СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Көркемдік кестелеу 1.5 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Көркемдік кестелеу 1.5 сынып

Просмотр содержимого документа
«Көркемдік кестелеу 1.5 сынып»

Көркем еңбек

Мектеп: №201 мектеп-лицей

Күні: .

Оқытушының аты-жөні: Сейтқасымова Г

Сынып: 5 сабақ 3-4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Көркемдік кестемен бұйымды безендіру

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

5.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

5.2.3.3- Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

5.2.6.1-Материалдар мен құралдарды техника қауіпсіздігін сақтап, қолданудың маңыздылығын сезіне отырып демонстрациялау

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылар кестенің түрлерімен танысады;

  • Дереккөздерді пайдаланып, кесте түрлерін зерделейді;

  • Алдыңғы сабақта орындаған тәжірибелік жұмысты жалғастыру мақсатында қолданады;(ою-өрнектің нобайы)

  • Нобай жасау барысында ассиметрия, симметрия және ритм сынды заңдылықтарды ұстанады;

  • Жасалған нобай бойынша тігіс түрлерін пайдаланып, ою-өрнекті кестелеп шығады;

  • Іс-тәжірибелік жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін ұстанады;

Құндылықтарды дарыту

  1. Басқалардың көзқарастарын құрметтеу және бағалай білу.

Өзінің және басқалардың жұмыстарына қатысты басқалардың пікірлерін тындай білу және дұрыс қабылдау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту үшін слайд шоу көрсетіліп, бізкестенің түрлері туралы, сәндік –қолданбалы өнер жайлы айтылады. Слайд-шоу көрсетіліп болған соң, бүгінгі өтілетін тақырыппен оқу мақсатының қандай екендігін біліп алу үшін «Джиксо» деген белсенді оқыту әдісін қолданып,сабақтың тақырыбымен мақсатын ашып аламыз.Бұл белсенді оқыту әдісін қолдану үшін, 1-2 деп санау арқылы, оқушыларды екі топқа біріктіріп аламыз. Біріктірудегі негізгі мақсат,оқушылардың топпен жұмыс жасаудағы дағдыларын дамыту.

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Оқушылар топта берілген материалдарды оқып шығып, мәліметті рет ретімен құрастырады,әр топтан бір оқушы шығып, өз версияларын ұсынып, сосын өз түсініктерін айтып береді.Бүкіл сынып болып, қол шапалақтау арқылы оқушылар бағаланып, қолдау көрсетіледі.Сосын осы іс-әрекеттер жүрген соң, сабақтың тақырыбымен мақсатына оқушылармен мұғалімдер бірге келеді.

Оқу мақсаттары айтылып болған соң,міндетті түрде қауіпсіздік ережелері айтылады:

  • Құрал –жабдықтармен мұқият жұмыс жасау;

  • Сабақ барысында қолданатын заттарды бір-бірне лақтырмау;

  • Ережеге сай жұмыс жасау;

Жеке жұмыс: Ары қарай шығармашылық жұмыс жасау үшін, оқушылар мақта матасынан жасалынған, ақ түсті беторамал алып келеді, сол орамалдың бетіне оқушылар кестемен жұмыс жасайды.

1.Өз қиялынан бір өрнектің нобайын жасайды;

2.Нобайды салуда симметрия заңдылығын ұстанады;

3.Салынатын дүниені форматта дұрыс орналастырады;(А4 )

4.Салынған өрнекті беторамал бетіне дұрыс орналастыралды;

5.Жібектен немесе мақтадан жасалынған кестеге арналған жіптермен кестелеп шығады;

6.Қауіпсіздік ережесін ұстанады;

Осы критерийлер бойынша оқушылар жұмыс жасайды.Сосын бағалау процессі жүреді. Бағалау парағы сабақ жоспарына сай алдын-ала дайындалады. Сабақтың басында әрбір оқушыға беріледі және сабақ барысында өзін-өзі бағалау керектігін ескертеді.Бағалау + белгісімен немесе *белгісімен белгіленеді.Сабақтың аяғында жинаған жалпы бағасы шығарылады. Соған байланысты оқушының тапсырманы қаншалықты орындағандығын білуге болады.

Оқушылардың жасаған жұмыстары шамамен төмендегі суреттерге ұқсас болады

Дифференциациялық тапсырма осы шығармашылық жұмыс барысында жүзеге асады.Оқушылар күрделілігі әртүрлі тапсырмалар орындағандықтан, талантты және дарынды балдармен де жұмыс көрініс табады. Жасалынып болған шығармашылық жұмысты оқушылар жұпта бағалайды.

Бағалауға қойылатын талаптар:

  • Жақсы, мықты тұстарын айту;

  • Сын айтқымыз келсе, көмектесу мақсатында ұсыныс,сұрақ ретінде айту;

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.












Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.











Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.


Дискриптор

1. Өз қиялынан бір өрнектің нобайын жасайды;

2. Нобайды салуда симметрия заңдылығын ұстанады;

3. Салынатын дүниені форматта дұрыс орналастырады;(А4 )

4. Салынған өрнекті беторамал бетіне дұрыс орналастыралды;


Иллюстрациялық материалдары: көркем кестемен сәнделген бұйымдар т.б. СҚӨ заттары.

https://youtu.be/4MawBxU9OiU Кесте өнері

https://youtu.be/QFb8NqjAOgQ

Қазақ сәндік-қолданбалы өнер


Жаңадан үйренушілерге кесте

Кестені орындауға арналған қажетті материалдар: инелер, қайшылар,оймақ, ирис және мулине жіптер, кергіш, маталар.



Аяқталуы



Кері байланыс

Оқушылар рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.