Мақсаты: Балаларды қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін ояту қыс
мезгілінің ерекшелігін айту. Ойын кезінде
балаларды, шапшаңдыққа, жанашырлыққа, достыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: Табиғат аясы
Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, сұрақ-жауап ойындар
Ойын алаңдар әсем безендірілген. Балалар музыка әуенімен келеді.
«Балбөбек», «Айгөлек» топтарының бүлдіршіндері бір сан бойымен бір-біріне қарама-қарсы тұрады.
«Айгөлек» тобының ұраны. Біз Айгөлек тобының, айдай жайнаған қыздары мен ұлдарымыз. Біздің ұранымыз «Денсаулық зор байлық»
«Балбөбек» тобының ұраны: Біз Балбөбек тобының білгірде алғыр жас бүлдіршіндеріміз. Біздің ұранымыз «Шынықсаң шымыр боласың».
Шаттық шеңбері: Сүйейік табиғатты, аялайық
Бізде одан жақсылықты алайық
Анадай табиғаттың аясында,
Жадырап жас балаша дем алайық.
Тосын сый:
Осы сәтте Маша мен Аю келеді
Маша Аюға ұрсып келеді.
Аю: Балалар сендерде бұл жақта не болып жатыр.
Тәрбиеші: Бізде қысқы ойын сауық болып жатыр.
Маша: Аю бізде балалармен ойын ойнайықшы.
Маша: Аю көрдің бе сен ұйықтап жатқанда қар жауыпты.
Балалар сендер білесіңдер ме қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Қыс мезгілінің ерекшелігін айтайықшы?
Қыс мезгілінде қандай мереке бар?
Балалардың жауабы: Қыз мезгілі, үш ай бар, қар жауады, ауа-райы суытады. Жаңа жыл мерекесі болады.
Тәрбиеші: Балалар Маша мен Аюға қыс туралы тақпақ айтып берейікші.
Балалардың тақпағы.
Айгөлек тобы.
1.Қазыбек: Оралдың өлкеме
Жаңа жыр армысың
Ақ көрпеге оранып
Асқар тау,қарлы шың
2.Жансая: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көз тоймайды қараса
3.Арнат: Тамаша,тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
4.Ә.Нұрай: Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңіңнен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен
Балбөбек тобы.
1.Нұрислам: Жаңа жыл, жаңа жыл
Жасыл шырша жанына
Жадырап бар бала жүр
2.Бекзат: Белый снег кружится
Воздухе кружится
И на землю тихо
Падает ложится
3.Ерсұлтан:Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Мына сұлу шыршамыз
Көптен күткен сағынған
Тәрбиеші: Маша, Аю сендер біздің балалармен ойын ойнағыларың келе ме?
Маша:Аю ойнайықшы, алақай!
Тәрбиеші: Олай болса, Маша сен қай топтың топ басшысы болғың келеді?
Маша: Алақай, алақай мен «Айгөлек» тобының топ басшысы болғым келеді.
Тәрбиеші: Аю онда сен «Балбөбек» тобының топ басшысы боласың.
Әстафеталық ойын
1.Кеме арасымен жүру
2.Көңілді такси
3.Аққала соғу
4.Шанамен жарыс
Тәрбиеші: Маша, Аю көрдіңдер ме біздің балалар шапшаң, алғыр, ақылды, шымыр.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі ойнымыз ұнады ма?
Балалар: Иә, ұнады.
Тәрбиеші: Ойын ойнап көңіл күйлерің көтерілді ме?
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Ал балалар бүгінгі ойын-сауыққа белсене қатысқандарыңа рахмет.
Маша: Ой Аю біздің балаларға алып келген аздаған сыйлығымыз бар еді соны үлестірейік
Жалпы би: «Аю» биі.