Ортасы 3 мин 3 мин. 10 мин. 13 мин. 5 мин. 3 мин. | Сабақ барысы 1 кезең. «Қандай құрал?» Өткен материалды қайталау.(Жеке жұмыс) Таратпаға құралдардың атауын жазыңдар. Кесетін құралдар | Өлшейтін құралдар | ________________________ | ________________________ | _____________________ | _____________________ | ___________________ | ____________________ | ______________________ | __ _________________ | -_____ _________________ | ______________________ | Дескрипторлар: - Оқушылар ағаш құралдарының атауын біледі; - Атауларын сауатты, дұрыс жазады. Оқушылар бағалау шкаласына фигураларды жапсырады. Жаңа сабақ Көркемдеп аралау. Идеяларды құру. Ағашты кесудің екі түрі бар: - материал қабатын алмастан материал қабатын алып тастау арқылы кесу. Ең көп тарағаны – екіншісі. Кескіштің жұқа және өткір жүзінің тереңдей енуіне байланысты материалдың жоңқа түрінде ұсақ бөлшектер ұшып түседі. Мұндай үдерісті аралау деп атайды. Қауіпсіздік ережелері Қол еңбегі құралдары мен жабдықтарын қолдануда өте ұқыпты болу қажет. Құрал – саймандарды абайлап ұстау. Арамен жұмыс кезінде сақтанып жұмыс жасау, қолыңды жырып, кесіп алудан сақтан, ара, жонғыш құралдардың жүзін қолмен ұстауға болмайды. 2 кезең «Сәлемдеме» әдісі Екі топқа жаңа сабаққа байланысты материалдар таратылады. Топ танысқан материалды келесі топқа сәлемдеме ретінде жібереді. Қарсы топ та өз сәлемдемесімен алмасады. Сәлемдемемен таныса отырып, топ танысқан материалды тапсырма ретінде қайта ұсынады. 1топтың сәлемдеме тапсырмасы: «сәйкесін тап» Садақ ара - Аралағыш пышақ тартылған білдек (садақ) түріндегі есілген баудың көмегімен керіледі. Қос тұтқалы ара – Ірі көлемді ағаштарды аралауға қолайлы, екі тұтқасы бар ара. Екеулеп аралауға арналған. Арналық ара – жалпақ тетіктер және дайындамаларда ойық аралауға арналған. Кез келген араның негізгі бөлігі бір жағында кесуші тістер жасалған металл таспа болып табылады. Араның құрылысы: а – тұтқасы; б- бекітуші бұрандар; в- металл таспа Аралау арқылы әртүрлі бұйымдар жасауға болады. Көркемдеп аралауға арналған құралдар Қылара – жұқа дайындамаларды өрнек пішінде кесуге арналған, доға тәрізді құрсауы және оған бекіткіштермен бекітілген жіңішке арасы бар құрал. Қылараның арасы- бір жаққа бағытталған тістері бар, болаттан жасалған жіңішке жолақша. Аралау үстелшесі – верстакқа немесе арнайы үстелге қондырылатын, қыларамен аралауды жүргізуге арналған арнайы тіреуіш тақта. Ол үстел бетіне арнайы струбцинамен немесе бұраншегелермен бекітіледі. Егер үстелге бойлық тілікшені бекіту қажет болса, оны верстактық сықпаларының көмегімен орындауға болады. 2 сәлемдеме тапсырмасы: «Жоғалған сөздер» әдісі. Кесу әдістері: Ағашты кесетін ең басты құрал – ...(ара). Араның қалыңдығы әр түрлі болаттардан жасалады, оны ... (төсем) деп атайды. Төсем өте қатты, иілгіш, ...(тегіс) болуы тиіс. Ара тістері үшбұрышталып ...(қиғаш) қайралады. Ара тісі екі түрлі ... (қызмет) атқарады: біріншіден ол ағаш ... (талшығын) кеседі, екіншіден кескенде пайда болған ағаштың ...(ұнтағын) сыртқа ысырып, шығарып отырады. Ағаш кесу кезінде жасалатын бұйымға ағаш ...(түріне) қарай әр түрлі араны пайдалануға болады. Ағашты арамен кесу кезінде денеңді, ... (араны) дұрыс ұстау керек. Ара оң қолыңда, сол қолыңмен ... (кесетін) ағашты тіреп тұрасың. Оң аяғың сол аяқтан сәл ...(алшақтау) болсын. Араны күшпен ... (кесуге) болмайды. ...жұмыс жасау керек. Ағашты көлденең кескенде ...(кесу) бағыты ағаш талшығына перпендикуляр, ал ұзын бойы кескенде параллель болады. Көлденең кесу үшін ара тісінің кескіні ...