Ересек топқа ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельностидля старшей группы
Откізу күні/Дата проведения: 22.11.2018
Тәрбиеші:
Денешынықтыру нұсқаушысы/ Инструктор по физической культуре:
Білім беру саласы: Образовательная область:"Денсаулық","Шығармашылық"
Пән: /Предмет: Денешынықтыру, Сурет салу
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Техника және біз» «Техника и мы»
Тақырып: «Көңілді паравоз»
1.Тәрбиелік:Ұлдардың қыздарға деген сыйластық қарым-қатынасын тәрбиелеу, дене шынықтыруға деген дағдыларын дамыту. Тазалыққа,ұқыптылыққа,қайырымдылыққа тәрбиелеу
2.Дамытушылық: шапшаңдығын, кеңістікті бағдарлай алу қабілеттерін дамыту. Түрлі-түсті бояудың көмегімен геометриялық пішіндерді пайдаланып, паравоздың суретін салуды үйрету, сурет салу дағдыларын қалыптастыру.
3.Оқыту:(гимнастикалық орындықтардың көмегімен)
Балаларға тоқтамай жүгіруді үйрету, тепе-теңдікті сақтап гимнастикалық орындықтан жүруге үйрету. : Көлік туралы жалпы білімдерін бекіту.Түрлі-түсті бояудың көмегімен геометриялық пішіндерді пайдаланып,паравоздың суретін салуды үйрету,сурет салу дағдыларын қалыптастыру.
Педагогикалық технологиялар: Педагогические технологии:здоровьесберегающая, игровая. денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Құрал-жабдықтар/Оборудование: 4 гимнастические скамейки, 4 обруча, мячи на полгруппы детей
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, ақ қағаз, жай қарындаш, түрлі тсті қарандаштар
Көптілдік/Полеязычие: Денсаулык – здоровье - health,паравоз- locomotive,көлік- транспорт- transport,тұрмыстық техника- бытовая техника- household appliances
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Тосын сәт:
Жұмбақ:
Тіркеп алған үйлері бар,
Қара тұлпар жүр көшіп. (паравоз)
балалар жұмбақтың жауабын шешеді, балалар сендер жауабын дұрыс айттыңдар ма екенін тындап көрейік
Слайд №1 қосылады
ноудбуктан паравоздың дыбысын қосамын,суретін көрсетемін. Жарайсыңдар балалар, жауабын дұрыс таптыңдар,дене шынықтыру сабағына паравозбен барайық.
Тәрбиеші: Ал паравоз, баста алға,
Бәрімізді басқар да!
Ал біз кеттік –
Жүрісті біз үдеттік.
«Пуф, чк..чк..чк.. –пуф, чк..чк..чк..»- балалар жүрісті үдетіп жүреді.
2.негізгі бөлім.
Денешынықтыру нұсқаушы: Бүгін біз көңілді паравозбен саяхаттаймыз
Дайынсындар ма?
Бір қатар құрып сапқа тұрады.Сабақтың тақырыбын хабарлау
«Көнілді паравоз»
(гимнастикалық орындықтар пайдалана отырып,). Бір қатар құрып сапқа тұрады. Дене шынықтыру нұсқаушысына гимнастикалық орындықтарды қоюға көмектеседі
Әр түрлі қозғалыс түрлерің орындайды.
1,5 мин баяу жүгіру бірнеше рет жүгіру түрлерін алмастырады: орташа жылдамдықпен, жылдам және қайтадан баяу Қол мен аяқтың келісілген қимылдарына назар аударады, қолдың қозғалысы жігерлі болуы тиіс. Денешынықтыру нұсқаушының дабыл беру бойыша әр түрлі қозғалыс түрлерің орындайды.
1.Бекет -«Жаттығу»
Гимнастикалық орындықтармен жалпы дамыту жаттығуларын орындау
Денешынықтыру нұсқаушы мен бірнеше бала гимнастикалық орындықтармен жалпы дамыту жаттығуларын көрсетеді. Үш қатарға бөлінеді.Команда бойынша екі топқа қайта құрылады.
2. Станция - " Шеберлер»
Бөледі екі топқа.
Әрбір кіші топқа екі негізгі қозғалыс ұсынылады, содан кейін олар орын ауыстырады. Команда бойынша екі топқа қайта құрылады.
Бір топ орындайды: іште жүгіріп, ізімен секіру: тұрып, орындықтың шетінен қол ұстаңыз - кішкентай секірумен алға жылжу.
Қиналған балаларға көмек қолын созу
3. Станция- «Ойын»
аяқтарыңды бірге қойыңдар,тік тұрыңдар,қолды жоғары көтеріп алақандарың бір-біріне қарап тұрсын, жоғары қарай созыламыз,жайқалған ағаш секілді күнге қолды созамыз енді терең тыныс аламымыз,бойымызға күш қуат аламыз.
