|
Жаңа сабақ
Туыстық қарым –қатынас
Нағашы-родственники по матери
Жиен-племянник, внук по дочерней линии
Құда-сват
құдағи-сваха
құдаша-дочь сватов
құда бала-молодой сват
бажа-свояк
абысын-невестки в одной семье
бөле –двоюродный брат/сестра по материнской линий
Менің атым Берік.Қазір мен Ақтөбе қаласында тұрамын. Менің отбасым үлкен емес. Менің әкем, анам және әпкем бар. Әкемнің аты – Болат Асқарұлы. Ол 50 жаста. Ол үлкен отбасында дүниеге келген. Оның туыстары көп. Туған ағасы, інісі және қарындасы бар.
Анамның аты – Алма Серікқызы. Ол 45 жаста. Нағашыларым Қостанай облысында тұрады.
Анамның екі ағасы бар. Бір нағашы ағам ауылда, бір нағашым Рудныйда тұрады.
Әпкем студент, ол 19 жаста. Ол қазір Рудныйда бөлеммен бірге оқиды, нағашымның үйінде тұрады.
Тәуелдік жалғау
Көпше түрі
1 жақ Біздің - ымыз, іміз, мыз, міз
2 жақ Сендердің - /лар,лер,дар,дер,
тар,тер/ - ың, ің, ң
2 жақ Сіздердің - /лар,лер,дар,дер,
тар,тер/ - ыңыз, іңіз, ңыз, ңіз
3 жақ Олардың /лар,лер,дар,дер,тар,тер/-ы, і, сы, сі
Мысалы:
1 жақ Біздің баламыз
2 жақ Сендердің бала-лар-ың
2 жақ Сіздердің бала-лар-ыңыз
3 жақ Олардың бала-лар-ы
Қорытындылау
Бүгінгі сабақтың жаңа тақырыбы қандай еді? Біз не қайталадық? Не ұнады? Не ұнамады? Өз жұмысын қалай бағалайсың? Қандай жаңа мәлімет алдың? Қандай жаңа сөздермен таныстық?
Үй тапсырмасын беру
Жаңа сөздерді жаттау. Сұрақтарға жауап беру.
|