Қазақстанның табиғи қорықтары
БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДЕ ЕРЕКШЕ КОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРІ — МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ
ҚОРЫҚТАР
Мемлекеттiк табиғи қорық — табиғатты қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.
Қазақстанда республикалық
деңгейде 10 мемлекеттік табиғи қорық, 57 қорықша, 10 ұлттық табиғи парк, 26 табиғи ескерткіштер, 7 мемлекеттік ботаникалық бақ, 3 мемлекеттік зоологиялық парк бар.
Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га.
№
1
Атауы
Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы
Құрылған жылы
2
1926
Көлемі, га
Алматы мемлекеттiк табиғи қорығы
3
Орналасқан жерi
4
Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы
131 934
1964
Оңтүстік Қазақстан облысы жәнеЖамбыл облысы
Барсакелмес мемлекеттiк табиғи қорығы
5
71 700
1934
6
Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы
191 381
1939
Алматы облысы
Марқакөл мемлекеттiк табиғи қорығы
7
1968
Қостанай облысы
160 826
543 171
8
1976
Қызылорда облысы
Үстірт мемлекеттiк табиғи қорығы
9
Батыс Алтай мемлекеттiк табиғи қорығы
Ақмола облысы және Қарағанды облысы
102 979
1984
Шығыс Қазақстан облысы
10
Алакөл мемлекеттiк табиғи қорығы
1992
223 342
Қаратау мемлекеттiк табиғи қорығы
Маңғыстау облысы
86 122
1998
65 217,9
Шығыс Қазақстан облысы
2004
Алматы облысы және Шығыс Қазақстан облысы
34 300
Оңтүстік Қазақстан облысы
АҚСУ – ЖАБАҒАЛЫ ҚОРЫҒЫ
1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 131,9 мың гектар жерді алып жатыр. Қорык төрт биіктік белдеуді камтиды. 1500 м биіктікке дейінгі төменгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар да, 1500-2000 метр - даланың шалғынды, бұталы ағаш өсімдіктері өседі.
Ақсу-Жабағылы қорығындағы фауна .
Қорықтың жануарлар әлемі сан алуан. Жорғалаушылардың саны 330 түрден астам, оның ішінде 6 отряд пен 21 тұқымдастар тобынан 50 түрлі сүтқоректі жануарлар бар.
Ақсу-Жабағылы қорығындағы Қызыл кітапқа енген қоңыр аю түрі бүкіл ареалдың ең биік жерлерінде мекендейді. Арқар мен аюдан бөлек, қорықта тағы да 5 Қызыл кітапқа енген жануар түрі бар. Олар – қар барысы, жайра, түркістан сілеусіні, шұбаркүзең мен тас сусары.
Құстар әлемі айтарлықтай бай. Мұнда жалпы саны 268 түрлі құс бар, оның ішінде 110 түрлі ұшатын және 130 ұя салатын құс түрлері бар. Қырғызстан мен Өзбекістанды қоса алғанда, бүкіл Батыс Тянь-Шаньның ұя салатын фаунасының 80 пайыздан астамы ұялы фаунаны құрайды. Торғайлар отрядының өкілдері аса көп әрі көп кездеседі, атап айтқанда – түрлі бетегелер, таушымшықтар.
Бірнеше түрлі құс – бүркіт, бозшағыл, сақалта, ергежейлі бүркіт, жылан аулағыштар, құзғын, қарақұс, ителгі соншалықты көп кездеспейді, тек энтомофауна көлемінде ғана ұя салады.
Ақсу-Жабағылы қорығындағы флора
Қазақстанның басқа қорықтарының жанында Ақсу-Жабағылы қорығы өсімдік жабынының сан алуандығымен және ерекше байлығымен ерекшеленеді. Бұл қорықта 12 түрлі өсімдікке жататын 60-тан астам өсімдік формациясы анықталған болса, басқа қорықтарда 5-7 түрі ғана кездеседі.
