СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Көрнекті ойындар.

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок Физкультуры по обновленной программе.

Просмотр содержимого документа
«Көрнекті ойындар.»

Сабақ жоспары №67

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Шаған ЖОББМ

Күні: Мұғалім: Уразалиев Д.Р.

Сынып: 2а Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырып: Көрнекті ойындар.

Осы сабаққа қол жеткізуге көмектесетін оқыту мақсаттары:

2.2.2.1. Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істей бастайды және өзіндік жұмыс жөніндегі білімді нығайтады.

Сабақ мақсаттары

Барлығы орындай алады:

Креативтілік үлгісін көрсетеді.

Қозғалыс кеңістігінде жеке жəне жұппен қауіпсіз жұмыс істейді.

Зал кеңістігінде бағдарлай алады.

Ептілікті дамыту үшін доппен жаттығулар орындайды. Бір қолмен жерге доп соғады.

Бір-бірімен арақашықтық сақтап, қозғалыс деңгейін өзгертеді (жоғары, орташа, төмен). Заттар арасымен қозғала отырып, бір қолмен жерге доп соғады.

Көпшілігі орындай алады:

Тапсырма өзгерген кезде, арақашықтықты өздігінен бақылау дағдыларын пайдалану.

Доп алып жүру кезінде баскетболшының негізгі тұрысын сақтайды.

Тыныс алу жаттығуын орындау.

Бір-бірінің қолына дәлдеп доп лақтыру.

Кейбірі орындай алады:

Эстафета орындау кезінде зейінін шоғырландыру. Көшбасшы рөлін атқару.

Тілдік мақсат

Балалар қозғалыс дағдыларын жетілдіреді, доппен жұмыста табысқа жетудің дербес стратегиясын құрастыра алатынын көрсетеді.

Пәндік лексика және терминология:

дене қасиеттері, ептілік, тепе-теңдік, баяу жүгіруді үйлестіру, доп, қозғалыс дағдылары, бастапқы қалып.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Доппен жұмыс істегенде жиі қандай қателіктер жібересіңдер? Доп алып жүру кезінде қандай қиындықтар туындады? Сендер үшін, бүкіл топ үшін қандай тапсырмалар ең күрделі болды?

Себептерін айта аласыңдар ма...?

Түзету жаттығулары не үшін қажет? Неліктен дене қасиеттерін үнемі жаттықтыру қажет? Доппен орындалатын қандай жаттығулар саусақ бұлшық еттерін дамытады?

Алдыңғы оқыту

Көздің бұлшық ет жұмысын жандандыруға арналған жаттығулар. Екі тізе арасына доп қысып, алаңның бір жағынан екінші жағына секіріп бару.

Қысқа уақыт аралығында көбірек доп алып жүру.

Арқаға жүк салып қозғалу.

Жоспар

Уақыт шеңбері

Жоспарланған әрекет (төменде берілген

тапсырмаларды өз жоспарыңызға сәйкес

ауыстырыңыз)


Ресурстар


0-3 минут


Бір қатар саппен жүру, аяғын өкшемен аяқ ұшымен жүру; Тынысты қалпына келтіру.

Бос әрі кең кеңістік.


4-10












11-17




18-25








26-34








35-40

«Тез ал, тез қой»

Алаңға іші толтырылған кубиктер орналастырылған. Балалар алаңмен кедергілерге тимей, шашыраңқы жүгіреді. «Тез ал!» деген кезде бәрі тездетіп кубик алып, қолдарын жоғары көтеріп қатып қалады. «Тез қой!» деп бұйрық берілгенде кубик жерге қоя салып, қозғалысты жалғастырады.

«Екі аяз» ойын.

Екі аяз залдын ортасымен жүгіріп жүреді, қалған оқушылар аяздан қашып жүгіреді бір үйден екінші үйге қашуға тырысады. Аяз қолмен ұсталған оқушы ойынан шығады.


Эстафета жарыс: екі топқа бөлу.

1 Допты жоғардан беру: қолдарын жоғар көтеріп допты жоғардан беру, соңғы оқушы допппен жүгіріп келіп алға тұрады.

2 Допты жанымен беру: қолдар жаныңда ұстап бір біріне допты беру.

3 Допты доматып жүру: допты саусақ ұшымен домалату, допты жарға тегізіп кері-қарай жүгіріп, допты келесі оқушыға беру.

4 Допты соғып алып жүру: допты бір немесе екі қолмен соғып жүру, допты жарға тегізіп кере домалатып жіперу.

5 Доппен кедергімен өтіп жүру: бір немесе екі қолмен допты соғып жүру, допты жарға тегізіп кері-қарай жүгіріп, допты келесі оқушыға беру.

Сайысты қорытындылайды. Команданың жеңілу себептерін анықтайды.

«Аңшылар мен үйректер» ойын.

Ойыншылардың бәрі тепе-тең жағдайда «аңшыларға» және «үйректерге» бөлінеді. Алаңда «Ұзынкөл» атты көл қалыптасады. «Аншылар»сызықтың сыртында, ал «үйректер» сызықтың ортасында. «Аңшылар» лақтырған добын «үйректерге» тигізуге тиіс. Доп тиген «үйректер» ойыннан шығады. Барлық «үйректер» ойыннан шығарылғаннан кейін командалар рөл алмасады. Қысқа уақытта барлық «үйректерге» доп дарытқан команда жеңіскер саналады.

Көңіл күйді қалпына келтіру: Допты өр. Бір оқушы насос, екінші оқушы доп болады қарама қарсы тұрып насоспен допты өрйіді.

Сабақты қорытындылаңыз: сабақтағы өз жұмысын алма ағаш көмегімен бағалауды ұсынады.

Кең, бос кеңістік


Кубиктер.




Қағаз.







Баскетбол добы.

Кең, бос кеңістік.





Кең, бос кеңістік.

Доп.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары балалардың алдына қандай міндет қоюды көздейсіз?

Бағалау –балалардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру

АТК және құндылықтармен байланыс

Қозғалыс деңгейін өзгерту кезінде дене қозғалысын өзіндік бақылау дағдыларын пайдаланады.

Допты жоғарыдан алақанмен саусақтарды жаза жеңіл соғу.

Дұрыс қалыпта тұрып, торға доп лақтырғанда тура көздеп, доптан көзді айырмай, шынтақты жанына шығармайды.

Ептілікті дамытуға арналған жаттығулар орындайды.

Оқушылар доптың атауына сəйкес деңгейде қозғалады.

Еркін қозғала отырып түрлі деңгейде

(жоғары, төмен) оң жəне сол қолмен жерге доп ұрады.

  • Пәнаралық байланыс

  • Дүниетану


Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқыту мақсаты шынайы болды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақтағы ахуал қалай болды?

  • Бұл бөлімді сабақ рефлексиясы үшін қолданыңыз. Сол жақ бағандағы сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.