СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Көлемдік және реттік санау"

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Тәрбиелік – воспитательная: балаларды жинақылыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: балалардың сөйлеу қабілеті мен зейінін, саусақтың ұсақ бұлшық еттерін дамыту.

3.Оқыту – обучающая: 4 көлемінде заттарды санап үйрету, көлемдік және реттік  санауды ажырата білуге дағдыландыру.  «Барлығы нешеу?», «Нешінші?», «Қайсы?»  сұрақтарына жауап беруге үйрету.

Просмотр содержимого документа
«"Көлемдік және реттік санау"»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.

Пән/Предмет: ҚМҰҚ. ФЭМП.

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Достарыма арналған жаңа жылдық сыйлықтар»

Тақырыбы/Тема: «Көлемдік және реттік санау»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: балаларды жинақылыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: балалардың сөйлеу қабілеті мен зейінін, саусақтың ұсақ бұлшық еттерін дамыту.

3.Оқыту – обучающая: 4 көлемінде заттарды санап үйрету, көлемдік және реттік санауды ажырата білуге дағдыландыру. «Барлығы нешеу?», «Нешінші?», «Қайсы?» сұрақтарына жауап беруге үйрету.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: компьютерлік, денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: конверт, карта, суреттер, сандар, ойыншықтар.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: бірінші – первый,

екінші – второй, үшінші – третьи, төртінші – четвертый

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Ғажайып сәт: Аяз атадан хат келеді.

-Балалар жақында қандай мереке келе жатыр?

Жаңа жылда Аяз ата балаларға не береді?

Аяз ата жаңа жылда тек балаларға емес, ормандағы жануарларға да сыйлық береді екен.

Балалар Аяз ата бізден көмек сұрайды. Ол ормандағы жануарларға өзінің сыйлығын дайындау үшін олардың үйлерінің нөмірін білуі керек.

Балалар біз Аяз атаға көмектесеміз бе?

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Слайд: Балалар менің қолымда орман жануарларының мекен жайы орналасқан карта бар. Қане картаға назар аударайық.

Ең алдымен барлық үйді санап шығайық. 1,2,3,4

Үйлерді тура және кері қарай санайды. Оларды нөмірлейді.

- Реттік санауды білесіңдер ме? - Қанекей, балалар үйлерді реті бойынша санайық.

Бірінші, екінші, үшінші, төртінші.

Балалар бірінші тұрған үйде не тұрады екен?

Қоянның үйі нешінші тұр?

Төртінші орында ненің үйі?

Аюдың үйі нешінші үй?

Барлығы неше үй?

Билингвалдық компонент: бірінші – первый, екінші – второй, үшінші – третьи, төртінші – четвертый

Сергіту сәті

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,

Бойға жинап күш.

Жаттығу жасап алайық,

Бiр дем алып қалайық.

-Балалар, мына менің алдымда тұрған ойыншықтардың қандай ретпен орналастырылғанын айтып беріңдерші.

«Сәйкестендір» ойыны

Шарты: берілген сандармен ойыншықтарды санына қарай сәйкестендіру.

Сандық және реттік санаудың бір-бірінен айырмашылығы барын балалардың естеріне саламын. Оған көз жеткізу үшін тапсырманы дәптерге орындауды тапсырамын.

-Үшінші орында қандай ойыншық тұр?

-Қоянның сыйлығы нешінші тұр?

Жеке жұмыс: Амирхан аюдың сыйлығы нешінші тұр?

Самрат қайсысы ойыншық төртінші орында?

-Ал маймыл нешінші орында орналасқан?

Дидактикалық ойын: «Нешінші ойыншық тығылып қалды?»

Ойын шарты: үстел үстінде бірнеше ойыншықтар тұрады. Бір бала шығып орнынан қай ойыншык тығылып қалғанын айтып береді.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Балалар біз Аяз атаға қалай көмектестік?

Барлығы неше сыйлық болды?

Балалар сендер бүгін Аяз ата үлкен көмек көрсеттіңдер. Енді жаңа жылда Аяз ата сендерге өз сыйлықтарын алып келетін болады.

Балаларды мадақтау.