Просмотр содержимого документа
«"Компьютердің бала денсаулығына зияны" кеңес»
Дәрігерлермен психологтардың ұзақ уақыт жасаған зерттеулерімен оның қорытындысы компьютермен ұзақ уақыт жұмыс жасау, компьютерлік ойындарды мөлшерден тыс ұзақ уақыт ойнаудың балаларға төмендегідей зияны бар екендігін дәлелдеді.
Яғни, тапжылмай ұзақ уақыт компьютердің алдында отыру, біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе, екіншіден, оның мінез-құлқының өзгеруіне, логикалық ойлау қабілетінің бірте-бірте төмендеуіне әкеліп соғады, баланың, ақыл ойының дамуын тежейді. Компьютердің алдында үзіліссіз жұмыс істеу баланың қан қысымын көтереді, және миопия, (көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілетінің төмендеуі) құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейтіні белгілі. Сонымен қатар омыртқаға көп күш түсетіндіктен сколиоз (омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауруына шалдығуы мүмкін бұған қоса электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп , қолдың буындарына зақым келтіреді. Компьютерлік ойындардың негізгі түрі атыс-шабыс, төбелес, зорлық –зомбылықтар болып келеді. Бала сыртқы дүниені ұмытып, қым-қиғаш соғыс немесе сатырлаған төбелестің ортасында жүреді. Осындай кездерде баланың жүйке жүйесі бұзылып, ашу–ызаға жол береді. Бірте-бірте баланың бойындағы мейірімділік, ізгілік қасиеттері, ата-ананы сыйлау қабілеті азаяды. Осылайша жалғаса берсе баланың әдеби кітаптарға, ізгілік қасиеттілік ойындарға қызығушылығы төмендеп, компьютерге тәуелділікке әкеліп соғады. Қазір болмағанмен де 10-15 жыл уақыттан кейін нашақорлыққа тәуелділік, темекіге тәуелділік, спирттік ішімдіктерге тәуелділік тәрізді әлеуметтік дерттердің қатарына компьютерге тәуелділік деген атау қосылып жатса еш қандай таңдануға болмайды .Сонымен бірге соңғы кезде ұялы телефон арқылы Mail agent жүйесімен тілдесу де оқушылардың және жастардың сүйікті ісіне айналды. Ал ұялы телефонды да пайдалану кез інде электромагниттік толқындардың өте зиянды әсері бар екендігіде дәлелденіп отыр.
Сондықтан да жоғарыда айтыл ған жағдайларды ескере келіп, баланың денсаулығын сақтаймын десе ата-ана төмендегідей жағдайларды бұлжытпай орындағаны дұрыс.
- 4 жастан - 6 жасқа дейінгі баланы компьютерге мүлде үйретуге болмайды.
- бала 7-жасқа толғаннан кейін ғана аптасына 2 рет 10-минут қана компьютермен жұмыс жасағаны дұрыс .
- 1-4 сынып оқушылары тәулігіне 15-20 минут , 5-8 сынып оқушылары тәулі гіне 20-25 минут, 9-11 сынып оқушылары 30 минуттан артық отырмауы керек.
-бала монитордан 70 см қашықтықта жұмыс істегені жөн компьютер тұрған бөлме жарық болғаны дұрыс.
-баланың ұйықтайтын бөлмесіне теледидарды да, компьютерді де мүлдем қоймаған дұрыс - компьютерді баланың көңілін көтеретін құрал ретінде пайдаланып, бөлменің төріне қойып үйдің ең маңызды құралына айналдырмаңыз.
- компьютермен жұмыс істегенде реттелетін кресло немесе орындықты қолданыңыз.
- егер компьютерде 2 сағаттан артық отыратын жағдай туындай қалса, арнайы көзәйнекті пайдаланыңыз
- баланың үй тапсырмаларын орындамай тұрып компьютер пайдалануына шек қойыңыз.
Демек, кез-келген ата-ана балаларына компьютердің зияны туралы уақыт сайын ескертіп отырғаны дұрыс. Жалпы шамадан тыс компьютер алдында отыру баланың ғана емес ,үлкеннің де жүйкесін жұқартып, жоғарыдағы аталған дерттерге әкеліп соғатынын есте ұстаған дұрыс .
№ 35 «Балдырған» бөбекжайы

Ата-аналармен әңгіме:
«Компьютердің бала денсаулығына зияны»
Дайындаған № 2 ІІ кіші топ тәрбиешісі: Дюсенова С.О.