Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старший группе
Өткізу күні / Дата проведения: 09.10.18
Тәрбиеші / Воспитатель :Смағұл П.А
Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация
Пән / Предмет: Көрем әдебиет
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Жомарт күз»»
Тақырыбы / Тема: Х.Ерғалиевтің «Алтын күз» өлеңнін жаттау.
Мақсаттары / Цели
1. Тәрбиеліе- воспитательная: Өзара түсіністікке, бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая : табиғаттың сұлулығын көре және бағалай білуге дамыту.
3. Оқыту – обучающая : Күзгі табиғат ерекшеліктерін көре білуге үйрету,
Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: өлең оқып беру, мазмұнын түсіндіру, сұрақ-жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : күзгі суреттер,құстардың, жапырақтардың.
Көптілілік: қаздар- гуси – geese,жапырақтар- листья—leaves, күн – солнце -sun ,жаңбыр—дождь—rain.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
Ғажайып сәт: Дымбілмес қонаққа келеді. Сәлеметсіңдерме балалар! Міне уақыт зымырап күз мезгіліде келіп жетті.мен сендерден күз мезгіне байланысты өлең үйренгім келеді.
Сендер маған көмектесесіңдер ме!
Балалар: иә, арине. Кел ортамызғажайғаса ғой!
2.Негізгі бөлім
Балалар біз Дымбілмеске көмектесу үшін күз туралы өлен оқып беруіміз керек.
Онда біз Х.Ергалиевтің «Алтың күз өленің оқып берейік. Мен бірінші оқып шығам, сосын қайталап шығамыз.
Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.
Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап
Бұл өлеңде не туралы айтылған екен?
Иә дұрыс айтасыңдар бұл жерде күз мезгілі туралы айтылған.
Күз мезгілін қалай бейнелеген?
Дұрыс құстардың ұшып жатқанын, күн біртіндеп суып жапырақтар түсіп жатқанын бейнелеген.
Жарайсыңдар балалар өте жақсы!
Көптілілік: қаздар- гуси – geese,жапырақтар- листья—leaves, күн – солнце -sun ,жаңбыр—дождь—rain.
Жарайсыңдар балалар! Енді Дымбілмеспен бірге ойын ойнайық.
Ойын: «Табиғат мейірімді».
Ойын шарты: Балаларға әр түрлі сөйлемді бастап беру керек. Балалар сөйлемді әрі қарай жалғастырады.
Жер-Ана мейірімді, өйткені ол ... (көкөністер мен жемістерді өсіреді).
Күн мейірімді, өйткені ол ... (жарығын, жылуын береді).
Өте жақсы. Енді демалып сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті:
Жел уледі у, у, у,
Боран соқты зу, зу,
Қатты,қатты жел соқты гу,гу.
Жапырақтар қол соқты ду,ду,ду
Шыдай алмай жапырақтар ах,ах,
Билеп кетті қалтырап пах,пах.
-Өте жақсы. Ал енді өлеңді бір қайталайық.(Балалар өлеңді қайталайды!)
-Бұл өленде не туралы айтылған Линара?
-Күз туралы айтылғанын айтады.
-Хадия Күз мезгілінде күн қандай болады?
-Салқын, жаңбыр жауып, жел соғатынын айтады.
-Нұртай бұл өлеңде тағы імдер жайлы айтылған?
-Қаздар туралы айтылған айтады. Жылы жақа кете бастағаны жайлы.
Дұрыс айтасыңдар өте жақсы!
Дымбілмес:Сендермен өте көнілді уақыт өткіздім, сендерге көп рахмет күз туралы өлең айтып бердіңдер, енді мен кетейін сау болыңдар!(балалар дымбілмеспен қоштасады)
3.Қорытынды
Балалар біз бүгің бізге кімкелді? Біз қандай өлең оқыдық?
(Балалар жауабы)
Дұрыс айтасыңдар балалар бізге қонаққа Дымбілмес келді . Ол бізден күз туралы өлен оқып беруіімізді өтінді. Біз Х.Ерхалиевтің «Алтын күз» өленің оқып бердік. Ойын ойнадық. .Өте жақсы балалар жарайсыңдар!