Қазақтың қимылды ойыны "Киіз үй"
төрт шеңберде ауыспалы қадаммен жүріп, ән салады:
Біз, көңілді балалар,
Барлығы үйірмеге жиналады,
Ойнаймыз біз секіреміз
Бір отырып бір тұрып біз көңілді баламыз
Балалар сендерге паравозбен саяхаттаған ұнады ма? енді паравозбен тобымызға жетіп алайық.
«Пуф, чк..чк..чк.. –пуф, чк..чк..чк..»- балалар жүрісті үдетіп жүреді.топқа келеміз.
тәрбиеші:- Ал, поезд тоқтады,- дейді.
Балалар: «Пш!», - деп қолдарын жоғарыдан төмен қарай рычагты тартып поезды тоқтатқандай қимыл көрсетеді.
-Өте жақсы, балалар.
Слайд №2 қосылады. "Суреттермен жұмыс"
-Мынау ненің суреті?
-Поезд.
-Ал поезды не басқарып жүргізеді?
-Паровоз
-Ал мыналар нелер?
-Вагондар.
-Ал поездбен жүретін адамдарды кім дейді?
-Жолаушылар.
Сөздік жұмыс:
«Жолаушылар» - қоғамдық көлікпен жүретін адамдарды жолаушылар дейміз.
-Тағы қандай көліктерді білеміз?
-Ұшақ, тікұшақ, машина, кеме, велосипед.
балалар техника деп біз көліктерді ғана айтамыз ба?
техниканің түрлері өте көп: тұрмыстық техника дегенде болады,тұрмыстық техникаға не жатады?(тоңазытқыш,мұздатқыш,қысқатолқынды пеш,теледидар,шаңсорғыш,кір машина т.б)
дұрыс айтасыңдар тұрмыстық техникны қайда қолданамыз? (үйде қолданамыз)
Көптілдік/Полеязычие: Денсаулык – здоровье - health,паравоз- locomotive,көлік- транспорт- transport,тұрмыстық техника- бытовая техника- household appliances
Жеке жұмыс: Алина, Нұртай, Сезім мен сөйлемді толық өз ойымен жеткізуге ,дыбыстарды дұрыс айтуына көмектесу
«Керекті орынға орналастыр» ойыны.
Ойынның шарты: Тақтаға темір жол, су, әуе көлік қатынасы жолдары суреті ілінеді. Балалар көліктерді қатынас жолына қарай суреттердің үстіне қою арқылы орналастырады. Мысалы: Кемені суға, поезды темір жолға орналастырады.
-Өте жақсы. Балалар, бізге поезд суретін салу үшін келесі заттар керек.
Саусақ жаттығуларын жасату:
*Әр саусақты жеке – жеке уқалау.
*Әр саусақтың басын шерту.
*Әр саусақты бір – біріне тіреп итеру.
*«Саусақтар қыдырады» - Саусақтарды адымдатып жүргізу.
*Саусақтарды құлыпқа салып білек тұстан айналдыру.
Балалар енді біз осы паравоздың суретін салайық,
Дидактикалық ойын "Пішіндерден паравоз құра"
шарты: балалардың алдынша бірнеше түстермен пішіндер жатады, палалар пішіндерден келістіріп паравоздың суретін құрайды.
Слайд №3 қосылады. Поезд вагондарын салу жолы көрсетіледі.
тәрбиеші: балалардың қағаз бетіндегі кеңістікті сақтағандарын қадағалайды. Сурет салу жолын дұрыс орындағандарын бақылайды.
-Балалар, енді поездың дөңгелегін саламыз. Оған қандай түсті бояуды таңдайық?
-Қара.
балалар суреттерің өте әдемі шықты.
Тыныс алу жаттығуы орындалады. Балалар кеңінен дем алып, дем шығару арқылы трубочкаға үрлейді. 3 рет.
3.Қортынды
Балалар біз бүгін немен саяхаттадық? сендерге ұйымдастырылған оқу қызметі ұнады ма? балаларды мақтап-мадақтау. Балалар бәрің бүгін жақсы жұмыс істедіңдер, енді салған суретімізді іліп қояйық.
Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад № 3акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»
Білім саласы-Образовательная область-Educational area:"Денсаулық","Шығармашылық"
Тақырыбы-Тема-Theme: "Көңілді паравоз"
Тәрбиеші : Садвокасова В.А.
дене шынықтыру нұсқаушысы:Утарбаева А.Ж.
Костанай қ 2018-2019 оқу жылы