(үшбұрыш), ал ұзына бойы кесу үшін қиғаш болады. Арамен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін ... (мұқият) сақтаған жөн. Дескрипторлар: Мәтіндегі сөздерді дұрыс табады; Арамен түрлерін біледі, дұрыс сәйкестендіреді. Оқушылар бағалау шкаласына фигураларды жапсырады. 3 кезең. (Ө) (Т) Сарамандық тапсырма Әдісі –практикалық жұмыс, нысаны – жұптық: Шығармашылық жобаны орындау жүйесі - ұйымдастыру, дайындық, кезеңі. - Үлгі таңдау. Жасалатын бұйымның үлгі сұлбасын сызу, суретін салу; - Материалдар мен керекті - құрал жабдықтар дайындау; - Жұмыс орнын ұйымдастыру. Оқушылар шығармашылық жұмысқа кіріскен кезде, оларды тапсырма орындауға дайындау үшін дәстүрлі қазақ музыкасын қосу. Оқушылар жұмыс жасаған кезде музыкамен жұмыс жасау. Жұмысты орындау кезеңі: Оқушылардың жұмыстарын аралап жүріп тексеріп шығамын, көмек керек оқушыларға көмектесемін. 1- кезең: Берілген тапсырманы мұқият тыңдап барып жұмысты бастағанымыз дұрыс болар. 2-кезең. Жұмысты мұқият болғаннан кейін әрлеуге кірісеміз. 3- кезең. Әр жұмыстың конструкциялық ерекшеліктерін естен шығармаймыз. 4. Саралау: Сыныпты аралап шығып, туындаған сұрақтар бойынша басшылықты және көмек қажет болғандарға жеке және жалпы тәсілді пайдалана отырып қолдау көрсетеді, мысалы, бүкіл сыныптың жұмысын тоқтата тұрып, жақсы жұмыс және бұдан әрі әрекетті талдайды. Көркем аралау үшін тақырып және сурет таңдаңдар, бөлмелерің үшін панноның үлгісін жасаңдар. Дайын жұмыстардан көрме жасайды. Дескрипторлар: - Оқушылар өздігінен жұмыс кезеңдерін жоспарлайды; - Өз идеяларын сәтті таңдайды. Оқушылар бағалау шкаласына фигураларды жапсырады. 4 кезең. Бекіту. «Аламан бәйге» ойыны Оқушыларға слайд арқылы сұрақтар беріп, дұрыс жауап бергендерге қызыл фигура беріледі. Дескрипторлар: - Сұрақтарға дұрыс жауап береді. Оқушылар бағалау шкаласына фигураларды жапсырады. «Рейтинг шкаласы» әдісі бойынша оқушыларды бағалау мәресі Әр кезең тапсырмасы оқушы белсенділігіне қарай өте жақсы орындаса не жауап берсе қызыл фигура, орташа жағдайда ашық қызыл фигура жинап, өз шкаласына жапсырып шығады. Қызыл фигуралардың саны арқылы жеке оқушыны, топтағы барлық қызыл фигуралардың саны арқылы жеңімпаз топты анықтаймыз. Сабаққа белсенді қатысқаны үшін оқушыларға сертификат беріледі. | Оқушылар өткен материал бойынша таратпа перфокартаға кесу құралдарының аттарын жазады. Дескриптор критерийіне сәйкес алған фигураларын бағалау парақшасына жапсырады. Жаңа тақырыппен танысады. «Сәлемдеме» әдісі бойынша жаңа тақырыппен танысып, топтар бір-бірігн жіберу арқылы алмасып, ақпарат алады. Тапсырмаларды орындап шығады. Дескриптор критерийіне сәйкес алған фигураларын бағалау парақшасына жапсырады. Оқушылар көркем аралау үшін тақырып және сурет таңдайды. Болашақ панно үшін таңдалған үлгі шаблонды жұпта бірлесіп, ДВП не ағаш фанераға түсіреді. Презентация: Оқушылар өздерінің көрме жұмысын таныстырады. Оқушылар әрбір таныстырылымнан кейін сұрақтар қоя алады. Дескриптор критерийіне сәйкес алған фигураларын бағалау парақшасына жапсырады. Оқушылар сабақ қорытындысы бойынша бағаланады. | Дескриптор Өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) тәжірибесіне сүйене отырып және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындайды; Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар мен сұлбалар орындайды; Шығамашылық жұмысты орындау кезеңдерін анықтай отырып, жоспар дайындайды. | Қыларамен кесу. SCROLL SAW, DeWALT DW – 788 https://www.youtube.com/watch?v=Q0agA0TcwzE ttps://www.youtube.com/watch?v=XELvhdZrVYo https://www.youtube.com/watch?v=XELvhdZrVYo Скечбук, жұмыс дәптері, сызғыш, қалам, сызу құралдары Ағаш, фанер, көшірме қағаз, шаблон, ара, қылара, зімпара, егеу |