Ұйымдастырушылық – ізденістік | -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінде қанша ай бар? -Қазір қандай ай? Балалар бүгін біз Мұзафар Әлімбаевтың «Жұмыстың бәрі жақсы» өлеңімен танысамыз. Құрылысшы: Қолда темір қалағым, Содан сарай қаладым. Алматыдан аумайтын Әсем қала саламын. Шахтер: Орны бөлек елдегі, Шахтердің көп еңбегі. Тау-тау болып үйілген, Оның қазған кендері. Ұстаз: Оқу-білім ордасы, Ұстаз оның арнасы. Ұстаздық деген ұлы іс, Адамдардың айнасы. Ғарышкер: Ғарышты-ғарышты Тұнып тұрған алысты, Орындалып арманы, Ғарышкерлер шарлады. Сұрақ-жауап. -Өлең шумағында кімдер жайлы айтылған? -Олар не істейды? -Мына суреттен тағыда кімдердің және нелердің суретін көріп отырсыңдар? -Олар не істейді? -Яғни,халыққа қызмет етеді.Оларды біз мамандық иелері деп атаймыз.Сендердің ата-аналарың қандай мамандық иелері екенін білесіңдер ма? -Балалар сендер мамандықтар туралы тақпақтар білесіңдер ма?Кім айтады? -Жарайсыңдар!Енді сендерге мен жұмбақ жасырайын. 1.Бір керуен жүреді екен қатар түйе, Аузынан жалын шығар бұдақ күйе. -Ал,балалар пойызды кім айдайды? 2.Құстан аумайды, Көкке зулайды. -Ұшақты кім жүргізеді. -Ал мына суреттегі машинаны,автобуты айдайтын адамды біз кім деп атаймыз? Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық, Қолды белге қояйық. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір, Біздер тату баламыз, Гүлдей жайнап жанамыз. Ғажайып сәт.Дәрігер кіреді. -Салеметсіңдерме балалар?Сендер мені танисыңдарма?Мен кіммін?Ия,мен дәрігермін.Мен не істеймін?Дұрыс айтасыңдар! Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?» Балалар мұғалім,дәрігер,ғарышкер,аспазшыға қажет құралдарды тауып,сызық арқылы сәйкестендіруі керек. -Балалар,сендер болашақта кім болғанды,қандай мамандық иесі болғанды қалайсыңдар? -Өте жақсы балалар.Осындай әр түрлі мамандыққа жету үшін алдымен білім алып көп нәрсені үйрену керек.Осындай жұмыстарды кімдер жасайды? -Ия,біз олардың еңбегін бағалап,құрмет тұтуымыз керек.Ендеше еңбек туралы мақал-мәтелдерді айтайық. 1.Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей. 2.Жас кезімде еңбек бер, Қартайғанда бейнет бер. 3.Еңбек пен бақыт егіз. | Сұрақтарға жауап береді. Өлеңді тыңдайды. -Құрылысшы, ұстаз, ғарышкер,шахтер туралы айтылған. Сұрақтарға жауап береді. Мамандықтар туралы тақпақтар айтады. -Пойыз. -Машинист. -Ұшақ. -Ұшқыш. -Жүргізуші. Сергіту сәтін орындайды. Дәрігермен амандасады. Сұрақтарына жауап береді. Тапсырманы орындайды. Балалар болашақта кім болғысы келетінін айтады. -Үлкен адамдар. Мақал-мәтелдерді қайталайды. |