Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық. Творчество.
Пән/Предмет: Жапсыру
Өтпелі тақырып/Сквозная тема:
Тақырыбы/Тема: «Көліктер»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: балаларды жол ережесін бұзбауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: жапсыруда ұқыпты болуға үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Желімді қылқаламға, дайын үлгіге мұқият жағуды жетілдіру, машинаның дайын бөлшектерін олардың арасындағы арақашықтықты сақтап жапсыруды үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: компьютерлік, денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, көрсету және түсіндіру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: интербелсенді тақта, қылқалам, клей, салфетка, түрлі – түсті қағаздан: машина, доңғалақ және шамдары.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: машина-машина, жол-дорога, ұшақ-самолет, пойыз-поезд, кеме-теплоход, жүк көлігі – грузовик.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Тосын сәт: (машинаның гүрілі естіледі) экраннан жолда кетіп бара жатқан машинаны көрсетеді.
-Балалар бұл ненің дауысы?
-Балалар қараңдаршы машина қайда кетіп бара жатыр?
Билингвалдық компонент: машина-машина, жол-дорога
-Балалар машина қандай бөлшектерден тұрады?
-Балалар машина не арқылы жүреді?
-Жолды жарық ету үшін машинаға не қажет?
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Балалар менің машинама қараңдаршы, онда не доңғалағы, не шамдары жоқ. Сендер маған машинаға доңғалақтары пен шамдарын жасауға көмектесесіңдер ме?
Көрсету және түсіндіру.
1.Көліктің бір доңғалағына қылқаламмен желімді ұқыпты жағып, жабыстырамыз.
2. Екінші доңғалақты ара қашықтықты сақтай отырып жабыстырамыз.
3.Машинаның алдыңғы жағына шамды жабыстырамыз.
4. Жабыстырып болған соң, үстінен салфеткамен басамыз.
Балалар қараңдаршы машина енді қандай болды?
Енді сендерде орындарыңа отырып қалған машиналарды жөндеңдер.
Сергіту сәті:
«Бип-бип, бип,»- дейді
«Жолдан былай кет,»- дейді
Күшікті басуға, басуға
Болмайды, болмайды машина.
«Бип-бип, бип,»- дейді
«Жол шетінде күт,»- дейді
Көшеде жүруге асыға
Болмайды, болмайды машина.
-Балалар, бойымызды сергітіп алдық. Енді орындарыңа отырып, жұмыстарыңды жалғастырыңдар.
Балалардың өзіндік жұмыстары.
Жеке жұмыс: Амирханға, Каусарға желімді қылқаламға ұқыпты жағуды үйретемін.
Дидактикалық ойын: «Көліктің түрін дауысынан таны»
Мақсаты: балаларды көлік түрлерін дауысынан ажыратуға үйрету.
Шарты: балаларға әр-түрлі көліктің суреттері таратылып беріледі. Үнтаспадан көліктердің дауысы тыңдатылады. Қандай көліктің дауысы естілсе, сол көліктің суреті бар балалар карточкаларын көрсетіп, көліктің атын атап орнына апарады.
Билингвалдық компонент : ұшақ-самолет, пойыз-поезд, кеме-теплоход, машина-машина, жүк көлігі – грузовик.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Балалар біз бүгін нені жабыстырдық?
Машина қандай бөлшектерден тұрады?
Балалардың суреттерінен көрме ұйымдастыру.
Мадақтау.