Қорық флораға бай. Күзетілетін өсімдік түрлерінің көлемі келесідей: саңырауқұлақтар – 250-ден астам; мүктер, қыналар, балдырлар – 60-70 түрлі, биік өсімдіктер – 1300 түрден астам. Флораның өзгешелігі мен ерекшелігі биік өсімдіктердің негізінде жақсы көрініске ие. Бұл топта 200-ден астам сирек кездесетін өсімдік түрлері байқалады, оның ішінде: Батыс Тянь-Шань мен Қаратаудың 177 эндемі; шамамен 30 таусыншақ; 39 – Қызыл кітапқа енген өсімдіктер. Тек Ақсу-Жабағылыда ғана сүтшөп, Талас аққайыңы және т.б. сияқты сирек кездесетін өсімдіктер бар.
АЛМАТЫ ҚОРЫҒЫ
1964 жылы құрылған. Аумағы 71,7 мың гектарға жуық, әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр. Бұған мәңгі кар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «әнші тауы» Аққұм-Қалқан (биіктігі 100 м-ден асатын құм тобе) жатады. Көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандар, долана, жабайы алма және өрік ағаштары 1800-2000 м биіктікке дейін көтеріледі. 2500 м биіктіктен жоғарыда Тянь-Шань шыршасынан тұратын шыршалы орман белдеуі орналасқан. Одан да жоғары, қарлы-мұзды белдеуде, субальпі және альпі шалғындары болады.
Алматы қорығындағы флора
Қорық өсімдіктер әлеміне бай және алуан түрлі. Оның флорасында жоғарғы өсімдіктердің 1000-ға тарта түрі бар. 50 түр сирек кездеседі, оның 26 түрі Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Барлық жерде дәрілік өсімдіктер кездеседі : дала қырықбуыны, құлмақ, итмұрын, орал миясы, ішдәрі қаражеміс, шілтер жапырақ шайқурай, өгейшөп, түркістан сасықшөбі, кәдімгі жұпаргүл, орта тасшүйгін, биік андыз, кәдімгі мыңжапырақ, басым көпшілігі ғылыми медицинамен анықталған.
Алматы қорығындағы фауна
Қорық жануарлар әлеміне бай. Омыртқасыз жануарлардың түр саны белгісіз, бірақ алуан түрлі әрі көп екені сөзсіз : қазіргі уақытқа дейін 8 кластың 2000 түрі анықталған. Омыртқалылар фаунасына 225 түр жатады, олардың ішінде : 3 балық түрі, 2 қосмекенді, 6 бауырымен жорғалаушылар, 172 құс, 42 сүтқоректі жануарлар.
Қорықтың он құсы Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Олардың алтауы (бүркіт, сақалтай, құмай, бидайық, орамтұмсық, көкқұс) осында ұялайды, үшеуі (қара дегелек, бақалтақ қыран, үкі) жазда анда-санда кездеседі, ал лашын қыста ұшып кетеді.
НАУРЫЗЫМ ҚОРЫҒЫ
1934 жылы ұйымдастырылған.
Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық. 1934 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87,7 мың га) қайта құрылды. Мұның аумағы 191,4 мың гектар жерді алып жатыр.
наурызым қорығындағы флора мен фауна
Қорықта өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т.б.) өседі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ ор қоян, елік, борсық, түлкі, суыр т.б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады.
Наурызым қорығының эмблемасы – аққу . Алайда қорықтың символы бүркіт де бола алар еді – мұнда олардың 30 жұбы мекен етеді.
Қордың ең әсем аңдары, Наурызым орманының көркі – еліктер. Қордың қарағайлы ормандарын ескіден қалған деп санауға болады, себебі олар үшінші немесе төртінші кезеңнің басынан бастап аз өзгерген қалпында қалған. Ерекше түрі аққайындар – қырғыз – Солтүстік Қазақстан эндемикі. Ол территорияның шағын ғана бөлігінде өсіп, әлемнің ешбір жерінде кездеспейді.
