Мотивациялық қозғаушы | Шаттық шеңбері Күннің көзі ашылсын, Көкке шуақ шашылсын. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал қанекей бәріміз, Сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздер ме, апайлар! | Балалар шаттық шеңберін жасайды |
Ұйымдастыру-щы ізденуші | Жарайсыңдар балалар, орындарымызға отырамыз! Қазір жылдың қай мезгілі? Өте жақсы, жарайсыңдар! Балалар күз мезгілін суреттейтін қандай тақпақтарды білеміз? Бағдаршам туралы, бағдаршамның көздерін түсіндіреді, жолда жүру тәртібін үйретеді. Балалар,сендерге бағдаршам ұнады ма және түсіндіңдер ме Қазіргі танда бұл көліктердің маңызы төмендеді. Қазір көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын, суда жүзетін көліктер. Әуе көліктеріне ұшақ, тік ұшақ, зымыран, ал су көліктеріне кеме, қайық, жер көліктеріне машина, автобус, велосипед, мотоцикл т.б жатады. Жер көліктерінің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Олар жүк тасымалдаушы, жолаушы тасымалдаушы, ауыр және жеңіл машиналар. Бұл көліктердің бәрін арнайы маман иелері жүргізеді. Ұшақты – ұшқыш, машинаны – жүргізуші, кемелерді – кеме капитаны басқарады. Бұл көліктердің пайдасы – адамның еңбегін жеңілдетеді, алысты жақындатады. Сергіту сәтті «Көлік» Көлік кетіп барады, Жан – жағына қарады. Бағдаршамда қызыл жанғанда, Көлік тоқтап қалады. | Күз Балалар бағдаршамның түстерін қайталайды. –Иа |
Рефлексивті коррекциялаушы | Дидактикалық ойыны «Бұл қандай көліктер». Мақсаты: ойыншық көліктердің ішінен суда, әуеде және жерде жүретін көліктерді ажырату. Балалар көліктерді үшке бөліп көрсетеді. Балалар, көліктердің қандай пайдасы бар? Ал зиянды жағын кім айтады? Қоршаған ортаны қорғау үшін көшелерге не отырғызылады? Балалар жауабы. | Педагогтың көмегімен көлік түрін ажыратады |