26.03.2015ж | Информатика |
Сабақтың тақырыбы: | Компьютер – әмбебап есептеуіш машина |
Мақсаты : | Оқушыларды негізгі ақпаратық процестермен,компьютер өңдейтін ақпарат түрлерімен таныстыру. Бағдарлама және бағдарламалық жабдықтамалармен өз алдына жұмыс істеуге мүмкіндік жарату. Топтық жұмыс арқылы оқушылардың сабақта белсенділігін арттыру. Оқушының сабаққа қызығушылығын ойын арқылы дамыту , бір- бірінің сұрақтарын тыңдауға дағдыландыру |
Сілтеме | Мұғалімге арналған нұсқаулық, оқулық |
Нәтиже: | Берілген тақырыпқа өз алдына жұмыс істейді, өңдейді, білімін кеңейтеді. Өз ойын еркін жеткізе алады. Бір – біріне сұрақ қою кезінде сұрақ қоюда оңай еместігін үйренеді Топтық жұмыстың ережесін қызу жұмыс барысында да сақтауға дағдыланады Өзінің сұрағының жауабына қанағаттануды бағалай біледі |
Негізгі идеялар | Оқушылар өзіне деген жауапкершілікті сезіну |
Сабақтың әдісі: | Диалог, топпен жұмыс, жұппен жұмыс, өз алдына жұмыс. Сын тұрғысынан ойлау |
Ақпарат көздері | АКТ, интернет, оқулық, компьютер |
| Сабақ 45 минут |
Блум таксоно-миясы | Сабақ бөлімдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Сабақтың әдісі |
Білу 10минут | Алғашқы рефлексия уақыты Топтарға бөліну | Психалогиялық ахуал орнату Смайликтер арқылы 4 топқа бөлу Оқушыларға компьютердің күрделі де қызықты құрылғылар екенін түсіндіремін. Мысалдар келтіре отырып компьютермен жұмыс істеуді үйретемін. | Барлығы көздерін жұмып, ең қызықты уақыттарын еске алады. 4 түрлі смайликтер арқылы топтарға бөлінеді Компьютердің – әмбебап есептеуіш машина екеніне көз жеткізу. Компьютердің күрделі құрылғы екенін білу. Онымен қалай жұмыс істеу керектігін үйрену. | Өз алдына жұмыс |
Түсіну 10минут | Тапсырмалар беру арқылы жаңа сабақты жақсы түсіндіру | Мәтінмен жұмыс беремін, яғни оқушылар өз алдына тақырыпты оқып шығып, 16 сүреттегі компьютерді пайдалану және 18 сүреттердегі компьютердің түрлерімен таныстыру. Құралдарын көрнекілік ретінде көрсету | Оқушылар компьютер туралы өз ойларын жинақтап, оны қалай және қай жерде пайдалану керектігін түсінеді. Компьютердің қанша бөліктер тұратынын, оны қалай жинақтау керек екендігін, ең негізгі құрылғыларына не жатады, қосымша құрылғыларына қайсылар жататынын айыра алатын дәреже түсінеді | Өз алдына, жұппен және топпен жұмыс |
Қолдану 10минут Сергіту уақыты | | Оқушыларға өз алдына компьютерлерді қостырып, жұмыс үстеліндегі орнатылған программаларды сұраймын | Компьютер тұралы түсінігін тәжірибеде қолданады. Яғни, оқушылар өз алдына компьютердің негізгі құралдарын жинап, оны қосады. Компьютерде қандай программалар орнатылғанын атап айтып шығады. | Өз алдына жұмыс |
Талдау 5минут | Төмендегі тапсырмалар беріліп, жауаптарына талдау жасау | Заманауи компьютер мен алғаш шыққан компьютерді ВЕНН диаграммасына салғызып, айырмашылықтарын сұраймын. Болашақта програмист болса, қолдануғы ыңғайлы қандай программаларды ойлап табатындығы тұралы ой қозғаймын | Оқушылар компьютер туралы ойларын жинақтап, заманауи компьютер мен алғаш шыққан компьютерлерден қандай айырмашылықтар бар екенін, программалық жасақтамалардың жылдан жылға қалай өзгергенін талдай отырып, болашақта компьютерлер қаншалықты қолдануға ыңғайлы болатынына көз жеткізеді, талдай алады, білетін болады. | СТО |
Топтау (синтез.) 5минут | Алған білімін топтау | 1.Компьютер қандай құрылғы? 2.Қандай компьютерлік программаларды білесіңдер? 3.Компьютер қалай және қай жерде қолданылады? 4. Компьютердің қандай түрлері бар? 5.Суперкомпьютерлер қайда қолданылады? – деген сұрақтар қоямын | Оқушылар компьютер туралы алған білімдерін топтау арқылы, компьютердің қанша түрі, қандай құрылғылары, қандай функциялары және де суперкомпьютерлерді қалай пайдалану керектігін түсініп, қандай компьютер қазіргі заманда қай салада болмасын компьютердің көмегі тиіп жатқанын дәлелдеп шығады. Жеке қосымша жұмыстар атқара алады | Анализ, синтез, қорытын дылау |
Бағалау 2минут | Сабақ барысындағы оқушының көз қарасы | Әрбір оқушыдан компьютерді қай кезде және қалай пайдаланатыны тұралы сұраққа жауап аламын | Компьютер құрылғысы өмірмізде қандай рөл атқаратынын, оны қалай және қайда тиімді пайдалану керектігін бағалай алатын болады. АКТ-ны бағалайды, қолданады | Топпен жұмыс |
2минут | Үйге тапсырма беру | Тақырыпты оқып келу. | Берілген тапсырмаларды дұрыс орындап келу | Өз алдына жұмыс |
Рефлексия 1минут | | Сабақтан алған әсерлері бойынша «Тазалық» ойыны арқылы рефлексия парағын толтырады. | Сабақтан алған әсерлері туралы «Чемоданға» сабақтан алған білімі туралы, «Корзинаға» сабақта не артық болғаны туралы және «Мясорубкаға» сбақтан тыс тағы нені үйренім,білгісі келетіні туралы жазып шығады. | Өз алдына жұмыс |