БАРСАКЕЛМЕС ҚОРЫҒЫ
Арал теңізінің солт. батыс бөлігіндегі Барсакелмес аралында (қазір Барсакелмес түбегінде) 1939 ж . ұйымдастырылған мемлекеттік қорық. Жерінің аум. 20 мың га. Қорықтың мақсаты жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және олардың өзін қоршаған табиғатқа бейімделуін зерттеп, саны азайып бара жатқан ақ бөкен мен қарақұйрықты қорғау болды.
Қорықтың флорасы мен фаунасы
Қорықтың орасан зор байлығы онда мекендейтін тұрғылықты немесе жерсіндірілген флора мен фауна өкілдері. Қорықтың өсімдіктері 278 түрден тұрады. Оның 253 түрі Барсакелместе, ал 101 түрі Қасқақұланда тіркелген. Өсімдік қауымдастығының мұншалықты алуантүрлілігі рельеф және топырақ- грунт жағдайларына байланысты. Теңіз табанынан құрғаған жерлер мен аралдың құрлыққа қосылып кеткен аумақтарында алғашқы өсімдіктері бар кең жолақтардың пайда болуда. Қорықтың жануарлар әлемі де бай. Омыртқасыздар өкілдері көп, 12 отрядқа жататын жәндіктердің өзі екі мыңға жуық. Алайда олар әлі де болса толық зерттелмеген. 20 ғасырдың басында Арал теңізі жағалауы мен аралдарында, өзен дельталары мен іргелес жатқан аумақтарда құстардың 319-ға дейінгі түрлері мен түршелері болған.
ҚОРҒАЛЖЫҢ ҚОРЫҒЫ
1968 жылы құрылған. Қорғалжын қорығы Астана қаласының оңтүстік-батысына қарай 130 шақырым жерде орналасқан. Қорықтың басты мақсаты – табиғи комплексті қорғау және табиғатты аялау ниеттерін халыққа жеткізу. Қорық Қорғалжын шұңқырында орналасқан. Оның ауданы 259,9 мың гектарды құрайды, оның 198 мыңы акватории. Жалпы айтқанда қорық аумағы бұл екі үлкен көл: Теңіз және Қорғалжын. Теңіз көлінің ұзындығы 85 км, ені 35 км.
Өсімдіктер әлемі
Қорық флорасы гүлді өсімдіктердің 300 түрін құрайды. Ағаштар жоқ, алайда бұталардың 12 түрі бар. Далада кейде қараған мен тобылғы да кездеседі. Қорғалжын қорығында сирек кездесетін өсімдіктердің 45 түрі қорғалады. Олардың арасында Шренк қызғалдағы, Қазақстанның Қызыл кітабына енген екі түсті қызғалдақ , көкшіл жуа, орал миясы, құмды цмин, дәрілік алтей, қара жусан, ақмия, бозы және дала шатырашы бар.
Жануарлар әлемі
Қорғалжын фаунасы дала және жартылай шөл дала аймақтарына тән. Мұнда сүтқоректілердің 41 түрі, құстардың 294 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі, қос мекенділердің 2 түрі, балықтың 11 түрі бар. Қорықтың омыртқасыздар фаунасы мүлдем зерттелмеген. Қорықта қоңыздардың 300 түрі тіркелген. Қорғалжын көлдері – балықшылардың жұмағы. Мұнда алтын және бозша мөңкелер, шортан, аққайран, линь, алабұға және торта балықтар тіршілік етеді.
Қорғалжын қорығының көркі - Қоқиқаз
МАРҚАКӨЛ ҚОРЫҒЫ
Бұл республикадағы 1976 жылы ұйымдастырылған ең жас қорық. Бұл қорықты ұйымдастырудағы негізгі мақсат- сирек кездесетін бағалы аңдарды, құстарды, өсімдіктерді, балықтарды қорғау; орман мен айдын көлдерін,тау өзендерін және әсем табиғатты табиғи қалыпта сақтау. Марқакөл Алтайдың Азу мен Күршім жоталарының аралығындағы терең ойпатты алып жатыр.
