Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары | 7.1.2.1-Тарихи және мәдени шығутегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін өз бетінше зерделеу және сипаттау 7.1.3.1-Шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы) |
Басталуы | Сабақ басында: - оқушылардың зейінін шоғырландыруға, - оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алуғакөңіл бөлу қажет (Ұ) Оқушылардан қоршаған ортадағы көркемдік жазбамен безендірілген бұйымдардың атауын сұрайды. Оларға сабақ тақырыбын анықтайтын сұрақтар қою. (Қ)Тапсырма №1 «Сәндік-қолданбалы өнер» тақырыбын қайталауға арналған тестік сұрақтарға жауап беріңіз. | Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді. | Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау. | Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер |
Ортасы | (Т) Оқушылар сәндік-қолданбалы өнердің бір түрі көркемдік жазба және оның түрлерімен танысады. Оқушыларды көркемдік жазбаларының бейнелері бар (мысалы, гжель, хохлома, батик және т.б.) карточкалар қолданып топтарға біріктіру. Әр топқа бір көркемдік жазба түрін зерделеуге тапсырма беру. Зерттеу барысында оқушылар келесі жазба түрлерімен танысу қажет: ою-өрнектік композициясының ерекшелігі (ою-өрнек түрлері, халық шығармашылығындағы мотивтер); тарихи және мәдени қалыптасуына байланысты жазбаның түстік шешімі; көркемдік жазбаның негізін, орындалу жазықтықтары (мысалы, жостов жазбасы металл үстінде, ағаш бетіндегі хохлома және т.б.) Зерттеу жұмыстары толық қамту үшін оқушылар интернет-ресурстарын, СҚӨ жайлы арнайы әдебиеттерді, иллюстрацияларды қолданады. Оқушылар көркемдік жазба техникасында жұмыс істейтін замануи суретшілер мен СҚӨ шеберлерінің шығармашылығымен танысады, мысалы, Юлия Исмамбетованың, Гульжанат Кабижанованың, Елены Ракованың, Галина Скоблеваның және т.б. батигі. (Қ) Тапсырма №2 Оқушылар зерделенген ақпаратты ұсынып, келесі сұрақтарға жауап береді: - Көркемдік жазбалардың түрлерін атаңыздар - Әр көркемдік жазбалардың ерекшеліктері атап шығыңыңыз - Көркемдік жазбаларда қандай ою-өрнектік композициялар қолданады? - Шеберлері көркемдік жазба орындауда қандай бояуларды қолданады? -Көркемдік жазбалар қандай негіздерде орындалады? | Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді. | Дискриптор жазбалардың тәсілдері мен техникасы, материалдары және құралдарымен танысады. шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдануды үйренеді. | http://www.artvek.ru/dekor.html Сәндік-қолданбалы өнер Көркемдік жазба http://sabaqtar.kz/suret/4430-sndk-oldanbaly-ner-gzhel-ner.html Сәндік-қолданбалы өнер. Гжель өнері http://decormaster.kz/st/kazaxskij_ornament.php - ежелгі ою-өрнектің шығу тарихы мен символикасы ttps://kk.wikipedia.org/wiki/Гжель_керамикасы |