Ұйымдастыру ізденгіш кезең. | Тәрбиеші: -Балалар, бұл біздің бақшамыздағы бағбан ата.Ол өзімен бірге себет толы көкеністер ала келіпті,оның ішінде жемістер де бар екен.
-Қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінде неше ай бар? Ия, балалар, қыркүйек, қазан, қараша айлары бар. -Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Жарайсыңдар, балалар, және күз мезгілінде көкөністер мен жемістер пісіп жетіледі, оларды жинай бастайды.
-Балалар, кім көкеністер туралы тақпақтар біледі. -Кәне кім айтады?
1-бала. Болса да ащы, Дәмді етер асты. Өседі ол жерге Тығып алып басты. (пияз)
2-бала. Көкеніс бұл қалаулы, Жасамас онсыз палауды. (сәбіз)
3-бала. Ақ түсім бар қант алар, Қызыл түсім-қанға нәр. Ал,балақай біліп қой, Қызылшамын пайдам бар. (қызылша) Тәрбиеші: -Балалар, бұл біздің бақшамыздағы бағбан ата.Ол өзімен бірге себет толы көкеністер ала келіпті,оның ішінде жемістер де бар екен. -Кәне, балалар Бағбан атаның қандай көкөністер алып келгенін айтайықшы. -Мынау- пияз,пиязды тамаққа қосады.Оның дәмі ащы. -Мынау-сәбіз, сәбізде С дәрумені көп болады.Оны жесек бойымыз өседі. -Мынау-картоп. -Мынау- қызанақ. -Мынау- орамжапырақ. Бұл көкөністердің барлығы жерде топырақта өседі. -Ал, мынау жемістер бұлар ағашта өседі. -Мынау-алма. -Мынау-алмұрт. Бұл жемістерде де дәрумендер өте көп.
Тәрбиеші: -Бағбан ата, балалар көкөністер жайлы оны қалай баптайтының білгісі келеді сол туралы айтып берсеңіз. Тәрбиеші: -Балалар, бақша дегеніміз –осы.Бақшада күнделікті пайдаланылатың көкөністер өсіріледі. -Балалар шаршадыңдар ма? Олай болса келіңдер, бәріміз бірге серігіп алайық. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі, Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен боп өседі
Д/о: «Сиқырлы қапшық » ойыны. Шарты:Қолына алады, дәмін, түсін,қолдануын айтады.
Жарайсындар, балалар сендер тапқыр екенсіндер. Билингвалды компонент: Сәбіз-морковь, қияр-огурец, қызанақ-помидор, көкөністер-овощи, бақша-огород. | Тәрбиешіні тыңдайды. -Күз мезгілі -Күз мезгілінде үш ай бар
-Жапырақтар сарғайады,күн суыта бастайды ,жаңбыр жауады.
Балалар тақпақтарды айтады. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Тәрбиешімен бірге қайталайды Балалар қажетті қимылдар жасап сергіту сәтін орындайды Балалар ойынды қызыға ойнайды
|
Рефлексиялық түзету кезең. | -Бүгін бізге қонаққа кім келді? -Бағбан атаның бақшасынан не көрдік? - Көкөністерге не жатады? -Жемістерге не жатады? Жарайсындар балалар барлықтарың дұрыс жауап бердіңдер,ойынды да жақсы ойнадыңдар.
| - Бағбан ата. -Көкөністер,жемістер. -Сәбіз,қызанақ,пияз. -Алма, алмұрт.
-Иә |