Абай облысы білім басқармасының
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
«Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында салт-дәстүрлерге байланысты викторина
Дайындаған: Ахметжанова А.С.
Семей қ.
«Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында салт-дәстүрлерге байланысты викторина
Армысыңдар, құрметті халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Қош келдіңіздер сұрақ сайысымызға.
Наурыз құтты болсын деп айтамыз!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз мерекесі баршамызға құт-береке әкелсін!
Кел, Наурыз, тарихымдай ғұрпым асыл,
Ақтарып тереңдерден жыр тумасын.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз мерекесі баршамызға құт- береке әкелсін!
Ойын шартымен таныстыру:
Студенттерге сұрақтар қойылып, сұраққа жауап берген студенттер ортаға шақырылады.
Қазақ халқы наурызды қашан қарсы алады? (Наурыздың 22-сі күні таңғы сағат үште)
Халықтың түсінігі бойынша наурыздың 22-сіне қараған түні даланы кім аралайды? (Қызыр)
3.Не себепті осы түні қос шырақ жағылады?
«Жалғыз шала сәуле болмас» деп жаңа жыл табалдырықтан үйге енгенде жарық болсын деген ұғымынан. ( Отқа, күнге, жарыққа деген құрметтің белгісі).
Не себепті таза киініп, үйді таза ұстайды ? ( « Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе , ол үй ауру- сырқаудан, пәле- жаладан аман болады» ). деген сенімге байланысты.
Ыдыс атаулыны толтырып қою себебі не ? ( Ыдыс мол болсын деген ұғымға байланысты ).
«Ұйқыашар» деген не? ( Бойжеткендердің өзі ұнатқан жігіттеріне арнап соғымның етін уызға салып пісірген тағамы.)
«Селт өткізер», « дір еткізер» деген не? ( Жігіттердің қыздарға арнаған сыйлықтары).
Ұлыс күні қар не жаңбыр жауса , неге жарыған ? ( Нұр жауды, « туар жыл жақсы болды» ) деп қуанған.
Қос қолдап амандасып, тос соғыстырудың қандай мәні бар ?
(« Өмір тірегім – төсім , тіршілік көзім екі қолым аман –сау болсын !» ) дегенді білдіреді.
Отпен алыстау себебі не? ( От киелі сондықтан «алыс-алыс пәледен қалас !» деп айналысты отпен аластап, тазалайды.
Наурыз көже неше түрлі тағамнан жасалады ? оларды атаңдар .7 .( соғымнан қалған сүр ет , сүт . езілген құрт, бидай, пияз, сәбіз, қойдың басы) .
« Жаңа туған Наурызды шомылдыру» деп аталатын салт жөнінде не білесің? ( Топ-топ адамдар билеп, от ұстап арыққа , не өзенге барады. Олар жағалай жайғасып, суға шомылаты.) бұлда тазарудың белгісі .
«Қасиетті көк өгізді күту» нені білдіреді.( Наурызға болжау жасатуды білдіреді. Ауыл адамдары түнде жиналып көк өгізді күтеді. Ол екі рет мөңіресе керісінше болады деген ұғым бар.)
Наурыз тілек – Наурыз күнгі амандасу, бата тілек айту.
Наурыз төл – Наурыз айында туған төл . төл басы деп аталады.
Наурызша — Наурызда түскен қырбақ. Қарайған жерді жасыра алмай қыраулап жауған жұқа қар.
Наурызшешек – Наурыз айында гүлдейтін көпжылдық өсімдік.
Наурыз жыры – Жаңа жыл – Наурызға арнап айтылатын тұрмыс –салт жырының бір түрі.
Наурыз бата – Наурызға арнап сойылған малдың басы мен жамбасына, ескі жылдың дәміне берілетін арнаулы бата.
«Самалық» деген не? (Самалық – самал деген мағынаны білдіреді.) Наурыз күні даланы Қызыр баба аралап , Самарқанның көк тасын ерітеді деген адамдар самалық айтады.
Самалық, самалық,
Қан тауының көк құсы
Ұйқыдан көзін ашты ма?
Самалық , самалық,
Самарқанның көк тасы
Жібіді ме, көрдің бе?
« Қабақ сындыру» дегенді қалай түсінесің?
Сүт көп , көмір аз.
Жаңа жыл жарылқа ,
Ескі жыл есірке, — деп үйдегі ескі ыдысты (қабақты ) сындырып, «қабақ сынды, қайғы кетті деп ырым жасаған .
Наурыз сөзі парсы тілінде нені білдіреді –Жаңа күн деген сөз.
Наурыз күні не себепті көрісуден басталады? (Жаңа жыл жақсылықтан басталсын. Аман-есен бір-бірімізді ендігі жылға дейін көрейік деген ырымға байланысты.
Наурыз көжені тоя ішу –қандай ұғымға байланысты қалыптасқан? ( «Жыл бойына тоқшылық болсын» деген ырымға қатысты.
Игі тілекпен әндетіп үй-үйді аралау дәстүрі қалай аталады? (Жарапазан.)
«Ұлыс күні алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деген ұғым нені білдіреді? (Реніш болған, адамдарды, ағайын, дос- жараңды татуластырту.)
Тоқым қағар – Бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылағанда өткізіледі .
Бастаңғы – Шешесі бір жаққа жолаушылап кеткенде бой жеткен қыз жасайды . Қыздың үйіне құрбы- құрдастары жиналады.
Ата – бабаларымыз амандасқанда не себепті «Мал – жан аман ба ?»деп сұрайтын. ( Малдың орны ерекше екенін ұғындырады. Кисе киім, жесе тағам, мінсе көлік – тіршіліктің көзі болғандықтан. Малды ерекше құрметтеген.
Сүйінші – Жақсы хабар жеткізетін кезде жасалатын рәсім. Немерелі болған әже сүйінші сұратып жас балалар мен келіндерін жан-жаққа жібереді.
Жиналған құрметті қауым, Наурыз мерекесіне арналған сұрақ – сайысымызды тамамдаймыз. Келесі Наурызда да төрт көз түгел уайым – қайғысыз адамдықпен кездесейік. Бас аман, бауыр бүтін болсын.