«Қостанай қаласы әкімдігінің
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№11 бөбекжай бақшасы»

«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Дайындаған: «Қуыршақ»
тобының тәрбиешісі Берік А.Б
2018-2019 оқу жылы
Ортаңғы «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізілу күні: 28.12.2018
Тәрбиеші: Берік А.Б
Білім беру саласы: Таным
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Қош келдің, Жаңа жыл»
Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл!
Мақсаты:
Тәрбиелеу: Эстетикалық тәрбие беру.
Дамыту: Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы ойла қабілетін, сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын нығайту.
Оқыту: Қыс мезгіліндегі мерекелер жайлы білімдерін кеңейту
Билингвалдық компонент: жаңа жыл- новый год- New Year, шырша-елка-tree, сыйлықтар-подарки-presents, Аяз Ата –Дед Мороз-Santa Ciaus.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Қайырлы күн деп айтамыз
Үйге бірге қайтамыз,
Отбасының гүліміз.
Көңілді өтер күніміз.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі екенін қайдан білдік?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Қыста киетін киімдерді ата?
Қыс мезгілінде қандай мерекелер болады?
Ғажайып сәт: Топқа қоян секіріп қоян кіріп келеді.(Қоянның көңіл-күйі жоқ)
Тәрбиеші: Балалар, біздің аппақ қоянымыздың көңіл-күйі жоқ екен, не себеп
Балалар: күн суық, ол тоңып қалған шығар?
Тәрбиеші: -Жоооқ, қоянның қалың тоны бар ол тоңбайды.
Қоян: Балалар, сендерден көмек сұрай келдім. Орманда жаңа жыл болайын деп жатыр, ал бізде шыршамыз жоқ,
Тәрбиеші: балалар, қоянға көмектесейік
Балалар: ия, көмектесейік.
Тәрбиеші: Олай болса, біз шырша дайындайық, мен сендерге шыршаның бөлшектерін беремін ал, сендер қоянмен бірлесе отыра шыршаны құрастырындар.
Дидактикалық ойын: «Шыршаны құрастыру»
Мақсаты: берген тапсырманы бірлесе отырып атқаруға, ізденпаздыққа, бір-бірінің айтқаның тыңдауға үйрету.
Барысы: балалар қоянмен бірлесе отырып, шыршаның бөлкеткерін құратсырып шығады.
Тәрбиеші:- Біз нені құрастырдық?
Балалар: -Шырша
Тәрбиеші: Қарандаршы біздің қоянымыздың көңіл күйі әлі көтерілмепті. Өзінен сұрап көрейік.
Қоян: бізде шырша бар, бірақ ол мерекеге дайын емес, оны безендіу керек.
Тәрбиеші: балалар, біз шыршаны безендірейік, сендер қоянға Аяз Ата туралы тақпақ айтып беріндер, менің қолымдағы ойыншықтарды шыршаға ораналастырасындар.
«Шырша безендіру » ойыны: Аяз Ата, Жаңа жыл туралы тақпақ айтып береді.
Балалар шыршаны үстіне әдемі ойыншықтар қойып, басына нені орналастырмамыз.
Жұлдызша
Ол қандай түсті
Қызыл түсті
Жұмбақ:
Тікен, тікен тік пісте
Қысы жазы бір түсті
Баллалар шыршаның түсі қандай?
Балалар шырша ағашы қыстада, жазда да түсі өзгермейтін жалғыз ағаш екен. Ол қай мезгіл болмасын сол жасыл түсін сақтайды. Ал басқа ағаштар жасыл түсін сақтай алмайды. Олар көктемде жасыл болып, күз мезгілінде не істейді?
Билингвалдық компонент: жаңа жыл- новый год- New Year шырша-елка-tree сыйлықтар-подарки-presents, Аяз Ата –Дед Мороз-Santa Ciaus, аяз- мороз-frost
Тәрбиеші: біздің қоянымыздың көңіл-күйі көтерліген сияқты, сәл демалып, сергіту сәтін жасап алайық.
Сергіту сәті:
«Кішкентай шырша»
Кішкентай шыршамыз,
Суыққа тонды
Орманан әкелдік үйге біз оны
Қарандар шыршамыз
Қандай әдемі
Қызылды, жасылды,
Орман әлемі
Моншақтар тізіліп шыршаға ілінді
Көңілді, көңілді жаңа жыл келді.
Қоян: балалар сендерге көп рахмет, сендер болмасандар бүгін біз жаңа жыл мерекесін тойлай алмас едік.
-Сау болыңдар, балалар!
Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Қандай мереке келеді?
Балалар сендер мерекеге барғыларын келе ме?
Мерекеде бізге қонаққа кімдер келеді?
Біз олардан сыйлық алу үшін не істейміз?
«Сыйқырлы сурет»
Мақсаты: балалардың тілдерін дамыту, суретке қарап әңгіме құрастыруға баулу.
Қорытынды:
Қыс мезгіліндегі мерекелерді атайықшы?
Жаңа жылда бізге қонаққа кімдер келеді?
Жаңа жыл қандай мереке?
Бүгін бізге қонаққа кім келді?
Қоянның көңіл-күйі неге болмады?