Балаларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне қарап күлімдеуді өтінеді:
Бала-бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамыз да қаламыз.-деп
балалардың көңілін суретке аударып, балалардан сұрайды.
– Мынау не? – Ол қандай құс?
– Түсі қандай? – Торғай үй құсы ма, дала құсы ма?
– Қайда ұшады?
үлкен, түсі аппақ, тауықтың жұмыртқасын, етін жейміз.тауықтың үлпілдек жүндерін жастыққа салады. Тауық үй құсы. Тауық дәнді жақсы көреді. Мынау қанаты, қанатының астында қауырсындары болады.
|
Балалар күлімдеп, қуана тәрбиеешімен бірге қимыл – қозғалыспен шаттық шеңберін жасайды.
Балалар суретке қызыға қарап, тәрбиешіні тыңдап, сұрақтарға жауап беруге тырысады.
|
Ұйымдастыру – іздену
|
Сиқырлы сәт. Құстардың дауыстары дискіден тыңдалады. Балаларды тыңдауға шақырадыы. Дискіні тыңдап болған соң, қораптан ойыншық қаз, торғай, әтешті алады. Енді осыларды жаңағы тыңдағандарымыз бойынша ажыратып, дауыстарын айтыпп жаттығамыз дейді.
– Қаз «қаңқ-қаңқ» деп қаңқылдайды, қайталатады.
– Торғай «шық-шық» деп шықылдайды,
-Әтеш «ку-ка-ре-ку» дейді,
- Тауық «қыт-қыт» деп айтқызып қайталатады, үйретеді.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Қане, қанат жазайық.
Торғайларға ұқсайқ,
Ұшып, ұшып алайық.
Дидактикалық ойын:
1. «Дауысын сал! Құстардың суреттерін таратып береді.
Кімде қандай құстың суреті, соның дауысын салады?
Қимылды ойын: «Түлкі мен құстар»
Шарты: бір бала түлкі қалғаны құстар болады. Түлкі ұйықтап отырады. Құстар қасында ұшып жүреді, түлкі оянып кетіп, құстарды қуады.
|
Құстардың дауысына таңғалып, қуанышпен, қызыға тыңдайды. Ойыншықтарға қызығушылық танытады.
Балалар дауыстарын салып қайталайды.
Қимыл – қозғалыстар жасайды.
Ойынды қуана ойнайды. Дауыстарын салуға құлшынады.
Түлкіге ұсталмауға тырысады.
|
Рефлкесиялық– түзетушілік
|
Балалардың ойынға деген қызығушылығын бағалайды.
Ғай-ғай- торғай
Ә-ә -әтеш
|
Балалар түрлі қимыл – қозғалыстар жасайды. Құстардың дауыстарын салып үйренеді. Сөздерді айтып үйренеді.
|