқа бөленіп жатқандай сезінеді. Күн күлімдеп, жаңбыр сіркіреп, бұлақ сарқырап, гүлдер жайнап, құстар сайрап, барлық нәрсеге жан біткендей сезімде боласың? Неліктен?

Сергіту сәті:

Жып-жылы таза суда

Балық жүзіп ойнайды

Біресе секіреді

Біресе жиырылады.

Біресе құмға тығылады.

Дидактикалық ойын: «Сөйлемдерді толықтыр!»

Күн жылына.....(бастайды)

Қар.....(ериді)

Құстар ұшып.....(келеді)

Аңдар ұйқыларынан....(оянады)

Көк шөптер......(шығады)

Ағаштар бүршік....(атады)

Қорытынды: -Балалар, бүгін қандай өлеңмен таныстық?

-Ол өлең не туралы?

-Көктем келгенде қандай өзгеріс болады екен?

-Неге тіршіліктің барі қуанады?

-Көктем келгенде табиғатта қандай өзгерістер болады?





























Тынық күнде бір мезет,
Жел тұрады гуілдеп
Құлақ салып тыңдасаң,
Дыбыстайды у-у-у-у деп.

Бұлт үйірілсе аспанда,
Түнереді атырап.
Жаңбыр жауса бір мезет,
Дыбыстайды тырс-тырс – деп.



Айналадағы гүлдер бүршік атып, көшеге көшет отырғыза бастайды.

Салқын жақтан құстар ұшып келеді. Адамдар жеңіл киіне бастайды.



1. Сәуір болса,
Күн күркірер.
Күн күркіресе,
Көк дүркірер.





Жыл он екі ай


Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде Ақ жайықтың жағасында еліне елеулі, халқына қалаулы, бір домалақ ана өмір сүріпті. Сол анадан тараған төрт қыз бар екен. Олардың ауыз десе аузы, күндей жарқыраған көзі бар. Дүниенің сұлулығын өздеріне дарытқан сұлу қыздары болыпты.

  Анасы жақсы тәрбие беріпті, Үлкен қызының аты «Көктем». Ол ақ жарқын, мінезі нәзік. Екінші қыз «Жаз» жарқырап, жайдарлы, әр уақытта күлімдеп, нұрын шашып жүреді. Үшінші қызы «Күз» басқа қыздарға қарағанда жылауық, жаңбырлы болады, бірақ қолы ашық мырза екен. Ал кіші қызы «Қыс» басқа қыздарына қарағанда салқын, қаталдау.

  Қыздары бой жетіп, саналы да салмақты қыз болып өсіпті. Осы қыздарын домалақ ана өздерінің құтты орындарына қондырыпты.

  Үлкен қызы арыстай үш ұл туып, үшеуі де ел қорғаған батыр болыпты.

  Екінші қызы үш қыз туып үшеуі де адамзатқа жан жылуын сыйлай білетін мейірімді қыздар атаныпты.

  Үшінші қызы жаздай жайдарлы үш қызды дүниеге әкеліпті.

  Төртінші қызы берекесі мен ырысы мол, қолдары ашық, келген қонақты қадір тұтатын, қонақжай үш қыз өсіріпті.

  Осы төрт қыздан өрбіген ұрпақтары елге, халыққа пайдасын тигізіп, ел аузында аттары аңызға айналыпты. Олар жылдың төрт мезгілі мен он екі айы екен.





Сасық суыр, су қайда?


Ерте заманда сиыр сызылған кербез, суырыла шапқан жүйрік болыпты. Әрі асқан тәкаппар, мақтаншақ та екен.

         Бір күні әлгі сиыр атпен ерегісіп қалып, екеуі жарысқа түсуге уәде байласады. Бұрынғы өткен жарыстардың бәрінде сиыр бәйге бермейді екен. Осы жолы аттан да озып, төрт аяқты жануарлардың арасындағы ең жүйрігі деген атаққа біржола ие болуды мақсат етеді.

         Көмбеге төреші болып арыстан келеді. Бәстің жайын ұққан соң, ат пен сиырды бір күншілік жолға жолбарыс айдап барып, екеуін қатар тұрғызып қояды да өкіріп тұрып, кері қайтуға белгі береді.

         Құйрығын көкке шаншып алып, танауы пысылдап, сиыр ә  дегеннен-ақ қарасын үзіп, зулай жөнеледі.

         Сиырдың артынан желдей жүйткіп, үдей шауып, ат келе жатады. Жол ортасында бәсекелесушілерге сусын беру үшін суыр тосып отырады.

         Бір кезде оза шауып, елірген сиыр суырға жетіп келеді де:

         — Суыр сасық, су қайда? – дейді.

         Сиырдың тәкаппар мінезіне ренжіп қалған суыр:

         — Сиыр сасық, су мұнда, – деп, сасып, борсып кеткен лай суды ұстата салады. Шаңырқап, шөлдеп келген сиыр судың қандай екеніне қарамастан, сіміріп жібереді де одан әрі шапқылай жөнеледі.

         Әрі-беріден соң, суырдың қасына шаршап, шөлдеп ат келеді.

         — Суыр сұңқар, су қайда? – дейді еркелетіп.

         — Жылқы тұлпар, су мұнда! – деп, суыр мөлдір, тұнық суды атқа ұстата береді. Таза, тұнық суға қанып алған ат бойына тың қуат қосылғандай болып, құстай ұшып, самғай жөнеледі.

         Сасық, лай су кеудесін алып қалған сиыр онша ұзап кете алмайды да екі-үш қырды асқан соң, оны ат қуып жетіп, жанынан желдей жүйткіп өте шығады. Содан көмбеге бірінші болып жетеді.

         Содан бері жылқы төрт аяқты жануарлардың ішіндегі жүйрігі болып қалыпты. Кеудесін лай, сасық су алып қалған сиыр содан бері шабандап, жүгіре алмайтын күйде қалады. Сиырдың жатқан кезде ыңырана күрсінетіні - өзінің астамшылық етіп, суырға айтқан дөрекі сөзіне күні бүгінге дейін өкінгені екен деседі.