Ол теңіз деңгейінен 1485 метр биіктікте орналасқан. Марқакөл көлі- көптеген елдерге әйгілі. Көлге айналасындағы тау жоталарынан ірілі-ұсақты 27 өзен құйса, одан жалғыз ғана Қалжыр өзені ағып шығады. Көлдің оңтүстік жағалауы жарқабақты, солтүстігі-аласа, ұзындығы 38 метр, ені 19 километрге созылады
Маркакөл қорығының мақтанышы тек көл ғана емес, тұнық тап-таза өзендер мен жарқыраған бұлақтар, қалың ормандар болып табылады. Бұл өңірдің өсімдік және жануарлар әлеміне өте бай және әралуан. Қорықтың фаунасы да сан алуан, онда шамамен алған кезде 900 жуық өсімдік түрлері өседі. Олардың кейбірі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, оларды атап өтсек сібір итіеің тісі, алтайлық рауғаш, тәтті жоңышқа, плаун-баранец, қызғалдақ, далалық пеон, т.б.
Марқакөл қорығы жануарлар әлеміне де өте бай болып келеді, қорықшылар бауырмен жорғалаушылардың 4 түрін, қосмекенділердің 2 түрін, 255 құс түрлерін және 58 сүт қоректі жануарлардың түрлерін анықтаған. Оардың келесі түрлері Қазақстандық Қызыл кітапқа енгізілген: қара құтан, қыран, суқұзғын, күміс шағала және кей кездері ақ барыс кездеседі. Жергілікті ормандарда түлкі, жолбарыс, қоңыр аю, қасқыр, маралдар мекендейді. Қорық құстардың молдығымен танымал – көкқұтан, қыран, суқұзғын, күміс шағала, скопа (Pandio haliaetus), аққұйрық субүркіт (Haliaeetus albicilla) және тағы басқалары кездеседі.
ҮСТІРТ ҚОРЫҒЫ
Қазақстанның оңтүстік-батысындағы табиғи кешенді қалпында сақтау мақсатымен 1984 жылы құрылған мемлекеттік шаруашылық. Маңғыстау облысыңдағы Ералы ауданы жерінің аумағы 223,3 мың га. Ол Үстірттегі Кендірлі сорын қоршаған таға пішіндес бірнеше ғажайып қыраттарда орналасқан. Мұндай қыраттар ғасырлар бойы жел, су эрозиясына ұшырап, қатты өзгерген. Сыртынан қарағанда, табиғаттың өзі салған керемет бір құрылысқа ұқсайды: мұнда пышақ кескендей тік, биіктігі 200 м-ден астам құлама жартастар, төбелері теп-тегіс не конус тәрізді мұнара сияқты төмпешіктер, ежелгі геологиялық дәуірлер куәсі — ақ, көк, қызыл қабаттардан тұратын, үстінде біздей қондырғылары бар ұлутас тәрізді “қамалдар” да жеткілікті.
Қорықтың флорасы мен фаунасы
Қорықтағы жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі солтүстік шөлді аймақтарға тән. Сүтқоректілердің 27, құстардың 111, бауырымен жорғалаушылардың 30 және өсімдіктердің 300-ден астам түрі мекендейді. Мұнда Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген
үстірт арқары, қабылан, қарақұйрық, қарақал, төртжолақты қарашұбар жылан;
құстардан: жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, ителгі тіршілік етеді, суық түскенде қорықтан ақ бөкен үйірлерін де кездестіруге болады.
БАТЫС АЛТАЙ ҚОРЫҒЫ
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер ( Лениногор ), Зырян , Глубокое ( Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік-шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан. Батыс Алтай қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-Cібір тау елдерінің Алтай провинциясына жатады. Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов (2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк (2300 м), Линейск (1600 м), Уба (2067 м), Үлбі (2000 м) жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады .
Қорықтың жануарлар дүниесін тайгалық жануарлар: бұлан, марал, елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық күзен, аққалақ, қара күзен, кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі және әртүрлі кеміргіштер құрайды.
Құстар әлемі алдын ала алынған деректер бойынша 100 аса түрден тұрады. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілген: қара дегелек, тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт бар.
