Просмотр содержимого документа
«"Компьютерлік технология негіздері" курсы бойынша электрондық оқулық құру»
«КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ»
КУРСЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ҚҰРУ
Райханова А.Қ , Ақтөбе қаласы, № 23 ОМЛ, 10 «Ә» сынып
Ғылыми жетекшісі Таурбаев Т.Р., техника ғылымдарының магистрі
XXI ғасыр ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алынды. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізуді, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді.
Білім беру саласында «Электронды оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Ақпаратты технология ең бастысы өзінің өркениеттілігімен ерекшеленеді. Оған жататыны жазбаша жұмыс, кітап басу, радио, теледидар, телефон байланысы. Сонымен қатар соңғы уақытта тез таралып кеткен ксерокопия, дербес есептеу, электронды пошта, спутникті және кабелді теледидар жазудың столды системасы.Электронды оқулықтың нәтижелігі мынада:
-тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етеді (интерактивті қасиет);
-қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік береді;
-гипермәтіндік түсіндіруден жан-жақты ақпараттық материалдар алады;
-әрбір жеке тұлғаның, білімін, білік іскерлігін әрбір тауарлар бойынша тексеруге, бағалауға мүмкіндік береді;
Электронды оқулықты мынадай жағдайларда қолдануға болады:
теориалық материалды өз бетімен оқып үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;
сабақты иллюстрациалық материал ретінде жабдықтауға көмектеседі;
сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік берілген;
емтиханға дайындық кезеңдерінде пайдаланылады
Қашықтан оқытуда электрондық оқулықтар қолданылатыны белгілі. Электрондық оқулықтарды құру ақпараттық материалдардың әркез жаңарып отыруына байланысты мәселені шешуге мүмкіндік береді.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Международное стандартное библиографическое описание для электронных ресурсов — ISBD (ER)
2. Агеев В.Н. Электронная книга: Новое средство соц. коммуникации. М.: 1997.
3. Гречихин А.А., Древс Ю.Г. Вузовская учебная книга: Типология, стандартизация, компьютеризация. М.: Логос, 2000.
6