АЛАКӨЛ ҚОРЫҒЫ
1998 жылы құрылған. Ауданы 197,1 мың гектар. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Атыраулық сулы-батпақты ландшафтылары қорғалады. Құстардың 257 түрі (олардың 12-сі «Қызыл кітапқа» енген), өсімдіктердің 270 түрі, сүтқоректілердің 21 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі бар.
ҚР-ның оңтүстік-шығысында орналасқан Алакөл қазандығының (теңіз деңгейінен 340 м жоғары) ең төменгі бөлігі саналатын Алакөл – Қазақстанның таңғажайып көлдерінің бірі. Көл ағыссыз, қисық алмұрт тәріздес пішінді, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылған. Алакөл көлі мен көл маңындағы ыстық бастаулар ежелден бері өзінің керемет емдік қасиеттерімен танымал. Теңіз деңгейінен 579 м биіктікте және Алакөл көлінен 2 км қашықтықта Барлық минералды бастауы орналасқан.
Үлкен Алматы көлі
Кіші Алматы көлі
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығында 269-дан аса құстар түрлері мекен етеді. Реликті шағала, жек дуадақ, қарабасты күлегеш, бізтұмсық шағала, бұйра және қызғылт бірқазан, ақбас үйрек және басқа да аз кездесетін және жер бетінен жоғалып бара жатқан суда жүзетін шөл және тау құстарын кездестіруге болады. Аңдардан – арқарлар, ақбөкен, тау ешкілер, маралдар, аюлар және тағы басқаларды көре аласыз. Туристер саяхаттан 5-6 күн бұрын биік таулы Жоңғар Алатауынан Балхаш маңындағы шөлдерге дейінгі негізгі ландшафтық аймақтың флорасы және фаунасымен танысуына болады.
ҚАРАТАУ ҚОРЫҒЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы Қаратау жотасының орталық бөлігінде, Кентау қаласынан 17 км жерде орналасқан мемлекеттік қорық. Онда өсетін сирек кездесетін және эндемик түрлерінің саны жағынан Қазақстанда бірінші орында. Қаратау қорығы 2004 жылы құрылған, аумағы 34,3 мың га .
Қорықта 1500 өсімдік түрін, жануарлар дүниесінен омырткалылардың 227 түрі, соның ішінде сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 114 түрі, балықтың 3 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 16 түрі кездеседі.
Қаратау қорығының флорасы мен фаунасы
Тауда қаратау жусаны басым. Сондай-ақ тікенекті шөптер және шала бұталар мен бұташықтардан кемпіршөп, сетен, көбенқұйрық, Регель тарбақайы, Қаратау маралтамыры, Қаратау жыланбасы, Қаратау кекіресі, Қаратау қауы, Қаратау томағашөбі, Грейг қызғалдағы , т.б. эндемик болып саналады. Ал Қаратау қорығыныңБерікқара шатқалында ғана өсетін Берікқара терегі – өте сирек кездесетін эндемик, реликт түр болғандықтан қорғауға алынып, Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген. Жапырағы түсетін бұталар тоғайы аз аумақты алып жатыр, олар беткейдің ойысты жерлерінде және шатқал табанына бейімделген. Өзен жағалауын бойлай созылған тоғайларда түркістан доланасы, тұт, Сиверс алмасы, Семенов үйеңкісі кездеседі. Қорықта өсетін 1600 өсімдік түрінің 62-сі эндемик, 52-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Құстардың118 түрі бар, Қызыл кітапқа енгізілген жыртқыш құстардан ителгі, бүркіт, жұртшы, бақалтақ қыран, жыланшы мен сақалтай; қосмекенділерден сарыбауыр қарашұбар жылан мекендейді. Қосмекенділерден барлық жерлерде жасыл құрбақа басым, көлбақа сирек кездеседі. Сонымен қатар "Қызыл кітапқа" енгізілген сүтқоректілердің 3 түрі ( қаратау арқары, үнді жайрасы, тас сусары) осында қорғалады.
Назарларыңызға рахмет!